Реферат: Қазақ әдебиеті | Алтай Ебескіұлы

Алтай Ебескіұлы (18 ғ.) - батыр. Қазақстанның батысын, әсіресе, Атырау, Жем, Ойыл бойларын қалмақтардан қорғау соғыстарына белсене қатысқан. Кіші жүздің Кете руынан. Шешесі - Қарлығаш. Қарақыпшақ Қобыландының ержүрек сарбаздарының бірі - Әлмәмбет батырдың немересі. 1731 ж. қалмақтардың қолына түсіп, екі-үш жылдан соң тұтқын алмасу нәтижесінде босаған. 1738 ж. Құм өзенінің жағасын жайлаған қалмақ ханы Дондукқа қарсы Әбілқайыр хан бастаған жорыққа қатысқан. Бөгенбай батыр екеуі 2 мың кісілік қолды бастап .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі

Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Көйлек мәселесі


Күздің бұлыңғырлау бір күні, таңертеңгі мезгіл. Трамвай іші халыққа толы. Жанар кондуктордың тап қасындағы орындықта терезе түбінде ештеңеге көңіл аудармай, ойға шомып отыр.

Оның ұзын қайқыш кірпіктеріне ұялаған, күн шығар алдындағы орман үстіндегі бозғыл тұман секілді бір селдір көлеңке бар. Ол түнде ұзақ қадалып отырғандықтан ұйқы қанбағандықтың табы.

Трамвай, әдеттегіше, қоңырауын шылдырлатып кеп тоқтай қалды. Жұмысқа асыққан жұрт жабырласып тез мініп жатты. Тап осы кезде есік алдынан бір әйелдің шіңкілдей шыққан ашы даусы Жанардың тұнған ойының шырқын бұзып жіберді де, жалт бұрылып қарады. Бажылдап тұрған түбіт шәлі салған, шұбалаң қызғылт пальто киген, аяғында қонышына тірі ұстаған қызыл күрең туфлиі, қолында сол тұста былғары сумкасы бар сұңғақ бойлы, шегір сары келіншек еді. Жанар оны тани кетті. «Кербез ғой мынау, әкем - ау, қайдан жүр?!

Кербез бір аяғын трамвай баспалдағына салған күйде артына жалт бұрылды, жұртты бөгеп, қып – қызыл, қаймақтай жұқа еріндері жып-жып етіп шапылдап тұр.

— Сендер маған жоя көрсетпеңдер. Мінемін мінбеймін бе, өз еркім. Немене бәрің жабылып шу – шу етесіңдер. Алдағылар арырақ өтсін.

— Ішке кіріп сөйлеңіз, азаматша.

— Мінгіңіз келмесе, өзгеге жол беріңіз.

Жүретінін білдіріп, трамвай қоңырауын тағы шылдырлатты. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУ

Ақша ағымы – қаржылық жыл ішінде банктің табатын және
төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырмасы болып табылады.
Ақшалай ағымның бағалануы көрінісі ең қолайлы және тиімді анализдік инвестициялық проектте жүреді. Көптеген ақшалай ағымдары 2 элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шыққан шығындармен байланысты. Алдыңғы болжанған болжаммен бағаның көбінесе басқа мамандықпен сонымен қатар маркетингпен бухгалтерлер, кәсіпкерлермен, шығарушылар. Ең басты қаржылық процесте көрсетіледі:
Ақшалай ағымдар және бухгалтерлік есеп. Басқадай қате көздерге байланысты бұл бухгалтерлік есепті әр түрлі біріктірулер және кірістер, ал олар көбінесе бір келісімде болмайды, қорытындыға келу үшін ақша ағымы қажет.
Кіріс кірген кезде шығынды санамайды капиталдың кіріс арқылы олардың ақшалай қосылғандығын керісінше амортизациялық санау жүйесі жүреді, ақшалай ағымға тиіспейді Осы айтылғандар курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсатына мыналар жатады:
- түсімдеріне өнімдерді өткізуден алынған түсім тауарлы – материалдық қорларды жеткізуден және қызмет көрсетуден түскен авнстар: түрлі сипатта сыйақы төленген дивиденттер мен рояльтилердің проценттері басқа да және өткізуден тыс табыстар басқа түсімдер.
- жұмсалуына жатады өндірістік шығындары; тауарлы – материалдық қорларды жеткізуге жұмыстарды орындауға және көрсетілген қызметтерге берілген аванстар, материалдармен тауарлар үшін жеткізушілермен мердігерлерге төлемдер, жалақы бойынша төлемдер мен басқа да төлемдер, бюджетпен әлеуметтік сақтандыру органдармен бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу проценттерді төлеу басқа да төлемдер.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы

Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері - вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы "вексель жәрмеңкелері" мен басқа да Орта ғасырлык Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың кұрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатынастар қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлтгық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекетгік-құқыктық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттык жүйе пайда болды. Ұйымдық-зандық тұрғысынан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің акша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Таң күн кеш түн

Шағын орталық тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Таң, күн, кеш, түн
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: ҚМҰҚ
Мақсаты: Тәулік бөліктеріне түсінік беру. 2 - 3 сандарын салыстыру, теңдік – теңсіздік таныс заттарды пішіні бойынша салыстыруды үйрету. (үлкен, азырақ, аз) Геометриялық пішіндер туралы (текше, шар, үшбұрыш) білімдерін бекіту.

Дәлелдеу - ояту
Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері жасалды
Өткен сабақта
Өзіне қатысты кеңістікте жаттығу.
Қазір қыстың нешінші айы?.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Сиқырлы гүлдер еліне саяхат

Мақсаты: а) білімділік: Өз ойларын айта білуге, алған білімдерін іске асыруға үйрету. Математикалық білімдерін кеңейту;
ә) дамытушылық: Логикалық ойын дамыту;
б) тәрбиелік: Достыққа, татулыққа және бір - біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
- Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін бастамас бұрын, кәне бәріміз бір - біреуімізбен амандасып алайық.
Шаттық шеңбер.
Қайырла таң!
Балалар шаттық шеңберін хормен, қиымлдар арқылы жасайды.
Саламатсыңдар ма, алақандарым –
Хлоп, хлоп, хлоп.
Саламатсыңдар ма, аяқтарым –.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Бектауата маңындағы арша өсімдігі

Арша өсімдігі тұрмыста қолданылған мен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда дайындалатын өсімдік - дәрілердің отандық кәсiпорындарда тек 20 тоннадайы ғана өңделеді. Бұл жалпы жиналған дәрілік шөп мөлшерiнiң 3 пайызынан да аз болып отыр. Қалғандары жартылай өңделген немесе өңделмеген түрде экспортқа шығарылыпты. Сондай - ақ 1980 жылдан бері қарайғы біраз уақытта жыл сайын 30 тоннаға дейiн әртүрлi дәрiлiк шөп пен таушымылдық тамырлары тұнба жасау үшiн Батуми зауытына жөнелтiлген. Нәтижесiнде республика экономикалық шығын тартады, өйткенi шеттен өңделіп келген дайын дәрi - дәрмектiң құны бастапқы өсiмдiк шикiзатынан 7 - 10 есе қымбаттап елге импорт ретінде қайта келеді. Ал бұрынғы қазақтың халық емшілері адыраспан, тамыр дәрі, күшәлә, жусан, қарандыз, шайқурай, у қорғасын, арша секілді көптеген шөптерден жұртшылыққа керекті дәрілерді өздері қолдан жасайтын болғаны белгілі. Бұны да жаңғыртып, бүгінгі медицинамен байланыстыра отырып, кеңінен пайдалануға болатын дүние.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Реферат: Физика | Жердегі күн радиациясы

Жер күн сәулелері тасқыны астында айналып тұрады. Оған күннің шығарған бүкіл сәулесінің екі миллиардтан бір бөлігі ғана келгенімен, мұның өз жылына 1,36*10 кал. құрайды.
Күн энергиясының осындай мөлшерімен салыстырғанда Жер бетіне келетін басқа энергияның барлық кірісі өте мардымсыз. Мәселен, жұлдыздардың сәулелік энергиясы келетін күн энергиясының жүз миллионнан бірін, космостық сәуле шашу-екі миллиадтан бірін құрайды. Жердің ішкі жылуы оның бет жағында күн жылуының мыңнан бір үлесіне тең.
Жыл ішінде Жердегі Күнге дейінгі қашықтықтың өзгеруіне сәйкес күн тұрақтылығы ауытқып тұрады: ол январьдің басына қарай көбейіп, июльдің басына қарай азаяды. Күн тұрақтылығының жылдық +3,5% ауытқуы құрайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үлгілі мектептер (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі
Сабақтың тақырыбы:Үлгілі мектептер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
Сабақтың мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады:
Болашақтың мектебі туралы өз ұсынысын білдіру.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Мәтіннен сөз таптарын сұрақтары бойынша ажырату.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Өз көзқарасын сенімді білдіру...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0