Сабақ жоспары (ұмж): № 11 зертханалық жұмыс. «Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау» (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақ тақырыбы: № 11 зертханалық жұмыс. «Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.14 – жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау;
8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
- Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи апаттар. Су тасқыны (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Табиғи апаттар. Су тасқыны
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
2.2.3.2 зерттеу негізінде өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және кері жақтарын талдау
Сабақтың мақсаттары: Табиғи апаттарды белгілері бойынша анықтай алып, олар орын
алған жағдайда тәртіп ережелерін сақтауды үйренеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Алтын құс пен сұр қасқыр

Бұрынғы заманда болған бір патша. Ол патшаның үш ұлы һәм бір жүдә үлкен бақшасы бар екен. Сондай бақша мақтауға келетін еді. Мұндай бақша ол заманда дүние жүзінде болмаған. Егер бұл бақшаға қайғылы ма, ауру ма кісі кірсе, қайғылы кісінің қайғысы кетіп, ауру кісі ауруынан саламат болып шығатын еді. Бұл бақшада дүние жүзіндегі неше түрлі жемістер бар еді. Патша бақшасындағы осы жеміс ағаштарының ішінен биік өскен бір алма ағашын жан-тәнімен жүдә жақсы көреді екен. Ол ағашта өскен бір алманың біреуі алтынға, біреуі күміске, яғни әртүрлі түске айналып тұрады екен. Бір заман бұл бақшаға иеленген бір алтын құс келген. Алтын құстың әрбір жүні алтын секілді жалт-жұлт етіп тұрған һәм көзі гауһар секілді ойнап тұрған. Бұл әр күні түнімен бұл патшаның бақшасына ұшып келіп қонады екен. Әлгі патшаның сүйікті алма ағашының әр түні бір алмасын шұқып, басқасын қиып түсіріп кетеді екен. Күндерде бір күн патша бақшасына шықса керек. Алма ағашынан алмасын қараса, алтын секілді жақсы алмасы жүдә аз қалған. Патша бұл істі көріп қапа болған, қайғыра бастаған. Бір күні патша өзінің үш ұлын шақырып айтқан......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақ халқының этногенезі Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1 мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған.
.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аксонема

Аксонема (axonema; гр. axon — білік; гр. nema — жіп) - плазмалық жарғақпен қапталған жасуша кірпікшесінің өзегі. Аксонема сақина тәрізді шеңбер бойымен орналасқан тоғыз жұп микротүтікшелерден (дублеттер) және сақина ортасындағы екі жеке микротүтікшелерден (сингалеттер) құралған .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Қасқырдың тарамысы


Ауылы жақындар сенбі күні түс ауа үйлеріне барып, содан дорбаларын арқалап, жексенбінің кешіне қарай интернатқа қайта оралып жатқан кез.

Менің ауылым қаладан қашық. Қала мен алыстағы ауылымның арасын Қара маржан тауы бөліп жатады. Басқалар сияқты үйіме барып келе алмаймын. Демалыс күндері көбінесе интернатта жалғыз қаламын. Дәлірек айтқанда, жалғыз емеспін, Нарбота деген бала да бар. Менің серігім сол. Дардай атының алғашқы буынын, яғни «нарын» алып тастаса, оған со да жетер еді. Нар қайда-а-а! Тұрған бойы жаңа туған ботаның сықпытындай нәп-нәзік. Аяқ-қолы шидей. Бірақ басы ботаның басындай үрпек, үлкен екені рас. Жанары да ботаның көзіндей жәудіреп, сәл-сәл жасаурап тұрады.

Нарбота — тақыр жетім. Әкесі соғыста опат болған. Шешесі қырық үшінші жылы өкпесіне суық тиіп, кешікпей күйеуінің соңынан жөнеп берген. Оннан жаңа-жаңа асқан баланы ағайындары жетімдер үйіне өткізсе керек. Содан биыл оқу басталарда, біздің интернатқа ауыстырылды.

Интернаттың балалары демалысқа ауылдарына кеткенде, Нарбота күн ұзаққа ауладағы ас үйдің күншуағында кітаптан бас алмай отырады да, кешке өз төсегінен қашып менің қасыма келеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Оқыған азамат

I

Суық қыстың орта кезі. Күн түске тақап қалған. Аспанда бұлт жоқ, ашық. Жарығы көз тайдыратын нұрлы күн бүгін жазғы түріне түскендей болып өзгеше жарқырап тұрса да, ызғарлы қар, суық ауа қызуын жоғалтып, жарығына жансыздықтың табын басып тұрғандай.

Жер қарлы. Үш-төрт күннен бері қарай айықпаған шыңылтыр аяз бүгін де сықырлап білініп тұр. Күншығыстан соққан баяу жел суықтың көрігіндей болып, ызғарды көбейте түсті. Кейде сүйкеп өткен салқыны бетті шымырлатып, денені тоңазытады.

Тұрғын халқының көбі қазақ болған Сібірдің кішілеу қаласы қыстың ақ киімін даламен бірге жамылып, жабайы табиғаттың жайлы күйін күйлегендей.

Бар үйдің төбесін күпсек қар аппақ болып басып алған. Кейбір кішкене үйлерді, көп қоймаларды қалың қар жал секілденіп басыпты. Көшенің қары жүргіншілердің табанымен тапталып ысқаяқтанған. Басқан сайын шыныланып сықырлап, кейде шатынағандай болып шытырлайды.

Бұл қала Сібірдегі үлкен өзендердің бірінің сол жағасында орнапты. Ретпен салынған сұлу қала емес. Орта жері болмаса, шеттерінде тәртіп жоқ. Оның үстіне шет шетіне шашыратып салған қазақтың жер үйлері тәртіпке ұқсаған сиықтың бәрін бұзып, қаланың шеттерін түйенің жыртылған ескі жабуындай жалба-жұлба қылып ыдыратып, тоздырып тұр. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банкрот туралы жалпы түсінік

Кіріспе.
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс рееми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасынның "Банкроттық туралы" 07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады . Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ауыл шаруашылығы | Жануар тектес азықтар

Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан соң, ауыл шаруашылығына үлкен назар аударыла бастады. Республикамыз Президенті 2003-2005 жылдарды «Ауыл жылы» деп жариялағаны, ауыл шаруашылық жұмыстарының өркендеуіне өте салмақты үлес қосты.
Құс шаруашылығы – бағалы құс еті және жұмыртқамен, қауырсынмен қамтамасыз ететін шаруашылық саласы.
Құстың өнімділігі мен беретін өнімдерінің сапасы оны азықтандыруына байланысты. Құстың тез-өсіп жетілгіштігі және жоғары өнімділігі олардың организмінде зат алмасуының жедел өтуіне негізделеді. Биохимиялық және физиологиялық зерттеулер жетілуінің арқасында көптеген витаминдер, амин қышқылдары, минералды заттар ашылып, олардың және де көмірсулардың, май қышқылдарының қоректендірудегі орны анықталды.
Құс азығын қажетті барлық қосындылармен толықтыру арқылы денсаулығын нығайтып, өнімділігін өсіріп, өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Солардың ішіне жануар тектес азықтар да кіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0