Өмірбаян: Ардақ Исатаева Бекмұратқызы (1976 жылы 2 желтоқсан)

Ардақ Бекмұратқызы Исатаева (1976 жылы 2 желтоқсанда Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған) — танымал дәстүрлі әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті.
Ардақ Бекмұратқызы 1976 жылы 2 желтоқсанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Калинин ауылында дүниеге келген.
1983 - 1993 жылдары В.И. Ленин атындағы орта мектепте оқыған. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде аудандық, облыстық концерттерге қатысып, көзге түскен. К.Әзірбаев атындағы облыстық байқауда 3-орын иеленген.
1993 - 1998 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасында Арқа әншілік мектебі бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бекболат Тілеуханнан дәріс алған.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Ұлан гвардиясы жанынан құрылған президент оркестрінің жеке әншісі
1998 - 2005 жылдары Гүлдер ансамбльінің солисті
2000 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасында Арқа әншілік мектебі бойынша дәріс береді. Көптеген шәкірттер дайындаған, шәкірттері халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері.
Жетістіктері ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0