Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – Қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.......
Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан – 2030" жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын [1]. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында: Қазақстан Республика Ата заңы, "Білім туралы" Заңында, "Білім" атты мемлекеттік бағдарламада жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша белсенді іс-шаралардың қажеттігі мен мемлекеттік маңызды басымдылық ретінде көрсетілетіндігі жайдан емес. Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады. Ал Г.С.Акиева, Г.Д.Алимжанова, А.В.Ахаев, Е.Д.Даленов, А.С.Иманғалиев, Ж.О.Жилбаев, т.б. бұл мәселені тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сәттілігіне байланысты қарастырады [2-5].....
Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады. Жалпы бұл диплом жұмысының мақсаты – салық жүйесінің теориялық аспектілері мен салық жүйесінің жағдайына талдау негізінде салық жүйесіндегі проблемаларды анықтау және оларды шешуге бағыттылған оңтайлы шараларды ұсыну. Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шешімін табуы тиіс: - Салық және салық жүйесінің түсінігі мен оның экономикалық мәнін қарастыру; - салық жүйесінің принциптеріне сипаттама беру; - салық салу функцияларын ашып көрсету; - салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі; - салық жүйесінің реформаларына талдау жасау; - Атырау облысы бойынша салық түсіміне талдау жасау; - мемлекеттік бюждетті қалыптастырудағы салықтардың рөлін анықтау; - салық жүйесінің өзекті проблемаларын қарастыру. Берілген диплом жұмысын жазудағы мақсат – салық жүйесінің жағдайын талдау мен салық жүйесін проблемалары және оны шешу жолдары танып білу, олардың нарықтық экономикада алатын орнын анықтау болып табылады.....
Оқу процесіндегі дидактиканың мәні. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті - оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту - оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып-үйренуді ұсынылған білімдерді игеруге бағытталған оқушылар іс-әрекетін танытады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару: 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік. Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактикада аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу: қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса - қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқу қажет деген мәселелерді қарқыңды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқы үйрену, оқу білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдісте құрал-жабдықтары, нәтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе және оның технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика - бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым. Дидактика өз пәні аймағында іске қосылатын заңдылықтарі зерттейді, оқу процесінің барысы мен нәтижесіне негіз болар тәуелдіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің оры дамуын қамтамасыз етуші әдістер, ұйымдастыру формаларымен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика және болжастыру); 2) практикалық (қалыпты іс-әрекет, құралдар дайындау). ....
Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз. Алайда, осы баға жетпес байлығымыз «Тәуелсіздігіміздің» құнын кейінгі ұрпақ қалай бағалайды? Компьютер, интернет тәрбиелеген «Жаңа заман адамы» Әнұранымыздың сөзін ұмытып, өз тілін жатсынып жатса, жұдырықтай жүрегім кеудеме сыймай кетеді. Алайда, арамызда ар мәселесін төменге ысырып, асқақ абыройын аяқасты ететіндер де осы қоғамнан табылады. Мен көпке топырақ шашпаймын. Тек осы шығармамды оқыған оқырманға ой салсам болғаны.......
Кіріспе Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның әлеуметтік рөлі, бәрінен бұрын, еңбек бостандығын, түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру және қолдану өрісіндегі негізге алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялаған Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабымен анықталады. Әлемдік практикада еңбек шарты еңбек бостандығын жүзеге асырудың жалпы мойындалған және ең жақсы заңдық формасы болып табылады, оның шеңберінде, бір жағынан - әркімге өзінің деген ынтасымен қабілетін жүзеге асыруына, екінші жағынан – жұмыс берушінің өз өндірісінің сипаты мен ерекшеліктеріне сәйкес өзінің жұмысшы күніне деген сұранышын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Құқықтық мемлекет жағдайында еңбек қатынастарындағы заңдылықты, құқықтық тәртіптілікті және еңбек құқықтары мен азаматтардың міндеттерін құқық қағидаларына сүйене отырып, дамыту керек. Себебі, құқықтық мемлекет деген түсініктің өзі еңбек қатынастарында азаматтарға мейлінше құқықтар мен бостандықтар беруге итермелейді. Бұл аталған құқықтар мен бостандықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты көрсетілген. Осы Конституцияның 24-бабына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат Сабақ тақырыбы: Тірі ағзаларды зерттейміз Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.6.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/теріп оқу. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек: • Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды. Оқушылардың көбі жасай алады: • Берілген ақпаратты оқып, мазмұнын айтады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Ауыз әдебиеттің жанрын анықтайды......
