Төзімділікті тек эмбрионалды кезеңде ғана емес, ересек организмде де қалыптастыруға болады. Төзімділікті қалыптастыру (немесе табиғи төзімділікті қалпына келтіру) аутоиммундық және аллергиялық ауруларды емдеуде, сондай-ақ трансплантаттың кері қайтуының алдын алу үшін өте қолайлы. .....
Баяғы заманда бір хан өтіпті. Өзін-өзі әлемдегі асқан ақыл-парасатты, ділмар адам санайды екен. Бір күні хан қалың нөкерін шұбыртып, саятқа шығуға әзірленіпті. Жан-жаққа жаршы, хабаршылар шаптырыпты. «Құрт-құмырсқаға, кішкене жәндіктерге айтыңдар, он күнге дейін індерінен шықпасын. Әйтпесе, біздің аттарымыз таптап өлтіреді!» – деген хабар таратыпты. Бұл хабарды естіген соң ұсақ жәндіктер індеріне тығылыпты. Ал құмырсқалар болса, әлгі ханды өз ауылдарына бір қондырып, сый-сыяпат көрсетпек болады. Хан қалың қолмен аңға шығады. Келе жатып, құмырсқалардың жол тосып, топтасып тұрғанын көреді.......
Көгілдір аспан аясында жасыл орманға бөленген көгілдір қала жатыр. Қала қай жағынан қарасаң да бірдей көрінген, сан қырлы гауһар тастай жалт-жұлт етеді. Керемет көрікті. Шығыс-күнгейі мен құбыласына дейін тұтаса созылған, аспанмен тілдескен ақ сәлделі таулары қандай айбарлы, сәнді десеңдерші! Кант бастары күн сәулесімен ойнап, көздің жауын алады. Бұл көшелері, көшені қуалай жүгірген арықтары әлі асфальт пен бетонға құндақталмаған соғыстан кейінгі Алматы. Бұнда әлі алты қабат, жеті қабат үйлер жоқ. Жиырма бес қабатты «Қазақстан» мейманханасы тұрғындардың қиялына да кірмеген. Сонда да қала сандықтан алып шыққан жаннат ішіктей құлпырып тұр. Сонау аспанмен тілдескен алып таулардың қойнауларынан, шатқал, арналарынан қуалай, қаланың шығысы мен батысын ала үш өзен ағады. Шығысындағыны - Кіші Алматы өзені, батысындағыларын - Көктем мен Жаман өзен деп атайды. Шығысындағы Кіші Алматы өзені сонау тау қойнауынан сарқырай шаттана күліп, тынбай ағып, қалаға жетеді де, кіре бере екіге бөлінеді. Бір қолы тасты, құмды Кіші Алматы өзенінің арнасымен төмен қарай құлайды да, судың екінші жартысы Бас арықты беттей жүйткиді. Бас арықтан әр көшенің екі жағын ала, тарам-тарам боп, қала бойын қуалай жөнеледі. Көгал көмкерген, әлі бетон кимеген бұл арықтар, нағыз бір тау етегіндегі тас бұлақтар тәрізді көбік атып секіре, сылқ-сылқ күледі. Сулары көз жасындай мөп-мөлдір, ұрттап қалсаң, тісіңді жарардай сұп-суық. Күндіз-түні сыңғырлап жатқан ағысының жылдамдығы ұшқан құсқа пара-пар бір кереметтер.
КІРІСПЕ Құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі синтаксистік категорияға жататын құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағандығы рас. Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын мәселелер мен табиғаты тылсымдау бір проблеманың шығып тұратындығында. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы пікір, тұжырымдар П.М. Мелиоранский [5], Н.И. Ильминский [6]және т.б. түркітанушылар еңбектерінде көрініс табады. Авторлардың құрмалас деп көреткен сөйлемдері бүгінгі таным тұрғысынан алғанда жай сөйлемге жататындығына қарамастан, бұл еңбектердің сөйлем табиғатын танытудағы ролін жоққа шығаруға болмайды. Түркі тілдес халықтар ғалымдары да құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеу нысаны етіп алып қарастырды. Олардың қатарында М.З. Закиевтің «Синтаксический строй татарского языка», А. Жапаровтың «Синтаксический строй киргизского языка», Н. З. Гаджиева, Б.А. Серебренниковтардың авторлығымен жарық көрген «Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Синтаксис», Г.Г. Саитбатталовтың «Синтаксис сложного предложения в башкирском языке», К. Чонбашиевтың «Сложные предложения в русском и киргизском языке», Н. Нартыевтің «Строй сложного предложения в современном туркменском языке», сондай-ақ «Грамматика хакасского языка», «Грамматика татарского языка» т. т. еңбектерді атап өтуге болады. Аталған мәселе төл ғалымдарымыздың да назарынан тыс қалмады. Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол нысаны құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н. Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір, М. Серғалиев, Б. Шалабай еңбектерінің мәні зор. Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі қазақ тілін мектепте, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытудың өзіндік қиыншылықтары бар. Оның басты себебі, біріншіден, іс жүзінде бір-бірімен сабақтас, белгілі бір жүйемен оқытылуға тиіс білім беру сатыларының бағдарламалары арасында байланыстың жоқтығы болса, екіншіден, оған сәйкес жазылатын оқулықтарда берілетін материалдардың мазмұнының арасындағы елеулі айырмашылықтар. Аталған сәйкессіздік тіл білімінің барлық салаларында да орын алатындығын мойындауымыз керек. Айталық, қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны қанша, оған қай дыбыстар жатады деген мәселеге қатысты әр автордың оқулығынан әр түрлі жауап алуға болады. Бұл жайт бағдарламалар мен оқулықтарда берілген құрмалас сөйлемнің түрлеріне де қатысты. Сондықтан оны айқындау ісі жұмыстың өзектілігін танытады. Диплом жұмысының мақсат-міндеттері Диплом жұмысының мақсаты – қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді топтастыру. Осыған орай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді: - құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихына шолу жасау; - құрмалас сөйлемдерді топтастыруда қолданылатын ұстанымдарды нақтылау; - әр ұстаным бойынша құрмаластарды жіктеу; - аталған жайттарды нақты тілдік фактілермен дәлеледеу.....
