Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім Сабақтың тақырыбы: «Алып Ер Тұңға» жыры 2 сабақ Сабақ мақсаты: Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту....
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының .....
Алтай Халифа (1917 – 2003) – 18 желтоқсанда Шығыс Түркістанда туған. Дін және қоғам қайраткері, жазушы. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1933 — 1938 ж. Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған.[1] 1940 ж. Алтай Халифа және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтады.[2] Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкстанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған. 1951 ж. Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды. 1953 — 1954 ж. Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды. 1991 ж. Қазақстанға біржолата көшіп келді. Ислам дінін уағыздап, діни .....
Бұрынғы уақытта дәулеті асқан, судай тасқан, көңілі жай, төрт түлікке сай бір бай болыпты. Ол байдың Төрткөз, Мойнақ деген екі төбеті бар екен. Бір күні түс мезгілінде екі төбет өз қызығы өзіне, өз тұрмысы өзіне болып, тамағы тоқ, күн шуақта, үйдің есігінің алдында, бір-біріне қарама-қарсы жатып, өзара әңгімеге кірісіпті. Бұлар жақсылық пен жамандық жөнінде сөйлесіп, өз әлдерінше олардың қандай болатындықтарын тексеріп, оны бітірместен жомарттық жөнінде сөйлесіп, оны бітірместен сараңдық жөнінде сөз қозғап, бірінің басын, бірінің аяғын шатып, ақырында ырылдасып, ақыры әңгіме арнасы араздық пен татулыққа түседі.......
Тау тұлғалы, шынар болмыс заңғарлар Деді ме ұлтқа баба жолын жалғаңдар. Олар еңбек ортасында шынығып, Сын сағаттың жауынгері болғандар.
(«Әкелерге арнау» өлеңінен)
1998 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетіне осы өлеңді анам Күлжәмиланың рухына арнаймын деген арнаумен «Ана туралы баллада» деген өлеңім жарық көрсе, 2001 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетінде осы өлеңді әкем Қолғанаттың рухына арнаймын деген арнаумен ел аузында айтылып жүрген әңгімені негіз етіп алынған осы «Перзент парызы» өлеңі де жарық көрген еді. Тағы да сол арнаумен ұсынылады.
Барлық игіліктердің ең ұлысы – тәуелсіздік. У.Годвин
Тәуелсіздік деген тәтті сөз емес. Ол – алаш деп түнемесі дөңбекшіген бабаларымыздың, ағаларымыздың әлде өкініштен, әлде өзекті өртеген намыстан былайғы жақын-жұрағатына көрсетпей, бармағын тістелеп отырып жанарына үйірген көз жасы. Ертеңіміз, елдігіміз не болады деген ұлы уайымы. Қазақ келешекте бодан болып жер бетінен мүлде жойылып кете ме, әлде іргелі елге айналып, көшін түзеп кете ала ма деген жүрекжарды сауалы.......
Қазіргі кезде есептеу процедуралары мен принциптерін стандарттауды Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарты мен Қаржылық есептіліктің Халықаралық Стандартын – БЕХС және ҚЕХС (International Accounting Standards, IAS and International Financional Reporting Standards) жасайтын және жариялайтын қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бойынша Комитет жүргізеді. Қазіргі кезде көптеген елдердегі компаниялар есепті жүргізу үшін ҚЕХС қолданады. Соңғы жылдары Қазақстан республикасы Үкіметінің Қаржылық есептіліктің халықаралық Стандартына өту бойынша әрекеті айтарлықтай белсенді жүргізілуде. Үкімет тарапынан бұл бағытта алғашқы қадам 2003 жылы жасалды, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2003 жылы 15 мамырда №88-Р өкіметтік “2003-2005 жылдарға Қазақстан Республикасында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына өту бойынша шаралар жоспарын” бекіту туралы өкім шығарды. Жоспарда қаржылық қорытынды есептің халықаралық стандартына өтудің келесі мақсаттары мен міндеттері құрылды: “бугалтерлік есептің жүйесін реформалау мақсаты – бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесін нарықтық экономика мен халықаралық стандарттар талаптарымен сәйкестендіру. Реформа міндеті келесіден тұрады: пайдаланушыларды, соның ішінде инвесторларды, пайдалы ақпараттармен қамтамасыз ету; Қазақстандағы бухгалтерлік есеп реформаларының халықаралық деңгейдегі стандарттардың негізгі үндесу тенденцияларымен үйлестіруді қамтамасыз ету; бухгалтерлік есептің үлгілерін түсіну мен ендіруде ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету”. Бухгалтерлік есеп стандарттары және қаржылық есептілікті құрудың ....
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мектеп міндеті - әр оқушыға терең білім беру. Сонымен бірге, окушының ойлау кабілетін арттыру. Болашақ ұрпаққа саналы біліммен сапалы тәрбие беруде, оқушылардың материалдарды саналы түрде түсініп есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекіліктің мәні зор екенін дәлелдеп көрсетеді. Кернекілік окушылардың материалды тез саналы түрде түсінуін қамтамасыз етумен бірге, ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін практика жүзінде көрсету. - Көрнекілік - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланады. Оқушылар заттарды көзімен көрумен қатар, қолымен ұстап, түр-түсін байқап, өзінің қажетіне жаратады. Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге болмайтын жағдайда да көрнекіліктер қолданылады. Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады. Көрнекілік бақылауға, білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады. Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін бас және қосалқы бөлшектерін, соңында тағы да бүтіндей көрсетуге болады. Көрнекілікті сабақта ұстаз немесе оқушылардың өздері жасасада болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дидактиканың негізгі ұстанымдарының бірі – көрнекілік екенін, көрнекіліктердің білім сапасына тигізер әсерінің мол екені дәлелдеу. Көрнекіліктің оқу процесіндегі мақсаты байқағыштыққа логикалық түйіндікке және өзінің көргендерін сезбей дұрыс жеткізуге, бұлардан логикалық қорытынды шығаруға жаттықтыру екенін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:1. Көрнекіліктің оқу процесінде атқаратын қызметін көрсету. 2. Дидактиканың негізгі ұстанымдарының бірі - көрнекілік екенін практикада дәлелдеп көрсету. ....
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: «Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ», – деді. Феодалдық дәуірде Н.Макиавелли, Ж.Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.....