Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектеп оқушыларына сөз таптары туралы ұғым беру

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Дос болайық бәріміз

Тақырыбы: Дос болайық бәріміз.
Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Әңгіме, жағдаяттарды талдау. Шығармашылық жұмыс. Ертегіні сахналау.
Көрнекілігі: Слайд, стикерлер, журекше, гул бейнелері, қайшы түрлі түсті қарындаштар.
Қос тілділік: Дос - друг. Достық - Дружба.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
Мотивациялық қозғаушы
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн. Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Дос болайық бәріміз» атты ашық оқу іс әрекетінің «Шаттық шеңберіне» шақырамын. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жеті қазынаның бірі

ІІ. Сабақтың мақсаты: Балаларды жеті санының киелі екенін, мысалдар арқылы, жеті суреті бойынша ажырату. Жеті қазынаны атауға, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға, айтылған ертегі бойынша анық сұраққа жауап беруге дағдыландыру, ертегі арқылы анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету. Қазақ халқының салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын қастерлеп, дәріптеуге тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың әдіс - тәсілдері: сөздік, көрнекілік,, әңгімелеу, сахналау.
ІҮ. Көрнекі - құралдар: Жеті қазынаның суреті, ойыншықтар, цифрлар
Ү. Сөздік жұмыс: берен мылтық, тазы ит, жүйрік ат т. б.
Мектепалды даярлық сыныбындағы ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Іс - әрекет кезеңдері
Мотивациялық қозғаушы
Тосын сый сәті .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Философия | Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары.

Кіріспе
Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор.
Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көлік – идеяны түсіну №3 (1 сынып, 5 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақтың тақырыбы:Көлік – идеяны түсіну №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2 Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну.
1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.
2.4 Диалогке қатысу.
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Дыбыстар мен сөздерді мұғалімнің көмегімен дұрыс айтады. Мұғалімнің көмегімен мәселені түсінгенін көрсетеді.
Көбі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және түсіндіріп береді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады. Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Кейбірі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және сөйлем құрастыра алады. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады және мысалдар келтіре алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Тест құру теориясы мен әдістемесі

Кіріспе
Соңғы жылдарда біздің елімізде жоғары оқу орындарында, мектептерде студенттердің және оқушылардың білім деңгейін тексеріп, бақылауда кеңінен таралып жүрген әдіс -тест әдісі.Бұл әдістің басқа бақылау әдістөрінен артықшылығы мынада: негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестегі әрбір жауапты бір бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау процесі жүреді де, оқушының ойлау қабылетінің дамуына мүмкіндік туғызады.
Тест (байқау, тексеру) - оқушының білімін, біліктілігін және дағдысын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы. Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрде өңдеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз. Тестілеуде компьютерді қолдану біріншіден, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, екіншіден тексеру нәтижесі неғұрлым объективті болып, оқушылардың материалды игеруі және білім дәрежесін талдауға мүмкіндік береді, қызметтік жаңалығына байланысты оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды және олардың өзін-өзі бақылауын қамтамассыз ету мақсатында қолданылады .Қазіргі кездегі компьютерлер бұл салада өте жоғарғы мүмкіндіктерге ие болды, бірақ әлі де программалық базаның әлсіздігі сақталып отыр. Сондықтан да компьютерді программамен қамтамасыз ету саласында тестік программа құруға мүмкіндік беретін программаға сұраныс пайда болды. Бір жағынан жаппай компьютерлендіру негізінде тестілеу программасына үлкен сұраныстың болуы, екінші жағынан, тестер (тестілеу прграммасы) құру технологиясының айтарлықтай дамымауы қазіргі кезде білімді тексерудің әмбебап жүйесін құруды ең өзекті мәселеге айналдырып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхат туралы әңгіме жазу (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Саяхат туралы әңгіме жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтеме)1.2.3.1 мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау
Сабақ мақсаттары: Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратуды үйренеміз.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (2-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) О6.Оқылым стратегияларын қолдану
6.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.
6.4.3.1. неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
Сабақтың мақсаттары: Оқылым стратегияларын қолданады: комментарий жасайды, іріктеп оқиды.
Мәтіннен термин сөздерді ажырата алады, орынды қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Биогенді d элементтердің ағзадағы биологиялық ролі

d – элементтер периодтық жүйенің барлық қосымша топшаларында орналасқан. d элементтерді металдарға жатқызады, өйткені олар жоғары электр және жылуөткізгіштік көрсетеді және металдық жылтыры болады. Металдық байланысы өте берік болады. Сыртқы электрондық құрылыстары мынадай структураға сәйкес келеді.
(n-1) da nsb a = 1-10
b = 1-2
Атом құрылысы тұрғысынан алғандағы, бұл элементтерге тән сипат, ол ондағы элементтердің ядро заряды артқан сайын сыртындағы s және p деңгейшелер емес, ішкі екінші d деңгейіне тола бастайды. Демек, олардың сыртқы деңгейшесі өзгеріссіз қалады, яғни онда 1 немесе 2 электрон болса, онда олар өзгеріссіз. Олай болса, d элементтердің валентті электрондары сыртқы және сыртынан есептегенде ішкі екінші деңгейше болады екен. Мысалы Sc – скандий 4s13d 1, итрий 5s2∙4d1.
Оларға тән мұндай жалпы атом құрылымына орай, кейбір бірдей химиялық қасиеттер де болады.
d қатарындағы барлық элементтер металдар және олар өзінің жоғарғы беріктілігімен, жылу және электр өткізгіштігімен сипатталынады. Олар өзара және басқа металдармен құйма түзеді.
d элемент қосымша топшаларда орналасқан. Қосымша топшалар негізгі топшаларға қарағанда қысқарақ, себебі олардың бірінші элементі IV периодтан басталады. d элементтер ІV, V, VІ периодтарда s пен p элементтерінің арасына кіретін 3 декададан тұрады.
d элементтерге жатады:
IV периодта Sc – Ti, V, Cr, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn;
V периодта Y – Zr, Nb, Mo, Tc, Ru, Rr, Pd, Ag, Cd;
Vi периодта La, Hb, Ta, W, Re, Os, Ir, Pt, Au, Hg. ....
Рефераттар
Толық
0 0