Әйел әдептері

Жас келіндер қара шаңырақтың немесе ақсақалы бар үйдің төріне шықпайды.
Әйел адам орындықта отырғанда аяғын айқастырмайды.
Әйел адам көп алдында керілмейді.
Бұрынғы кезде жас келіндер таңертең ерте тұрып, ауылдағы үлкен үйлердің түндігін ашқан.
Келіндер келін болып түскен жердегі адамдардың атын атамайды. Қайнылары мен қайын сіңлілеріне өзі жеке ат қояды.
Халық дәстүрінде ер адам шашын өсірмейді, әйел шашын қимайды.
Жүкті әйелге күлу - әдепсіздік.
Аса бір тығыз шаруасы болмаса әйелдер отырған жерге ерлер, ерлер отырған жерге әйелдер кірмейді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Бойыңызды өсіргіңіз келсе

25 жасқа дейін адамның бойы өсетінін жақсы білетін шығарсыздар. Ал одан кейін бойыңыз отырмаса, өсуі екіталай. Ал егер сіз 25 жасқа толып, ұсынғалы отырған қағидаларымызды ұстансаңыз, сіздің ағзаңызда үлкен өзгеріс пайда болып, бойыңызды бір қалыпта ұстай аласыз. Белтемірге көп тартылатын адамның бойы тез өседі деген сөзді жиі естиміз. Алайда бойдың өсуі тек белтемірге байланысты емес. Егер салауатты өмір салтын ұстанып, денеңіз бен бұлшықетіңізді қатайтатын жаттығулар жасасаңыз, бойыңыз өзгелерден ұзын болып өседі.......
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақи ырым тыйымдар

Дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған атам қазақ ырым-тыйымдары арқылы тәрбие берген. Ырым-тыйымның пайдасы да ұшан-теңіз...

Қыз өкпелегіш болса – ырысы кем болады.
Жеңілтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.
Қыз баланың бір тал түскен шашын кез келген жерге тастамайды, құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығады.
Қалы үлкейіп кетпесін деп, қалымен туған балаға «Қалдыгүл, Қалдыбай» деп ат қояды.
Әйел итке тас лақтырса – үйдің ырысы кетеді, әйелдің бағы қайтады.
Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.
Келін бала көтермесе, нағашы жұртының бір баласын қойнына алып жатады.
Жүкті әйел шашын кессе - іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі.
Ана баланы дәретсіз емізбейді.
Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.
Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса – нәрестесі кем туады немесе түсік тастайды.......
Кеңестер
Толық
0 0

Баланың салған суреті бүкіл отбасының психологиясы

Балаңыз сурет салып жатқанда, оны түзетуге не көмектесуге талпынбаңыз. Тек отбасы мүшелерін қандай ретпен салып жатқанын сырттай бақылап тұрыңыз. Сурет дайын болғанда, балаңыздан оның кейіпкерлерінің есімдерін сұраңыз.

? Реті бойынша. Үй ішіндегілердің пайда болу реттілігі балғын суретшінің оларға деген қатынасын көрсетеді. Әдетте балалар ең жақсы көретін жанды бірінші салады. Егер ол біреуді ұмытып кетсе, демек баланың ол адаммен қарым-қатынасы шиеленісті болуы мүмкін. Балалар әдетте өздерін суреттің ортасына орналастырады. Бұл оның ата-анасының өзін жақсы көретініне сенімділігін көрсетеді. Ал егер өзін салмаған болса, ол өзін жалғыз, әрі сүйкімсіз, керексіз сезінеді. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Табақ тарту ережесі

Сый табақ - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе.

? Құда табақ - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық бауыр.

? Құдағи табақ - жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік.

? Жеңге табақ - асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, құйрық, өкпе, ұлтабар.

? Беташар табақ - сүбе, төс еті, қарын, ащы ішек, құйымшақ, мойын омыртқа.

? Күйеу табақ - төс, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа еті, қазы-қарта, жауырын, қойдың. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Тұмаудан сақтанудың тиімді жолдары немесе тұмауратып қалсаңыз не істеу керек?

