Реферат: Қазақ әдебиеті | Чуйков Егор Сергеевич

Чуйков Егор Сергеевич (1915, Алматы облысы КерБұлақ ауданы Жайнақ батыр ауылы - 18. 5.1963, Ресей, қазіргі Санкт-Петербург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, 95-атқыштар полкінің сарбазы. Украин. Орта мектептен кейін ұжымшарда жұмыс істеді. 1937 жылы Қызыл армия қатарына шақырылды. 1938 жылы 29 шілде - 11 тамыз аралығында Хасан көлінде болған қақтығыстарға қатысты. Осы соғыстағы ерліктері үшін Чуйковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Генетикалық карталар

Генетикалық карталар
Генетикалық карталар деп — хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады. Қазіргі кезде, әсіресе, генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілердің, атап айтқанда, дрозофиланың, жүгері және қызан өсімдіктерінің, тышқанның, пішен таяқшасының, т.б. генетикалық карталары жасалған. Болашақта басқа да өсімдіктер мен жануарлардың және адамның генетикалық картасын жасау міндеті тұр.
Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке-жеке жасалады. Хромосомалардың жұптарын тіркестік топтар деп атайды. Олардың саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болатындығы бұрын айтылған болатын. Мысалы, дрозофилада 8 хромосома болса, ол 4 тіркестік топты, жүгерідегі 20 хромосома 10 тіркестік топты құрайды. Тіркестік топтар рим цифрларымен І, ІІ, ІІІ, ІV және т.б. болып белгіленеді......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Лев Толстой | Помещиктің сәскесі

I

Князь Нехлюдов жазғы демалысын деревняда жалғыз өткізген бір жылы университеттің үш-ақ курсын бітірген он тоғыз жасар жігіт еді. Күз түсе, жазуға төселмеген шорқақ қолмен нағашы апасы графиня Белорецкаяға сәлем хат жолдады. Әу бастан ол апасын жақын дос, жалғыз жанашыры ретінде әлемдегі ең ақылды әйелдердің санатына қосатын. Француз тілінде жазылған хаттың тәржімесі мынадай:

"Айналайын апатай!

Ендігі өмір - тағдырыма арқау боларлық бір тоқтамға келгендеймін. Мен университетті тастап, қалған ғұмырымды деревняда өткізуге бекіндім, өйткені, әу бастан-ақ сол үшін дүниеге келгенімді енді сезгендеймін. Құдай ақына, жаным апа, маған күле көрмеңіз. Жассың ғой дерсіз, мүмкін, мен әлі бала шығармын, бірақ бүл жайт өз ынта - бейімімді тануыма кедергі болмаса керек, өзгеге жақсылық жасасам деген ықыласымды кемітпесе керек. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Күнделік жазған келіншек

(Күнделік жазған келіншектің әңгімесі)

Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ күнделік жазумен айналысушы едім. Мен оны өзімнің ішкі бір құндылығым деп санадым. Күнделіктерімді ешкімге көрсетпейтінмін. Оны жұрт көзінен жасырын ұстаймын. Бірақ бір күні осы дәптерлерді біреу оқып көретін сияқты болатын да тұратын. Ол адам тек қана өзімнің болашақ жарым болады деп ойладым. Болашақ жарымнан жасырар қандай сырларым болмақ?

Мектепті бітіріп, үлкен қалаға оқуға бардым. Бұл 90-жылдардың іші еді. Бірақ түсе алмадым. Көп ұзамай өзім қалаған жігітке тұрмысқа шығып кеттім.

Өмір бірқалыпты еді. Күнделіктерімді де өзіммен бірге ала келгенмін. Оны реті келгенде жұбайыма көрсете қоймақпын ғой. Сонда ол таңғалатын болады. «Сенің менен жасырған сырларың да бар ма? – дейді ол таңғалып. – Ал оларды оқып көруге болады ма?» «Егер қаласаң...», – деймін мен күліп. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Ипотекалық несиелеудің Қазақстан Республикасындағы дамуын талдау

