Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының топ-менеджерлері Әзірбайжан халықаралық банкіне қыруар қаржыны құйып тастады. Ал жақында аталмыш банк соттан өзін банкрот деп тануды өтінген. Енді қазақстандықтардың 70 млрд жинағы шетелден қайтпай қалуы мүмкін. Бұл туралы nur.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Былтыр ғана құрылған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның басшысы 1,7 миллион теңге жалақы алатын көрінеді. Бұл туралы кеше "Хабар" телеарнасында өткен дебат барысында танымал экономист Рахым Ошақбаев мәлімдеді деп жазады nur.kz sn.kz сілтеме жасап.