Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Адам жасына қатысты сын есімдерге семантикалық талдау

КІРІСПЕ

Дыбыстық тілдің қыр-сыры мол. Ол адамдардың қатынас құралы ретінде қолданылғанда сол қасиеттерінің кейбіреулері ғана жарыққа шағыратыны, сөйлеуші не жазушы адамның мақсатына, сөз қолдану шеберлігіне байланысты олардың құбылып, түрленіп отыратыны мәлім.
Тілдің бұл қасиетін ғалымдар ерте кезден-ақ біліп, тілдің осы тәрізді қолданылу жағын көп зерттеген. Дегенмен, сонау көне үнді, грек тіл білімі өкілдерінен бастап күні бүгінге дейін тілдің көп мәселелері талданып, өз шешімдерін тапқандай болса да тіл білімінде әлі де талдану, анықталуы қажетті мәселелер орасан көп. Заттарға, құбылыстарға ең қарапайым көрінетін ат берудің өзі тек грек тіл білімі өкілдері арасында ғана емес, қазіргі дәуір тілшілері арасындағы пікір алысуға себепші болып жүргені анық.
Сөз мағынасы өте күрделі құбылыс. Ол бірнеше элементтерден тұрады, оның құрамында грамматикалық мағыналармен қатар сыртқы ортамен байланысып жатқан мағыналық элементтер де бар. Айналамыздағы қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың атаулары адамның санасында белгілі бір тәртіппен, жүйелі түрде орналасқан. Ендеше лексиканы жүйелі құбылыс деп тану қажет.
Тіл – бірнеше элементтердің жиынтығынан тұратын жүйелі құбылыс. Оның жүйелілігі оның құрамына енетін элементтердің бір-бірімен байланысып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, біртұтастықты құрайтындығынан көрінеді. Тілдің жүйелілік сипаты тілдің ішкі заңдылықтарын, мүмкіндіктерін ашып сипаттауды тіл ғылымында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бұл тілдің кіші жүйелерінің өз алдына алынып қарастырылуымен де байланысты. Сондай кіші жүйелердің біріне тілдің лексикалық қабаты жатады.
Лексика – бірліктері бір-бірімен тығыз байланыста болатын сөздердің бірнеше топтарынан тұратын, өзіндік құрылымы бар, элементтері белгілі бір тәртіппен байланысқан жүйе. Кез келген тілдің лексикасындағы сан мыңдаған сөздердің мән-мағынасын анықтап, олардың өзара байланысын тану үшін, екінші басқа тілден өзіндік белгілері мен айырмашылықтарын, ұқсас тұстарын айқындау үшін сөздік құрамның өзін бірнеше кіші жүйелерге бөліп, зерттеу тиімді.
Тіл негізінен қарым-қатынас құралы. Оны сан қырынан қарастыру лингвистиканың еншісінде. Қазіргі тіл білімінде тілдің қолдану аясын, сонымен қатар жан-жақты қырларын ашып көрсетіп, зерттеу кең түрде қолға алынып келеді. Дегенмен де тілді зерттеудің кейбір салалары мен қырлары кенже дамып та келеді. Жеткілікті зерттелмегенімен лингвистер тарапынан көзден таса қалып жатыр деуге болмайды. Солардың бірі тілдегі жиі пайдаланылатын сөздерді семантикалық тұрғыдан талдау болып табылады.
Қазақ – ат қойғыш халық. Өзі тіршілік ететін кең даласына, оның аңдары мен өсімдіктеріне, күнделікті бағып жүрген төрт түлік малына байланысты қойылған сан мың атауларды былай қойғанда адамның өзіне қатысты атаулардың саны қаншама көп.
Адамның өзіне қатысты атаулардың өзі өте мол. Оған адамның нәсілінен, есімінен бастап дене мүшелері, ағзалары, киімі, тамағы, ұйқысы, денсаулығы, түрлі қажеттіліктері т.б. атауларының бәрі жатады. Бұларды бір адамның түгел қамтуы мүмкін емес.
Сондықтан біз өзімізге тағы да шектеу қойып, тек адамның жас ерекшелігіне қатысты сын есімді атауларды ғана сөз етуді алдымызға міндет етіп қойдық.
