Балабақша сабақ жоспары: Қыс

Тақырыбы: Қыс
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдері туралы әңгімелеу, қыс мезгілі жайлы білімін қалыптастыру, сөздік қорын молайту. Сұрақтарға жауап бере білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрап, толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Тіл байлықтарын молайтып, ойлау қабілеттерін арттыру. Балалардың тынымдық ұйымдастыру, құрастыру әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Технология: Ойын технологиясы, «Тәй-тәй технологиясы», Мәселелік оқыту технологиясы.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті, эксперемент көрсету.
Көрнекілігі: Қысқы суреттер, аққала, таратпа құралдар, қар.
Ұйымдастыру барысы: Тәрбиешінің іс әрекеті - Шаттық шеңбер құру.
Үлкенге де - Сіз,
Кішіге де – Сіз.
Барша жұртты құрметтеп, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтағы мәміле институты

Диплом жұмысының мақсаты – азаматтық құқықтағы мәміленің мәнiн, мазмұнын ашу, олардың жасалу тәртiбiн қарастыру, кейбiр мәміленің түрлеріне қысқаша сипаттама беру.
Диплом жұмысының мiндетi – азаматтық заңнама бойынша мәмілені құқықтық талдау, Мәміле мен шартқа қатысты сот тәжiрибесiн жинақтау, осы тақырып бойынша проблемалық мәселелердi шешуге тырысу.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Мәмiлелердi заңдастыру, құқықтық аспектiлердi қамту, азаматтық қатынасқа баға беру, заңнамаларды жетiлдiру уақыт талабы балып отыр. Мәмілелелердің құқықтық жақтарын игеру, бiлу мәмiлелердi жасау, орындау барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкiндiгiнше болдыртпау, санын азайту жағдайын қалыптастыра алу бүгінгі күннің талабы.. Мәмiлеге түсушi әрiптестердiң ара қатынасын анықтайтын заңды құжаттарды кәсiби рәсiмдеу құқықтық мәселелердi тиiмдi шешудiң кепiлi болмақ. Сондықтан тек заңгерлер емес, құқықтық мемлекет, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мәміле талаптарын білу керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Физика | Деформацияның түрлері

Физика-материя қозғалысының жалпы және қарапайым формаларын,
қасиеттерін зерттейтін ғылым.Әлемде, жер бетінде және жерден тыс нақты өмір сүретіндердің баршасын ғылымда материя деп атайды.Физикалық шамалармен тәжірибе жасау негізінде физикалық заңдар ашылады.Физикада анықталған іргелі заңдардың өзінің күрделілігі мен орнықтылығы жөнінен кез келген құбылыстарды зерттеу басталатын деректерден әлде қайда асып түседі.Табиғаттағы әр бір нәрсе материялық қозғалыста болады.Бұл қозғалыстар және сол қозғалыстардағы денелер бір біріне ұқсамайды .Оларға әсер етуші күштер де өзгеше.Ньютон механикасы сонша зор құбылыстар класын-денелер қозғалысын дұрыс сипаттаған, физика тарихында тіпті жалпы ғылымда  алғашқы тұтас, теория болды.Ньютон замандастары бұл теорияға қайран қалды.Ньютон заңдары адамға қозғалысты тек зерттеп, біліп қана қоймай, оны басқаруға да мүмкіндік береді.Бұл заңдар ешқашан да және ешбір жағдайда да бұзылмайды.Сондай-ақ қазіргі физика электрондық есептеуіш машиналарын одан әрі қарқынды дамудың, қимыл әрекет шапшаңдаудың және сенімділігін арттырудың жаңа жолдары мен әдістерін ашып отыр.
Қазақстан Республикасының білімін дамытудың Мемлекеттік жоспарын ары қарай іске асыру барысында және Қазақстанның білім жүйесінің функциясын эффективті іске асыру үшін, Қазақстаның дүние жүзінің білім кеңістігінде тианақты жоғарғы, орнында болуы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің дамыған елу елдің біріне айналу жоспарын жеделдетер деп сеніммен қараймыз.Сондай – ақ қазіргі физиканың ғылыми техникалық ревалюцияға шешуші үлес қосатынымызға да сеніміміз зор. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Презедиенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні балабақшаларда айналамен танысу сабағын оқытуда балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын тәжірибе үлескісінде еңбекті ұйымдастыру арқылы болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде көп үлесін қосуда.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Туған өлкем Қазақстанның табиғаты (2- сабақ) (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4
Сабақ тақырыбы:Туған өлкем Қазақстанның табиғаты (2- сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4.2.1 оқыған/аудио/ бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап жазу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен оқыған/аудио/ бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап жазады Көптеген оқушылар: оқыған/аудио/ бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап жазады
Кейбір оқушылар: оқыған/аудио/ бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа өздігінен жауап жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ

КІРІСПЕ
Тауарлық-материалдық қорлар –бұл шаруашылық субъектісінің өнімді өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау мақсатындағы шаруашылық қызметте пайдалану үшін сатып алатын әр түрлі шикізаттар,материалдар,отындар,энергиялар,жартылай фабрикаттар.
Тауарлық-материалдық босалқылар келесідейактивтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар,материалдар,сатып алынған жартылай және құрастырушы бұйымдар,оын,ыдыс және ыдыстық материалдар,дайын өнім, тауарлар.
Тауарлық-материалдық қорлардың ауыстырылатын және ауыстырылмайтын түрлері бар. Мысалға энергияны өндірістік қажеттілік үшін көмірді, ағашты,жел, атом энергиясын пайдалану арқылы өндіруге болады. Ал, таза сары майды өндіру үшін тек сүт қолданылады. Бұл ауыстырылмайтын қорларға жатады.
Материалдық қорлардың негізгі және көмекші деген екі түрі болады:
Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Химия | Металдардың сипаттамасы және жіктелуі

