Шығарма: Тəтті қиял

Адамға тән қасиет – болашақты болжау, армандау. Адамның мақсаты болмаса ештемені де тындыра алмайды. Болашақты армандай білу де ұлы даналық, себебі арман өмірге қызықтырады, оны сұлуландырады, өмірді алға ғарыштатады, өрге тартады. Арман адамның жарық жұлдызы, айқын бағдары, онсыз алға басу да, тірлік те жоқ. Олай болса, алға ұмтылу — өмірдің мақсаты. Мұндай сапа адамға жаратылысынан тән. Құл – бас бостандығын, шаруа не болса да ерікті болсам, жұмсышы — өндіріс құралының иесі, байлардай болсам, экономикалық әлеуметтік теңдік орнаса деп армандады. Қоғамның алдыңғы қатарлы ақыл-ой иелері өздерінің шама шарқынша адам баласының арманының армандалу жолдарын іздеді, теориялық болжамдар жасады. К. Маркс, Ф. Энгельс капитализмді әділетсіз қоғам деп есептеп болашақтың (социализм-коммунизм) орнатудың бағдарламасын жасады. Жұмысшы табын......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен елімнің ертеңімін

Алыстағы атыраптан мұнарлана көз тартатын асқар таулары мен белдері, сылдырап аққан өзен-көлдері, жусаны мен изені тербеле өскен сахарадай сары даласы бар, қойнауы толған кең қазынаға толы кең байтақ Қазақстан кез келген адам баласын тебірентпей қоймас. Бұл менің Отаным! Менің Тәуелсіз Қазақстаным! Әрине, бүгінгі жас ұрпақ , біз бақыттымыз!
Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен еркіндікке қол жеткізген, тәуелсіздік үшін күрескен асыр ерлеріміз бен аналарымызға мәңгілік қарыздармыз. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.........
Шығармалар
Толық
2 0

Шығарма: Отан неден басталады?

Мен бұл шығармамды болашаққа хат деп атар едім. Олай дейтін себебім, менің болашағым Отанымның тағдырымен тамырлас болады. Жас та болсам, Отан деп соққан жүрегім мені тынымсыз ізденуге, оқуға, еңбектенуге шақырады. Әрбір жетістігім Отанымның гүлденуіне қосылған үлес секілді.
Алғаш дүние есігін ашқанда анам мені құшағына қысып, емірене сүйіп, Отанымның ыстық демін дарытты.
Аялаған әкешім мені ең бір сұлу да сүйкімді әлди деп алақанына алып: «Отанымның болашағы өзіңсің, қазақ деген дарқан халықтың қалаулы да аяулы қызы бол,» - деп шаттана қуанды, ақ батасын берді.
Балалық шағымның еркелік деп аталатын шағы әжемнің қызық ертегісінен басталып, атамның ғажайып тарихымыз туралы әңгімелерімен бірте-бірте есейткенін қазір ғана ұғынып отырғандаймын.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Экология және денсаулық

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені, табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзіндегі барды адамға, жануарға, өсімдікке берген. Ата-бабаларымыз миллиондап мал өсірсе де жерінің шаңын шығармай, құнарын жоғалтпай, тұнығын лайламай, Ұлы даланы мекендеген жабайы аң-құстарға, жәндіктерге дейін қамқор бола білген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездері табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды. Аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына экологиялық апат үлкен қауіп төндіріп отыр.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің ауылым

Менің ауылым – Ақтөбе. Мен өз ауылымды жақсы көре­мін. Себебі бұл – менің туған жерім. Әркімнің туған жері өзіне ыстық. Ауылым аудан орталы­ғынан 42 шақырым жерде орналасқан. Өзім осындағы №109 қазақ орта мектебінде білім алып жүрмін. Сондай-ақ, сабақтан тыс уақытта газет-журналдар оқы­ғанды ұнатамын. Әсіресе бала­ларға....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің міндетім – Отанға қызмет ету және қорғау

«Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген»
деп Жұбан Молдағалиев айтқандай, біз не көрмеген қазақпыз? Әйтсе де, қуанғанда күлкімізден түн түрілген қазақпыз. Адамгершілігі, қонақжайлылығы, төзімділігі біздің халықтың мінезіндегі өзге жұрттан ерекше маржан - байлығы.
Бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді мирас қып қалдырған. Еңбегі еш кетпеді де. Үміті ақталып, кейінгі ұрпаққа саналы, дана адам билік басына отырды. Олардың арманы орындалып, көсегесі көгерген кезге жеттік. Ең алдымен, досқа адал, дұшпанға қатал болуды, сонан соң досқа күлкі, дұшпанға таба болмауды, рухы биік болып, намысты қолдан бермеуді әрқашан есте сақтаған ел басымыз осы қасиеттерді бізге де үлгі етті.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Адал дос

Достық - адамдардың бір-біріне мүлтіксіз сеніп, ортақ көз қараста болатын қасиеті. Менің достарым өте көп. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың рухани белгісі. Дос-жарандарымыздың әр түрлі мінезді болуы мүмкін. Достың біреуі жақсы мінезді болса, екіншісінің мінезі қызбалаң болса онда оны нағыз......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Туған жер

Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елімен,өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сон-дықтан да тіпті балалық шақтан бастап -ақ әрбір жеке тұлға адамда отанға деген махаббат езімі оянады.Менің отаным кішкене болса да, мен үшін аса қымбат жер Отырар ауданы Қоғам ауылынан бастау алады.Дәл осы жерде менің көңілді де,шаттықты,уайымсыз балалық шағым өтті.Үйдің маңындағы аулада ойнаған достарым-мен өткен қызық күндерім әлі есімде.Туған жердің қадірін ұясынан ұзаққа кеткен адам ғана түсінеді.Туған жердің топырағы, суы мен ауасы,түтіні де қымбат. Адамның өскен жері адамның жанына,сана- сезіміне әсер етіп , мәңгілік есіңде қалады екен.Мен тұратын өлкенің табиғаты әсем.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сочинение: Мой аул

Мой родной аул – это небольшой уютный уголок, который называется Жарык. Если перевести это слово, то оно означает «светлое». Вдоль нашего аула проходят поезда. Наша станция узловая, соединяет дороги со всех сторон. Поезда провозят много разных грузов, которые направляются......
Сборник сочинений
Толық
0 0