Өлең: Жұмағали Саин (Екі жігіт)

(Кейбір арамза азғындар туралы)

Тым мәлімсіз бір жас жігіт
Шар айнаға тұрды қарап.
Кейде қолмен сипап жағын,
Кейде кейін шашын тарап.
Терезеден сылаң қағып,
Түскен нұры сұлу күннің.
Күміс күннен ажар алып,
Құлпырғаны көк торғынның,
Бипазданған миуа талдан,
Мың бұралып шыққан үннің,
Оған тіпті әсері жоқ
Кескініндей қара түннің.
Ол тек қана қазір әуре......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Сендерді терең ойға алсам)

(Мәлік Ғабдуллинге)

Қасқая қара тон киіп,
Қаусыра түйме тағынған,
Қаңтарда кірпік қақпаған,
Қанды айқаста сабылған.
Қалтырамас ажалдан
Қиядан тілеп өзі ұшқан,
Қырғында Отан атымен
Қамалға шауып отқа ұшқан.
Қыран бүркіт сипатты
Қияғы болат қайрылмас,
Құрыштан сомдап суарған
Құзға шапсаң майрылмас,
Қайратына көркі сай,
Қапысы жоқ сөзінде......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Айрылысқан досқа)

Деушілер сені саналы жан
Өзімді де әм сондай,
Біріміз нұр жанар Шолпан
Екіншіміз алтын ай.

Мен де Шолпан емес екем,
Аспандағы сен де ай,
Біз жабайы жан екенбіз
Кез болысқан тек былай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Горький)

Адам еді елім сүйген,
Ойы мұхит, ақылы өрен.
Сарқылмайтын жан азығы,
Суы кәусар түпсіз терең.
Сан.қылдаған тау қыраны
Болат тұяқ күшті берен.
Қаламынан нұр тамылжып
Қызыл тулар желпілдеген.
Октябрьдің сұңқары еді,
Ардақты аты Горький деген.
Көркем сөздің дариясы
Горький халық — Горький өлең.
Горький істің дауылпазы
Тоншысымен бұлтты іреген,
Горький өмір гиганты ғой.
Төбесімен көк тіреген,
Ұлы Максим атағынан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Аждаһа — Гитлер)

— Ей, аждаһа!
Мыстан кемпір
Кейпіне
Түскен залым!
Екі көзің,
Екі ұртың қан,
Жеген етің
Жас баланың
Сен, сұм Гитлер!
Көзің салшы
Алдындағы
Табағыңа!
Қолыңдағы
Тамағыңа!
— Не қолыңда?
Жасырма, азғын.
Қорегің мен.....
Өлеңдер
Толық
0 0