Кіріспе Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта, ауыл шаруашылығында, үй тұрмысында, тағы да басқа халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады. Осы курстың негізгі бір міндеті, ол құбылыстарды токтар, кернеулер, қуаттар, магнит ағындары т.б. түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Сондай – ақ тағы бір атқаратын міндеті, ол әрбір құбылыстарды электр кернеулігі, магнит өрісінің индукциясы, қуат ағындары, т.б. түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Осы міндеттердің біріншісі тізбектерді есептеу мен зерттеуге, ал екіншісі электр магниті өрістерін есептеуге, зерттеуге арналған. Электр техникасының өсіп-дамуы электр магниті құбылыстарын жете зерттеуді, оқып білуді, практика жүзінде пайдалануды керек етеді. Осы зор еңбекте, ізденуде, көптеген жаңалықтарды ашуда орыс инженерлерінің, ғалымдарының қосқан үлесі аз емес. Олар шет елдердің көрнекті ғалымдарымен бірлесе отырып электр техникасының маңызды салаларының бастамасына жол ашты. Осы бастаманы бастағандардың бірі – М.В.Ломоносов. Ол атмосфера электрі атты теориясын құрды. Электр және магнит тізбектерін шешудегі теориялық мәселелері мен қатар практикалық электр техникасында электр магниттік өрістерді есептеу жайындағы мәселелері де алдыға қойды. Электр машинасының тетіктерін және электр магниттік аппараттарды құрастыру үшін магнит өрістерін есептеу қажет болды. Ток өткізгіштерін тұрғылықты түрде изоляциялау үшін оқшаулаушы материалдарды табу керек болды және электр өрісін есептеу мақсаты да алдыға қойылды.....
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаның әсерімен таныстыру. Күз мезгілінің байлығын, жомарттығын іс - әрекет іздену арқылы шығармашылығын дамыту, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, табиғатқа байланысты халық болжамдарын сөз қорына енгізіп, табиғаттың жағымды, жағымсыз пайдалы, зиянды кезеңдерін сипаттау. Баланың ойын жеткізуге мүмкіншілік жасау. Балаларды табиғатты қорғауға, күтіп – баптауға тәрбиелеу. Керекті құралдар: Жапырақтар, жеміс ағашы, слайд арқылы балалардың даладағы бақылау кезіндегі іс - әрекетінің суреттерін көрсету. Күн, бұлт, торғайлар, шегірткелер. Қолданылатын технология: ТРИЗ технологиясының элементтерін қолдану. Әдістері: ой қозғау, сұрақ – жауап, әңгімелесу, қайталау, жұмбақтар жасыру, сахналау. Балалар шаттық шеңбер құрып келген қонақтармен бір - бірімен амандасу.
Армысың, қайырымды Аспан ата, Армысың мейірімді Жер ана Армысың алтын күн! Қайырлы таң, қайырлы күн Армысың достарым Армысың қонақтар Музыкамен жел кіреді. Жапырақ шашып, шығып кетеді.
Ой жаттығуы: - Балалар қай уақытта жел тұрғанда жапырақтар ұшады, төгіледі. Шашылған жапырақтың құпиясын ашу. Әр жапырақта көрсетілген суреттен тапсырмаларды жұмбақтап айту. - Ол жәндік - Табиғатқа зиянын келтіреді - Өзіне тән ерекше дыбысы бар - Ұшады, әрі секіреді ол не? (Шегіртке) .....
Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихи мағлұмат. Біз қайсыбір медициналық жетістіктерді ғылыми тұрғыдан және оның тарихын зерттегенде біздің дәуірімізге дейінгі VI — V ғасыр арасында өмір сүрген грек ғалымы Гиппократтан бастаймыз. Деректерге қарағанда, Гиппократ бауыр аурулары түрлерін, әсіресе сары ауру мен бауыр шеменін осы бауырдың қызметінің нашарлауына байланысты пайда болатынын байқан білген. Біздің жаңа жыл санауымыздың II ғасырымызда өмір сүрген римдік ғалым Клавдий Гален тарихта тұңғыш рет адам мен жануарлардың бауыр құрылымын зерттеп, жазған. Сонымен қатар бірінші рет ғылыми жолмен өттің бауырдан шығатынын және адамның сарғаюы осы өт жолдарының қабынуына байланысты екенін дәлелдеген де осы Гален болған. XV ғасырда өмір сүрген Италия ғалымы Леонардо да Винчи бауыр анатомиясын зерттей келе тарихта бірінші рет бауыр шеменін көзбен көріп, оның ерекшеліктерін жазған. Кейін бсы елдің ғалымы Андреас Везалий бауырдың қан тамырлары мен өт жолдары гуралы жаза келіп. бауыр шеменінің арақ — шарап ішуге, маскүнемдікке тікелей байланысты екенін дәлелдеп берген. XVII ғасырда өмір сүрген ағылшынның белгілі ғалым — дәрігері ("екінші Гиппократ") Томас Сиденгам сары аурудың жукпалы екенін алғаш рет дәлелдеп жазған. XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің белгілі ғалым-терапевті С.П.Боткин осы бауыр қабынуының жұқпалы қатаң түрі кейін оның созылмалы түріне айналуы мүмкін екенін болжаған болатын. Оның қызметіне кейін жұқпалы сары ауруды, яғни бауырдың жұқпалы вирустармен қабынуын "Боткин ауруы" деп атайтын болды. ....