Осы кезге дейін белгілі болып отырған 105 химиялық элементтердің 80-нен астамы металлдарға жатады.
Д.И.Менделевтің периодтық системасында орналасқан барлық S-элементтері
(І және ІІ негізгі топшалар),барлық
-элементтері үшін (ІІІ-VІІІ) қосымша топшалар, барлық
f-элементтер латиондар мен актионидтар мысалдар,
р-элементтері ІІІ-VІІІ негізгі топшаларында орналасқан.
Бұл топшалардың жоғарғы жағында бейметалдар, ал төменгі жағында металдар орналасқан. Егер бордан астатқа дейін түзу сызық жүргізсе ІІІ-VІІІ негізгі топшалардың р-бейметалдардың шамамен сызықтық жоғарғы жағына, ал төменгі жағына металдар орналасқан, олардың бейметалдық қасиеттері бар. “Металл” деген атау металл элементі үшін де, олардың қасиеттерін көрсететін металл жай заттары үшін де қолданылады, ал техникада бұл атау металл жай заты үшін ғана емес, сонымен қатар металдардың қасиеттерін көрсететін барлық металдарға құймаларға да қолданылады.
Металдардың және олардың қосылыстарының қасиеттері периодтық системадағы олар орналасқан топшалар бойынша қарастырылады. Металдардың ішкі құрылысы мен физикалық қасиеттері: металл жай заттарының өздеріне тән жалпы қасиеттері болады. Оларға металлдардың соғылғыштығы, созылғыштығы, электр тоғын, жылуды жақсы жақсы өткізгіштігі жатады.
Металдардың мұндай жалпы қасиеттері олардың ішкі құрылысына байланысты болады. Металл кристалында атомдар, иондар және бос электрондар болатыны дәлелденіп отырады.
Атомдар мен иондар кристалда белгілі бір тәртіппен орналасып осы металға тән металдық кристалдық тор түзеді. Металдардың кристалдық торының түйіндерінде металл атомдары мен иондары орналасады, ал олардың арасымен бос электрондар “электрон газы” қозғалып жүреді. Кристалдық торда металл иондары тығыз орналасқан. Әрбір ионды 8-ден 12-ге дейін басқа иондар қоршайды.. техникалық маңызы бар металдардың кристалдық торлары мынадый негізгі 3 топқа бөлінеді:
1. Қырлары орталықтанған куб. Бұған Al, Pb, Ni, Ag, Au, Ca, Pb, Pt, Rh, Th металдарының кристалдық торлары жатады.
2. Кристалдық торлары көлемі орталықтанған куб болатын металдарға Li, Na, Cs, V, Mo, W, Ba, Ta, Fe жатады.
3. Гексогональді кристалдық торлары мына металдарға тән: Be, Cd, Ti, TI, Zn, Hg, Os, Rh.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Мұраттың бастауы» Ыбырай Алтынсарин (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Шығарманы мазмұндау «Мұраттың бастауы» Ыбырай Алтынсарин
Оқу мақсаттары: 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді
Көптеген оқушылар: жоспар мен сұрақтар құрастыруда мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін қолдана алады.
Кейбір оқушылар: мазмұндау барысында жоспардан тыс өз ойын жеткізе алады, ашық сұрақтар құрастыра алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Зерттеу нәтижелерін ұсынудың академиялық формалары (9 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Литосфера
Сабақтың тақырыбы: Зерттеу нәтижелерін ұсынудың академиялық формалары
Оқу мақсаттары: 9.1.1.5 зерттеу нәтижелерін түрлі академиялық формада ұсынады
Сабақтың мақсаттары: Географиялық ақпаратты графикалық түрде көрсетеді;
Мәтіндік ақпаратты графикалық түрде ұсына алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Айқын Төлепберген (1982 жылы 10 ақпан)

Айқын Төлепберген 1982 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Оның музыкалық білімі жоқ, Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «баспагер-инженер» мамандығы бойынша бітірген.
Айқын алғаш тыңдарманға «Superstar kz» жобасы арқылы танылды. Әнші бұл жобаға қатыспай тұрғанда, Алматыдағы мейрамханаларда ән салған. Ал, «Суперстарға» ол досының кеңесімен қатысқан. Сондай-ақ, оның жобаға баруына қазылар алқасының құрамында танымал әнші Батырхан Шүкеновтің болғандығы да қатты әсер етіпті.
Айқынды «Superstar kz» жобасынан шыққан әншілердің ішінде сахнада жарқырай көрініп жүрген әртіс деуге болады. Өйткені, ол бүгінге дейін өзінің аудиториясын тауып үлгерді. Айқынның тыңдармандарының арасында кішкентай бүлдіршіннен егде қартқа дейін бар. Эстрадаға келген он жылдан астам уақыт ішінде «Асылым», «Ерке қыз», «Пах, пах!», «Жалаң аяқ қыз», «Үмітің үзілмесін!», «Жалғыз сен», «Корабли» және тағы басқа хит әндерді жарыққа шығарды. Әншінің бұл жетістіктерге жетуіне оның бойындағы талантын тани білген алғашқы продюсері Ерік Тастамбеков те үлкен үлес қосты....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0