Адамның жасына байланысты атаулар мен сол арқылы жасалған тұрақты тіркестер – тіліміздің ең байырғы бірліктері ретінде лексикалық қорымызды байытып қана қойған жоқ, сонымен бірге, олар халқымыздың тарихын, мәдениетін, рухани өмірін, дүние танымын, философиясын, психологиясын өз бойына жинақтап жүрген құнды да құнарлы лексикалық бірліктер. Оларды жан-жақты зерттеу – сол байлықты оны халқымыздың игілігіне жарату деген сөз болып шығады.
Қазақ тіліндегі сын есімдер жеткілікті зерттелген десек, қателескеніміз емес. Адамның жасына байланысты сын есімдер тіліміздің сөздік қорының қомақты бір саласы. Ал осы сөз таптарын (адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер) семантика тұрғысынан зерттеу енді қолға алынып келе жатыр. Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер әрбір халықтың жанына жақын, рухани мәдениетінің сипатын дәл көрсететін....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Көмекші мектептің 5. 7. 9 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту

КІРІСПЕ
Зерттеудін көкейкестілігі. Қазіргі кезеңдегі арнайы педагогиканың өзекті мәселерінің бірі - мүмкіншілігі шектеулі балаларға қазақ тілін үйрету және оқыту.
Бүгінгі күнге дейін, көмекші мектептерде қазақ тілінде және қазақ тіліне әдістемелік құралдар жоқтың орнында. Сондықтан, Республиканың барлық арнайы білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептеріне арналған әдістемелік құралдармен жұмыс жасайды, бұның өзі түзету жұмыстарын жоспарлау менен өткізуге қиындық туғызады.
Аталған проблеманың әуезділігін және осы кезеңге дейін қазақ тілінде әдістеменің жоқ болуына байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын -көмекші мектептің 5,7,9 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту деп алдым. Сондықтан, біздің жұмысымыздың зерттеудің мақсаты:
Қазақ тілінде оқитын көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша жіберетін қателер түрін анықтау.
Сондай-ақ, қазақ тілінде оқу жүргізілетін көмекші мектепке арналған «Сөз құрамы» тарауына әдістемелік құрал жазу.
Зерттеудің міндеттері:
1) Әдебиеттерге шолу.
2) Бақылау эксперименті арқылы 5,7,9 сынып оқушыларының «Сөз құрамы» бойынша жіберген қателерінің түрлерін анықтау.
3) Қателерді түзету жұмысында қолданылатын тиімді тәсілдерді жүйелеу.
Зерттеу пәні қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектептегі түзету-дамытушылық оқыту үрдісі.
Зерттеу әдістемесі:
1) Көмекші мектеп 5,7, сынып оқушыларының құжаттарымен танысу.
2) 5,7,9 сынып оқушыларына зерттеу эксперимент өткізу.
3) 5,7 сынып оқушыларының эр түрлі жазу жұмыстарын зерттеу, нәтижесін талдау.
Зерттеу базасы:
Мәлімет бойынша сапалы және сандық талдаулар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: алғаш рет көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» бойынша білімі зерттеліп мағлұмат алынып отыр.
Зерттеудін практикалық мәнділігі:
1) Зерттеу барысында мағлұматтарды, нұсқауларды ескере отырып,
көмекші мектеп оқушыларымен жұмыс барысында сапалалығын арттыруға болады.
2) Зерттеу қорытындыларын көмекші мектепке арналған оқу әдістемесін құрастыруында негізге алуға болады.
3) Зерттеу нәтижесі жасалған тұжырымымен нұсқауларды көмекші мектеп оқушыларына оку үрдісінде қолдануға болады.
Зерттеу өзектілігі- «Сөз құрамы» тақырыбына арналған орыс тілі бойынша зерттеулердің көп екенін көрсетті. Бұл зерттеулердің негізін қалаушылар: М.Л.Закожурникова, М.Р. Львов, Т. Г. Рамзаева, Г.Ф. Суворова, Г.А. Фомичева, В.Г. Шашкова.
Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптары бойынша, бұл тақырып Д.Алимжанов, Р.Әміров, А. Жунисбеков, Б.Балакаев, С.Қазыбаев, С. Рахметова еңбектерінде айтылған.
Көмекші мектепке арналған орыс тілінің әдістемесінде бұл тақырып, тек Н.М.Барская және Л.А.Нискевич еңбектерінде қарастырылған.Олар жұмысында «Сөз құрамы» бойынша білім және дағды көлемдерін кесте түрінде көрсетіп, тәжірибелік жаттығулар үрдісінде белгілі бір түсініктерді ұғынуға бағытталған жалпы әдістемелік нұсқауларды ұсынады. Бірақ, ақыл-ойы кем оқушының ерекшеліктеріне сай оқыту мерзімін көрсетпеген, жұмыстың жүйелілігі мен бірізділігін толық ашып бере алмаған, сондай-дайындық жаттығуларына онша назар аудармаған.
