Өмірбаян: Саида Калыкова Тұрарбекқызы

Калыкова Саида Тұрарбекқызы – Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының солисі
Саида 01.04.1985 жылы Орал қаласында туған. Анасы 25 жылдан астам мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Ал әкесі – инженер-энергетик.

Саида 6 жасында №11 С.Сейфуллин атындағы қазақ мектебіне барды. 2002 жылы №21 орта мектепті және №3 музыкалық мектептті үздік аяқтады. Мектепті тәмамдаған соң, Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық колледжге түсті. Мұны да үздік бітіріп, 2006 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне оқуға түсіп, оны 2010 жылы үздік бітірген. 2011-2014 ж. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Италияның Флоренсия қаласында магистратураны «Loude» белгісімен аяқтап, музыка академигі дәрежесін алып шығады. Қазіргі кезде Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының солисі.

Саида бірінші сыныпқа барған кезінде әке-шешесіне айтпай-ақ музыка мұғаліміне жазылады. Ол аз уақыттың ішінде фартопианода еркін ойнайтын дәрежеге жетті. Бірақ 1994 жылғы операциядан кейін үздік оқушы көру қабілетінен айырылды.
Басына түскен қиындыққа қарамастан, Саида музыкамен айналысуды жалғастыра берді. 12 жасында өзінің алғашқы музыкалық концертін береді. 15 жасында алғашқы музыкалық шығармаларын жазған еді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0