Реферат: Қазақ әдебиеті | Шағыр Айтұлы

Шағыр Айтұлы (туған-өлген. жылы белгісіз) — батыр. Орта жүз найман ішінде қаракерей руының қара қожамбет аталығынан шыққан. 17 ғасырда Алтайды жоңғар басқыншыларынан азат ету шайқастарына қатысқан. Қара қожамбет елінің жасағын басқарған қолбасшы. Жауға шапқанда өз атын ұрандап, сол себепті .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жұлын ми сұйықтығының циркуляциясы

24.02.2014, 16:06
Жұлын ми сұйықтығын зерттеу тарихы

Цереброспиральды сұйықтығын зерттеуді 2 кезеңге бөлуге болады:
1) сұйықтықты тірі адамнан және жануардан алғанға дейін;
2) Алғаннан кейін.
Бірінші кезең анатомиялық болып табылады. Ол кезде физиологиялық көзқарастар сұықтықпен тығыз байланысты жүйке жүйесінің анатомиялық қарым-қатынасына негізделген.
Бұл қорытындылар негізінен мәліметтерге жүргізілген зерттеулерге сүйген. Бұл кезеңде (ликвор) жұлын сұйықтығының анатомиясы және физиологиясы туралы көптеген құнды мәліметтер алынды. Бірінші болып ми қабаттарын қатты және жұмсақ ми қабаттарын, ми .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Қарахан ертегісі

Қарахан қырык уәзірімен бір жерге сейілге шығыпты. Сейілге шыққанда қырық уәзірдің қасында қырық кісі бар екен. Көп кісі сейілге шығып жолда келе жатқанда Қараханның қамшысы қолынан түсіп кетеді. Сол арада көп кісі бөгеліп, қырық уәзір мен қырық кісі аттан түсе қалып ханның қамшысын әпермекші болады. Тигені қамшыны әпереді. Тимегені тек ұмтылып, бәрі де ханға құрмет қылады. Сол кезде Қарахан ат үстінде тұрып ойлап:

— Апырау, бір қамшы үшін қырық уәзірім мен қырық кісі бірдей түсіп құрмет істегеніндей мен сонша қадірлімін бе, мені халық жақсы құрметтейді екен ғой, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экология | Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру

КІРІСПЕ
XXI ғасырға адамзат экологиялық қауіппен еніп отыр, яғни планетаның өмір сүруінің езіне қауіп теніп отыр. Сондықтан жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, осы жастардың алдына болашақ әлемнің экологиялық қауіпсіздігінің негізін қалау мәселесі қойылып отыр.
Қазір экологиялық білім мен тәрбие беру приоритетті маңызға ие болып отыр. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің біртүтас ұлттық жүйесі жасалуда.
Қазақ ССР-нің қоршаған ортаны қорғау туралы задына (12 белім, 63-65 бап), "Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы" заңына, "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясына", "ҚР жоғары білім беру туралы" заңдарына (3 бап) негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие бсруді дамытудың ұлттық стратегиясы жасалды /1,2, 3/.
Қазір Қазақстан Рсспубликасының экологиялық саясаты мсн экологиялық дамуындағы негізгі құжаттар - "Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жұмыс жоспары", "XI ғасырдың ұлттық күн тәртібі" және т.б. әзірленді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Когнитивті психология