Қыс түсіп, күн суыған бетте көпшілігіміз тұмаудың шырмауына түсіп, шырқымыз бұзылатыны бар. Кейбіріміз алғашқы белгілерін байқасақ та, нендей шара қолданарымызды білмейміз. Сонымен, тұмаудан қалай тез айығуға болады? Немесе оның алдын алу үшін не істеу керек?
Кеңестер
Толық
0 0

Бетті жасартуға арналған 3 маска

Картоп крахмалы - бетті жасартуға жақсы көмектесетін ингредиенттің бірі. Маска үй жағдайында жасауға арналған.

✅ Бірінші рецепт.
1 ас қасық картоп крахмалын 1 ас қасық сүтпен араластырыңыз. Қоспаға 1 шай қасық шабдалы майын қосыңыз. Жақсылап араластырып, бетке жұқа етіп жағыңыз.
Жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Миға арналған дәрумендер

Миға қандай дәрумендер пайдалы? Сөзсіз, барлығы. Бірақ, кейбірі — ерекше пайдалы. Нақты бір дәрумендердің жетіспеушілігі біздің ой-қабілетімізге теріс әсер етеді. Ол қандай дәрумендер?

Заманауи медицина бекітеді: ағзада әрдайым кейбір дәрумендер және микроэлементтер қоры болса, егде жас кезінде де ой-қабілеті күшті, ақыл-есі жақсы болады. Бұл, соншалықты таңғаларлық емес.

Біріншіден, мидың қалыпты жұмыс жасауы үшін оттегі қажет, бұл дегеніміз, оттегін тасымалдауда және тканьдік тыныс алуға белсенді қатысатын дәрумендер де қажет. Бұл бірінші кезекте цианкобаламин (В12) және фолий қышқылы (В9). ......
Кеңестер
Толық
0 0

Бөлме гүлін баптау

? Бөлме гүлдерін күту оңай көрінгенімен, әсте, олай емес. Оның да өз ережелері мен құпиялары бар. Жалпы, гүл күтімінде неге мән берген жөн? Егер гүлдеріңіз көз қуантудың орнына күннен-күнге солып бара жатса, онда оның себебін тезірек анықтаңыз.

? Гүл өсіруші мамандар гүлді сатып алғаннан бір-екі ай уақыт өтпей жатып, ол сола бастаса, мұның себебі дұрыс күтім жасалмағаннан екенін айтады. Демек, жарықтың дұрыс түспеуі, гүлдің табиғатына сай орында тұрмауы немесе суаруда қандай да бір қателіктердің орын алғанын білдіреді. Ал егер алған гүліңіздің 2-3 ай уақыттан кейін сола бастағанын байқасаңыз, оның себебі – зиянкестердің пайда болуында немесе гүл отырғызған топырақтың құнарсыздығы. Бұл – мамандардың ойы. ......
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
0 0

Қыз балаға мұсылманша аттар

А
Айла — ай секілді сұлу, аймен нұрланған.
Азиза — күшті, бағалы, қымбат, сүйкімді.
Ажар – жақсы, әдемі, бірегей. Ибраһим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) жары, Исмаил пайғамбардың анасы, Зәм-зәм суы берілген ардақты әйел.Аиша (араб.) — тірі, өмір сүруші. Мұсылмандар анасы, Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбардың сүйікті әйелінің есімі.
Әлия (араб.) — асқақ, көрнекті.
Әмина — сенімді, адал. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) анасының есімі.
Амира — бұйрық беруші, ханшайым.
Аниса — жақын дос, жылы шырайлы, жайдары, жарқын.
Асма — биік, ұлы. Аиша анамыздың (оған Алла разы болсын) сіңілсі, Әбу Бәкірдің (оған Алла разы болсын) екінші қызы. Өз заманында ақылдылығымен, жомарттығымен танылған жүз жасаған сахаба әйел.......
Кеңестер
Толық
0 0