Реферат: Әдебиет | Наурыз

Бұл мерекені ерте заманнан бері қазақтар, тәжіктер, түркмендер, ұйғырлар, өзірбайжандар, ассириялықтар және көптеген басқа халықтар мейрамдайды.
Наурыз - Жаңа жыл, жерге наурыз айының 21-інен 22-сіне қараған түні, дәлірек айтқанда, түнгі сағат 3-те келеді Ежелден келе жатқан аңыз бойынша, бұл күні түнек пен жарың күштері теңеседі, сондықтан бұдан әрі қорқынышты кұбыжық көптен күткен шуақты күнді жұтып қоймас үшін, сөйтіп қысқы ызғардың бейнесі - қатыгез кемпір қайтадан кері оралмас үшін, жарыққа көмектесу керек.
Наурызды калай қарсы алсаң, күллі жыл бойын солай өткізесің деген ырым бар. Сол себепті өркім бұл мереке қарсаңында барлық бітпеген істерін аяқтауға, ренжісіп жүрген адамдарымен татуласуға, өзін екпелеткендерді кешіруге тырысады. Үй іші мен ауланы тәртіпке келтіріп үлгеру қажет, жаңа да жақсы киім тігіп кию жөн, өзің мен меймандарың үшін дәмді тағамдар пісіру ләзім. Бұл күні, сондай-ақ, Күн мен Көктем өздерін жер бетіндегі ел-жұрттың күтіп жүргенін білуі үшін - ағаш пен гүл отырғызу әдетке айналған. Наурыз қарсаңында түні бойы алау жағылып, мейрамдаушылар үстінен секіріп жүреді. Жастар ағаш басында шырақ жағады. Әйелдер жиналып, түнімен жеті қоспадан (су, тұз, ет, бидай, тары, күріш, сүт) тұратын Наурыз-көже пісіреді. Көжені үлкен қазанда араластырып ән салады, ақ тілек тілейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Эссе: Әз Наурыз - ұлы дала тойы

      Халқымызбен жұмыла тойлайтын,қазақтың қанына сінген төл мерекеміз әз Наурызда келді.Бір жылымыз домалана өте шығып,жаңа жылымызбен қайта қауышып отырмыз.Самарқанның көк тасын жібітіп,жер жүзіне қайта тыныс беріп,тіршілік иелеріне жан беріп,бар шаһанды жаңартып өз нұрына бөлейтін бұл мереке біз үшін бәрінен айрықша.Наурыз тойы көктемгі күн мен түнің теңелу мерзімі наурыз айының жиырма екінші жұлдызында аталып өтіледі.Бірақ иесі қазақ,ата-баба дәстүрін дәстүрін дәріптейтін көп отбасылар Наурызды қарсы алуды әдеттегі күннен бұрыңырақ, наурыз айынын он төрті Көрісу мейрамынан бастау алып тойлатады....
Эсселер
Толық
0 0