Зерттеудің өзектілігі. Адам қалыбы екі нәрсе: тәні мен жанынан тұратыны белгілі. Жан адамның барлық денесінің падишасы. Адамның бар ақиқатын сол жан – дүниесінде. Жан ақиқатын тануды жаратылыс болмысын білмейінше мүмкін емес. Адамға бес қасиет беріліпті, оның тұрар жайы дене болса, ілім білімді аулаушысы жаны болады. Сондықтан денедегі бес қасиет – бес сезім жанның қақпаны. Бірі көзге көрінсе, екіншісі көзге көрінбейді. Міне, сондықтан жан көзге көрініп тұрған денеде қажеті бар. Жанның да өзіне лайық қасиеті бар. Сол қасиеттердің тұрақты жайы ми болса, сол мидағы өсі қасиеттердің әрбіріне қатысты өзіне ғана тән атқаратын іс - әрекет аамалдары бар. Адам жанындағы ақиқатты амалдарды тануы, оның жасалуы құпиясына үңілу психологтардың басты міндеттердің бірі болып саналады.
Дині, ғылыми тұрғыдан оны түсіндіруге тырысты және бірі – екіншісіне негіз болды. Осыған орай «ғылым қаншалықты дамыса, сол арқылы дині (исламның) зор хикметтері де сол дәрежеде тағы жақсы көрініс береді» деп көрсетіледі.
Адамның дүние ақиқатын толық білу жөніндегі толғаныстар қай кезеңде болмасын маңызды мәселенің бірі болды. Егеменді Қазақстанның азаматын қалыптастыруда біз «Қазақстан Республикасының, Қазақстан – 2030» дейінгі даму стратегиясынла белгіленгендей «Білім берудің жаңа ұлттық моделін әзірлеу және оны жүзеге асыра бастау» мақсаттарының (3;-19), басшылыққа ала отырып жүргізіледі.
Егеменді елімздің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда Ел басы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы үндеуі және сөйлеген сөздерінде үздік әлемдік тәжірибені дұрыс пайымдап, зерделеп оны елеміздің жағдайына бейімдеп, ұтымды да, әрі тиімді пайдалануды айтып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына қатысты. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деген. Қазақстан халқына жолдаған 2006 ж. 1 наурыздағы жолдауында: «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуы қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңілген дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемделген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз», деп көрсетеді.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда психология ғылымының қосар үлесі зор. Кез – келген ғылымның дамуы үшін сол ғылымның әлемдік даму үрдісі бағдарланып, сараланып орынды пайдалануы тиіз. Осы орайда дүниежүзілік психологиялық тұжырымдарды қарастырған мәселелерін зерделене пайдалану психологтардың басты міндеттердің бірі болып табылады. Адам жанын тануда көптеген көзқарастардың болғаны белгілі. Сана, ойлау және т.б. психикалық құбылыс туысынан беріледі немесе берілмейді деген сияқты ой- пікірлер қосарланып келіп отырды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Психология тарихы

Психология нені зерттейді? Ол қандай ғылым? деген сұрақтарды қарапайым адамдарға қойсақ, мынадай жауап алар едік: « сезім мен ойды», «адам мінезін», «адамның ішкі әлемін зерттейтін ғылым» т.б. Егер нақты терминологиясына мән бермесек, алынған жауаптарды шындыққа жанасымды деп есептеуге болады. Шын мәнінде де психология жоғарыдағы аталынғандарды және т.с.с. көптеген мәселелерді қарастырады.
Тарихтың ежелгі кезінен-ақ қоғамдық жағдайлар адамдардың бір-бірінен ерекшеліктерін айыра алуға, мінез-құлқын түсінуге мәжбүр еткен. Қай кезеңді алып қарасақ та, психология ғылымы адамдардың ішкі және сыртқы әлемімен қатар жүріп отырған. Оған мысал ретінде екі адамның бір-бірімен танысуын алайық. Мұнда бір адам мен екінші адамның бір-бірін қабылдауы, ол туралы өзіндік ойы, сөйлеуі арқылы пікір алмасуы, эмоция мен сезімі, мінезі мен адами қасиеттерінің кейбір жақтары алғашқы танысудан-ақ байқалады. Бұл жағдайды тұтасымен алғанда психикалық құбылыстардың элементтері құралады. Бір қарағанда қарапайым ғылым сияқты көрінгенімен психологияның дербес ғылым болуына қаншама ғасырлар қажет болған. Алғашында адамдар « мен кіммін?», «мені кім жаратты?», «жан дегеніміз не?», «ол қай жерде орналасқан?» секілді философиялық сұрақтардан бастаған. Бұл мәселелерді психология философиядан дербес ғылым ретінде бөлініп шыққаннан кейін тереңдете зерттей бастаған. Психология өз дамуында ұзақ жолды жүруіне қарамастан, нақты объекті мен пәнін, мақсатын қаншама рет өзгерткен.
Бірінші кезеңде психологияға жанды зерттейтін ғылым деген атау шамамен екі мың жыл бұрын берілген. Адамдардың өміріндегі түсініксіз жағдайларын жан арқылы түсіндіруге тырысқан.
Екінші кезеңде психология сана туралы ғылым деп аталынған. Оның басты себебі V ғасырдағы жаратылыстану пәнінің дамуына байланысты. Ол заманда сезіне алу, ойлау қабілеттерін ойлау процестерін санаға жатқызғандықтан, зерттеу әдісі ретінде адамның өзін-өзі бақылауы мен фактілерін жүйелеп баяндауын негізге алған.
Ал үшінші кезеңде  ғасырда пайда болған психологияны мінез-құлықты зерттейтін ғылым деп қарастырған болса,төртінші кезеңде психология объективті заңдылықтар мен психика механизмдерінің көрінуін зерттеген.
Бүгінгі таңда психология –жан құбылыстарының сыртқы және ішкі дүние заттарының әсерінен пайда болып, біртіндеп дамып, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылымға айналған. Жалпы алғанда «психология» ұғымы ортағасырдағы еуропалық- діндарлардың ықпалынан туындағанымен, оны XV ғасырда неміс ғалымы Христиан Вольф ғылымға алғаш енгізген [1,6]. Психология термині гректің екі сөзінен (psyche- жан, logos- ілім) алынған, бұл «жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінуі мынадай. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Тарих сабағында оқу картасы, карта сұлба және кескін картаны қолдану

