Еліміз бойынша ең қымбат нан бағасы Петропавлда. Қазірдің өзінде халық ең көп қолданатын "Ерекше Петропавлдық" деп аталатын бір бөлкенің құны 86 теңгеге дейін жеткен.
Алматыда қоғамдық көлікке енгізілген «Оңай» электрондық төлем жүйесі Алматы облысының кей тұрғындарына қолайсыздық тудырды. Мегаполис маңында тұратын зейнеткерлер мен студенттер жеңілдігі бар «Оңай» картасын ала алмай жүр деп хабарлайды Азаттық.