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық. Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы халқымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған....
Отырып-ап, армандаймын, қиялдаймын бір сәтке, алай қызық, талай ғажап бұл өмірден көрсек те . Туған өлкем перзентіне бал бақытын сыйлаған, Мақтанамын қасиетіңді сыйғыза алмай жер-көкке. Туған жерім, хош иісің жұпар еді, ой неткен!......
1. Ал, қанекей танысайық! (таныстыру). 1. «Өнерлі өрге жүзеді» (өнерлерін көрсету). 2. «Кім тапқыр» (сұрақ - жауап, педагогикалық ситуация). 3. Үй тапсырмасы (Ас мәзірі). 4. Сән үлгісі - 2019 (целофаннан, газеттен және т. б. заттардан тігілген көйлек).
Мақсаты: Мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту. Ұжымдық қарым - қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу. Алғаш рет оятқансың санамды, Алғаш рет ұстатқансың қаламды. Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін Түсіндірген жақсы менен жаманды. Тәрбиеші бізге білім беріп өсірген Қатемізді - әрқашанда кешірген «Өмір жолы қиын жол» деп әрдайым Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген. Анамдайсыз, менің асыл тәрбиешім, Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап, Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың. .....
Адам құқықтарын қорғау – мемлекеттің мерейлі міндеті ғана емес, саяси-әлеуметтік, қоғамдық қастерлі борышы. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабындағы 2-тармақта былайша көрініс тапқан; «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де құқықтық нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталған». Мұны тарата түссек Ата Заңның 18-бабында ол «Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар» - деген тұжырыммен айқындалар еді. Біз Ата Заңымызбен қорғалған жалпыға белгілі адам құқықтарын санамалаудан аулақпыз. Кейбір түйінді мәселелердің түпкі мәніне үңіліп, оның бүгінгі тыныс-тірлігі, алдағы көкжиек кемері туралы кемерлі де келелі ой тамызықтау ниетіндеміз. Құқықтық мемлекет құрудағы және сол тектес өмір сүрушілердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етудегі сот органдарының роліне барлық өркениетті әлемде баға жетпейді.....
«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер! Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, Сарылып сал – сері кеткен жер. Бас иіп, иіскеп топырағын, Тағзым жасамай өтпеңдер!»-деп, М.Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Ақиық ұлы ақынымыз: «Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?! Қанша қурап, қаншама көгермедің?! Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой, Асанның шерге толы өлеңдерін! Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»-деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.......
Кіріспе. ӘҚБтК өзнің материалдық және процессуалдық құқық нормаларымен сот тәртібімен де, сол сияқты соттан тысқары тәртіппен де жүзеге асырылатын әкімшілік-юрисдикциялық қызметті неғұрлым толық реттеген. Онда іс жүргізудің міндеттері айқындалған: әрбір істің мән-жәйын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау; оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал етететін себептер мен жағдайларды анықтау. /577-бап/. Сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді болдырмайтын мән-жәйларда анықталған. Төмендегі мән жәйлардың ең болмағында біреуі болған жағдайда іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс қысқартылуға жатады; әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларының және құрамының болмауы; әкімшілік жауаптылықты белгілейтін Заңның күші жойылуы; әкімшілік жауапқа тартуды мерзімінің өтуі. Аталған мән-жәйлар жеке тұлғаларға да, сол сияқты заңды тұлғаларға да қатысты. Мұның сыртында тек жеке тұлғаларға ғана қатысты іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар белгіленген. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде адамның 16 жасқа толмауы; құқыққа қарсы әрекет жасаған адамның ақыл есінің дұрыс болмауы; құқық бұзушылық осы Кодекстің 5-таруына сәйкес мән-жайлар жаслағн ретте; әкімшілік жауапқа тартылатын адам жөнінде сол факт бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы не істің қысқартылуы туралы не істің қысқартылуңы туралы судъяның, органның /лауазымды адамның/ қаулысының, сондай-ақ нақ сол факт бойынша сол ь қылмыстық іс болуы; ісі жүргізіліп отыратын адамның қайтыс болуы.....