Өлең: Жамбыл Жабаев (Аттандыру)

Атаңнан бата ал, балам,
Алшайып атқа мін, балам.
Ақ сақалым желбіреп
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған:
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған;
Перзентімнің алды едің ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Балаларға)

Балалар, аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді міне Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Балама хат)

Хатыңды, ботам, оқыдым,
Халіңді білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын
Гвардеец атанған.
Сұраншы, Саурық секілді
Болыпсың, балам, қаһарман:
Қайтармай жаудан бетіңді,
Қаптаған қолға қасқарған......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Қымыз)

Үйірілген қышқыл, тәтті сары қымыз,
Ауруға — ем, сауға — қуат, дәрі қымыз,
Ыстықта ұрттар сусын таппағанда,
Ерте-кеш байлар ішкен кәрі қымыз......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жайлау)

Ерназардың колхозы
Ұйқысын таңнан ашқанда,
Масайрап күн әлемге
Нұp сәулесін шашқанда,
Колхозшылар топтанып,
Жиналысып келісті.
Жасыл, жым-жырт далада
Келіп сәлем берісті......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жаз жыры)

Атымды ертте, балалар,
Күлімдеп міне жаз келді.
Түйе боздап, қой қоздап,
Тізіліп қатар қаз келді.
Жастардың жүзі жайраңдап,
Кең өмірде сайрандап .....
Өлеңдер
Толық
0 0