Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ауылдан хат)

Құсайын құрдас құстай жүрсің қайда?!
Айналды сен кеткелі сегіз айға.
Ақсудан аттандырған азаматтың
Сәлем айт барлығына, бар Матайға.
Семейде сегіз айдай семірдің бе,
Болмаса қара қайғы кемірдің бе.
Ен дала, емін-еркін елде жүрген
Маған сен не естідің, не білдің де......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Құсайын өлеңдерінен)

Айрылдың қайран қазақ Есіліңнен,
Қарекет жиған-терген несібеңнен.
Тірідей бозбаланы жау әкетті,
Болды екен әлдекімнің кесірінен.
Бараққа әкелді де қойдай қамап,
Тақтайдың сығалаймыз тесігінен.
Қолда мылтық, белінде және қылыш,
Күзетші бір кетпейді есігінен......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Топ алдына)

Топ алдына шығайын
Жазыла жаз, қаламым!
Топқа ма әлде тойға ма
Топырласып жатқанда.
Жинал өлке жан-жақтан,
Серпіл көкке қызыл ту!
Сергіте дос көңілін,
Сескендіре жау жағын.
Соқ музыка, бас күйге,
Топтың көңілін серпе тарт,
Қуандыра қабағын. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Күн батар)

Маужырап күн еңкейді,
Ертіс кетті еңістеп,
Алтынданып, жарқылдап,
Су жыбырлап, жел жүріп.
Бетке салқын леп ұрып,
Қалды іңір салқындай.
Біздер мінген моторка,
Бық - бық етіп тартты өрге,
Суға малтып шалпылдап,
Қызыл күрең шапақтан,
Жаңа ай қасын жылмайтты,
Қуанышты айқындап......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ертістен хат)

Журналыңның бетіне,
Жұртым, жаздым сәлем хат.
Жүзгенім Ертіс өзені,
Мінгенім «Алтай» - пароход.
Төбем - аспан торғыннан,
Маужыраған кең майдан.
Астым ағыс толқыған,
Сылдыр - сылдыр су ойран......
Өлеңдер
Толық
0 0