Бұл мәселе бойынша біздің жүргізген арнайы зерттеулердегі бағытталған талдаулар, мүмкіншілігі шектеулі оқушыларға грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы тәжірибелік қажеттілікпен көмекші мектеп-интернаттың кәсібі іс-әрекетіне бағытталған әдістемелердің аздығы арасындағы объективті қайшылықтың бар екенін айқындады, яғни 5-7 сынып оқушыларына «Сөз құрамы» тақырыбын оқыту-үйрету үрдісінде грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын қалыптастыратынын айқын баяндайтын әдістемелік құрал жоқ.
Осыған орай, зерттеу мақсатын айқындадық-көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын жемісті меңгеруіне көмектесетін, түзету-әдістемелік жұмыстың ғылыми негізделген жүйесін құрастыру.
Зерттеу мақсатынан тәмендегідей міндеттер шығады.
Бұл мәселе бойынша қазіргі заман ғылыми-әдістемелік зерттеулер күйін анықтау....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Тіл таңдау және оның қолдану салалары: социолингвистикалық талдау

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Бітіру жұмысымызда тіл таңдау мәселесін және оның қолданылу салаларын қарастырамыз. Зерттеу нысаны қоғамдағы тіл таңдау және оның қолданылу салалары болғандықтан, оның анықтамасын кең көлемде аша отырып, тілдік таңдау салаларын өмірдің әртүрлі жағдайында пайдалануын қарастыра келіп, тіл таңдау мәселесін нақты мәліметтер негізінде бір жүйеге біріктіру арқылы қарастыруды мақсат еттік.
Тіл таңдау қоғамның кез-келген адамына тиесілі құбылыс. Себебі, әрбір адамның ең бірінші қарым-қатынас құралы тіл деп танимыз. Мысалы: кез-келген тұлға қызмет бабында, оқу орындарында, көшеде, көпшілік жерлерде, дүкенде, теледидар көргенде, газет-журнал оқығанда міндетті түрде тіл таңдайды. Қоғамда бірнеше тілдер қатар өмір сүріп жатқан кезде, бір немесе бірнеше тілге таңдау жасалатыны анық.
Тіл адамның негізгі қарым-қатынас құралы болғандықтан тіл таңдау қоғамда ерекше орны бар құбылыс. Тіл таңдау тілдің белгілі бір жағдайларға байланысты қолданысқа алынуы, тұлғаның тілге көзқарасы кезінде анықталады. Көпұлтты мемлекеттерде тіл таңдау тілдік саясат мәселесі болып тұр. Сондықтан, осы бітіру жұмысымыздың өзектілігі қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымыздағы тіл таңдау мәселесі, тілдің қолданылу салалары төңірегінде. Республикамыздағы қалалық және ауылдық елді мекендер халықтарының тіл таңдау құбылысы, тіл таңдағандағы негізгі алға қойған мақсаттарының өзектілігі қарастырылды. Қоғамдағы үстемдікке ие, таңдаудағы негізгі тіл пайыз көрсеткіші бойынша анықталды.
Тіл таңдау кезінде үстемдікке ие болатын тіл қоғамның көп бөлігі сөйлейтін, ол тілдің саяси және экономикалық жағдайы, өмірдің барлық салаларында қолданыс таба білуі есепке алынады.
Зерттеу нысаны - жаңа этнодемографиялық және геосаясат жағдайлары ықпалымен қарқынды өзгеріп жатқан Қазақстан Республикасындағы тіл таңдау мәселесі; тіл таңдау және оның қолданылу салаларын кең көлемде зерттеп анықтау.
Зерттеудің пәні - Қазақстан Республикасының аумағындағы қалалық және ауылдық елді мекендердегі тіл таңдау көрсеткіштерін бақылау.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Сауалнама жүргізу, статистикалық, талдау, сипаттау. Қоғамдағы тұлғалардың тұрғылықты орындары, қызметі, жас ерекшеліктеріне байланысты тіл таңдауды анықтайтын әлеуметтік зерделеу барысында алынған сараптау әдісі. Қалалық және ауылдық елді мекендер арасындағы тіл таңдау құбылысын салыстырмалы әдіс арқылы бердік.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0