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастардың дамуы мемлекет экономикасындағы жылжымайтын дүние мүлік ролін бағалау мен адамдар өмірінде елеулі өзгерістерге әкелді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақыттағы жағдайға және ипотекалық несиелеудің Қазақстан Республикасындағы дамуына баға беру. Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі мақсаттар қойылған:
1 Ипотека институтының тууын зерттеу;
2 Шет елдердің тәжірибесі негізінде Қазақстанда ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуының мүмкін үлгілерін қарап шығу;
3 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жағдайын ипотекалық тұрғын үй несиелеу жүйесін орындау алдында суреттеу;
4 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеудің дамуы және енгізу процесін талдау;
5 Шығыс Қазақстан облыс тұрғындарының ипотекалық несиеге тұрғын үй сатып алуының инвестициялық мүмкіндіктерін бағалау.
Қойылған мақсаттар дипломдық жұмыстың құрылымымен шарттасылған және кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, 35 атаудан құралған пайдаланған әдебиеттер мен 6 қосымшадан құрылған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы индустриалды инновациялық дамуы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму үлгісін қалыптастыру алдағы жылдардың басты бағыты болып отыр. Экономиканың негізгі секторы болып табылатын өнеркәсіпті қайта индустрияландыру оның даму үрдістерін жеделдете түсетіні белгілі. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі өнеркәсіптің жалпы қосылған кұнының үлесі 30% құрайды. Соңғы жылдары қол жеткен табыстармен катар ол жерде орын алып келе жатқан кемшіліктер де аз емес. Өнеркәсіпте шешімін таппаған мәселелер макроэкономикалық, аймақтық-салалық және қаржы аясына теріс ықпалын тигізуде. Өндіргіш күштерді орналастырудағы аумақтық диспропорция, шикізаттық бағыттың басым болуы, толық өндірістік циклды интегралданған кешендердің аздығы, оңдеуші салаларда негізгі қорлардың тозу дәрежесінің 30-40 %-ды құрауы, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басым көпшілігінде икемді технологияның аздығынан нарық конъюнктурасының өзгерісіне тез бейімделе алмайтын өндірістік қуаттың 20-50% - дай ғана пайдаланылуы — өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтеруді талап етіп отыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ойын жəне мінез М дыбысы мен əрпі

ҰОҚ - ның оқытылу мақсаттары: 0. 1. 1. 2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.
0. 2. 1. 1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.
0. 2. 1. 2. Берілген мысалдар арқылы М дыбысын ажыратады, М əрпінің баспа түрін табады.
0. 3. 3. 1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
Күтілетін нəтиже:
Барлық тəрбиеленушілер:
Сөздегі дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстыларды ажыратады.
М дыбысы – дауыссыз дыбыс, м дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі м дыбысының орнын ажыратады.
М əрпінің баспа түрін жазады. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Сөйлем түрлері

Мақсаты: Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету, дауыс ырғағына қарай оларды ажырата білу іскерлігін дамыту, табиғатты сүйіп, қорғай білуге тәрбиелеу, мнемокестемен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сөздік жұмыс: өңір - аймақ, желу - жылдам жүріс.
Көрнекіліктер: қима суреттер, жұмыс дәптер, мнемокесте.
Билингвальды компонент: аққала - снеговик, далада қар жауып тұр - на улице идет снег.

Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз!
Қайырлы таң, балалар .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Жер туралы заң | Жерге меншік құқығы

КІРІСПЕ
Жер мемлекет меншігі және заңда белгіленген негіздерде шарттар мен шектерде ол жер меншікте болуы мүмкін.
Жерді адам өміріндегі тіршіліктің оның әлеуметтік және экономикалық барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалану объектісі жерсіз әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерді жүзеге асыру мүмкін емес.
Жер – табиғи жаратылыс кеңістігі, планета, тіршілік ортасы ретінде экология құқығының объектісі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Ата заңымыз бұл ретте жерді алдымен табиғат ресурсы деп қарайды. Табиғи байлыққа жерге мемлекет тарапынан әртүрлі меншікке жол беріледі.
Азаматтық айналымның үнемі қозғалыста болып күрделенуі осы жер қатынасына да әсер етуде. Оған Конституцияда қағидаға жатқызған жердің тек қана мемлекет меншігінде болуы қазіргі таңда маңызы ескіре бастады өйткені учаскелердің жеке меншікте болуы және Парламентте қаралып жатқан Қазақстан Республикасының жер кодексінің жобасына сәйкес ауыл-шаруашылық мақсаттағы жерлердің жеке меншікке берілуі айғақ.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Физиология | Еңбек физиологиясы

Тірі организм сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне үнемелі бейімделуі арқылы дамиды және жоғары сатыға көтеріледі. Ал бұл мінездің басты себепкерлігі организмдің өз белсенділігінен туады. Мәнез белсенділігін мұқтаждық ұйымдастырады. Мұқтаждық дегеніміз әр бір кезде пайда болатын және мақсатты мінез арқылы жойылатын организмдің маңызды қажеттілігі.
Адамдарда байқалатын мұқтаждығы тіршіліктік, әлеуметтік және мұратты мақсаттарға сәйкес үш топқа бөледі: тіршіліктік мақсаттар, тағамдық, жыныстық, қорғаныш іс − әрекеттерімен қанағаттандырады. Әлеуметтік мақсаттарға адамның еңбектенуі, білім алу, спорт мәденитеттік қоғамда өз орнын табу іс әрекеттері жатады. Мұратты мақсаттар таным және шығармашылық мұқтаждықтарынан тұрады. Оның негізін бағдарлау, зерттеу құрайды.
Адамның мәдени және тарихи дамуы, аталған мақсаттарға жету үшін бір неше өндірістік қажеттілікті тудырады. Олар еңбек арқылы жүзеге асырылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0