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Адам баласының ғылыми дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының мәні зор. Дүниені , дүниедегі құбылысты, өзгерісті жан-жақты түсіну үшін өткен өмірімізді, тарих беттерінің өткен ерте кездегі кезеңдерін, ондағы құбылыстарды білуіміз керек. Тарихты оқытып білдіре отырып бала санасында дұрыс дүниетанымды қалыптастырамыз. Тарихи оқиғаларды жан-жақты дұрыс түсіну үшін әуелі ойлау, елестету, одан кейін фактілерді, оқиғаларды, жағдайларды ойша қорыту арқылы түсінік қалыптастырған жөн.Ал одан кейін сол тарихи жағдайларды білуге құмарту,терең түсінуге жағдай жасау,яғни оқушылардың қабілетін дамытуды қалыптастыру,оқушылардыөз бетінше ізденуге әкеп тіреу керек.Сонда ғана біз баланың жан-жақты дамуына әсер ете аламыз. Мұғалім жаңа сабақты оқушының санасында ой туғызып, білуге ынтасын арттырып, алдыңғы уақытта өз бетінше жұмыс орындауына негіз қалайтындай жүргізу керек. Бұл үшін тиімді формалар мен әдістерді пайдалана отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын ояту қажет. Ең бастысы, сабақты түрлендіре отырып шәкіртті қызықтыра білу, тарта білу, жаңаны көрсету, өз ойын ашық айта білуге жетелей отырып, ойланта білу керек.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Ханшатыр» мен «Бәйтерек» (ОМЖ бойынша 9-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: «Ханшатыр» мен «Бәйтерек» (ОМЖ бойынша 9-сабақ)
Оқу мақсаттары:
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді мәнерлеп, шолып (танысу мақсатында) оқу;
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтінді оқып, ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Тірек сөздерге сүйеніп, ғимараттарды сипаттап айтады.
Оқушылардың кейбірі:
Ғимараттар туралы диалог құрастырады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Асыл шөп (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы: Асыл шөп
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Оқушылар Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесін тыңдап, мәтінде көтерілген мәселені талдайды. Негізгі ойды анықтауға тырысады.
Сабақтың мақсаттары:
8.1.4.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
8.4.2.1. – сөйлеу ағымындағы интонацияны құрамдас бөліктері: әуен, әуез,тембр,қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0