Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Көшбасшылардың бірі

Бәрі де сол Мәшһүр Жүсіп шығармаларына құмарлықтан басталды. Қолыма түскен Мәшһүр шығармаларын оқып танысқан сайын азды-көпті түйген ойымды қағаз бетіне түсіруге тырыстым. Сол танымдық дүниелерімді біртіндеп газет-журналдарға ұсындым.

Солардың бірі «Абай мен Мәшһүр Жүсіптің партияға көзқарасы» атты мақалам жаңадан шыға бастаған республикалық «Ұлағат» журналының №1-санында жарық көруі көңілімді қуанышқа бөледі. Мәшекеңнің еңбегін шамам жеткенше оқып-зерделеуге, оқырманмен ой бөлісуге ынталандыра түсті.

Сол тұста С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы (мұнан әрі орталық) жұмыс істейтінін естіп білдім. Орталық директоры филология ғылымдарының докторы, белгілі Мәшһүртанушы Айтмұханбет Тұрышев мырза орнында екен, жылы қарсы алды. Орталықтың атқарған, атқармақ жұмыстарына аз-кем тоқталған ол:

– Әкелген материалдарыңызды тастап кетіңіз. Өзіңіз айтқандай жілігі татып жатса, алда шығатын кітапшасына іліктіреміз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Қазақтың тірегі мен жүрегі


Қазақ баспасөзінің, әсіресе, «Қазақ әдебиеті» газетінің қазақ қауымы үшін алар орны ерекше. Бұл бұрын да, бүгін де, Алла жазса, ертең де солай болып қала бермек. Ежелден-ақ қазақ жыртысын жыртып, ұлт мұңын мұңдап келе жатқан газет бұл күнде ел назарын өзіне аударған.

Күн тәртібіндегі шилі мәселеге айнала жаздап тұрған жер қатынастары туралы да бірталай ортаға ой тастап, олжа салар дүниелерді жариялап үлгерді. Солардың бірі газеттің үстіміздегі жылғы 5-11 тамыздағы №29- санында жарияланған Қорабай Шәкіровтың «Қазақ жерінің қамын ойлай...» атты мақаласы автор туған жер туралы толғанысын бірталай бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі болар өнегелі жайларды қозғай келіп, орын алып отырған олқылықтардың орнын толтыруға, істі алға бастыруға бағытталған өзінің т.б.

Бірталай азаматтардың ойларын ортаға салып, нақтылы мысалдар келтіреді. Соның бірі – Шарбақты ауданындағы «Победа» шаруашылығында. Өңірдегі шаруашылықтардың шаруасы шатқаяқтап, шаңырағы ортасына түскен адамдардың үкілі үміті желге ұшқан тұста облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі болған едік. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Абылай Мәшһүр жазбаларында

Мәшһүр Жүсіпті ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы ғалым ретінде танып-біле бастаған шақта оның осы саладағы еңбегі том-том болып жарық көрді. Алғашқысында кейбіреулерге асыра айтылған сөз ретінде көрінген де болар. Енді, міне, сол күңгірт күмән сейіліп, Мәшһүр жинаған ауыз әдебиеті (Мұнан әрі жазбалары) үлгілерімен қалағанымызша сусындауға мүмкіндік алдық. Оған басты себеп Мәшекеңнің «ЭКО» ЖШС баспасынынан 2013 жылы 20 томдығының жарық көруі.

Осы томдықтардың 9-томы 14 беттен 160 бетке дейін қазақтың ұлы ханы Абылайға арналған. Басқа томдарында да Абылай туралы жазғандары кездесіп отырады. Сол мұраның «Абылайдың тұтқын болуы» атты әңгімелеріне тоқталмақпыз. Аталған әңгіме 10 нұсқадан тұратыны көрсетілген (А.Қ.Жүсіпова). .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Варианттар мен дублеттер

Тілдегінің бәрі жіпке тізген моншақтай қаз-қатар жұмсала бермейді, жазық алқаптағыдай оның да “кедір-бұдыры” болады, топтасқан, “тыраштанған” қат-қабаттары, ат құйрығына жабысқан тікенектей басы артық сөздері де болады. Соларды саралап, керегін өз орнында пайдалана білу тіл жұмсаушылар мәдениетінің өз дәрежесінде болуын керек етеді. Ол үшін тілдің асыл қазынасындағылардың қоғамға істер қызметі, мүмкіншілігі орасан мол, зор екеніне сену керек. Егер тілде синоним, антоним, сөз варианттары мен дублеттер болмаса, әдеби тіл шаблон, штамптардан көз аша алмаған болар еді. Бірақ солардың бәрі бірдей дәрежеде тілдің ділгірлік қажетін өтей бермейді. Мысалы, қарапайым сөздер (просторечные слова) әдеби тіл байлығы деп есептелмейді, бірақ олардың да бірқатары бір кезде әдеби норма болып есептеліп, әдеби тілдің қазіргі даму барысында өзгеріске ұшырап (мысалы, кірме сөздер), басқаша вариантта жұмсалатындары да ауызекі тілде кездесе береді. Олардың бәрі болмағанмен, көпшілігі әдебилік қасиетін жояды; басқаша айтқанда, норма болып есептелмейді. Мысалы, уағда – уәде, фікір– пікір, адабиат – әдебиет, хауа – ауа, мехнат – бейнет, мағлұм– мәлім, ғұмыр– өмір, харакет – әрекет, хұкім – үкім, хакім – әкім, миллат – ұлт, зиялылар – интеллигенттер, социалды – социалистік т. б.

Ш. Ш. Сарыбаев осылардай, өзге тілдей етіп, ауызекі тілде жұмсалатын сөздерді қарапайым (просторечные) сөз қатарында таниды [1,45]. Олар қазір солай болғанмен, ертеде әдеби тіл дамуының бір кезеңінде норма есебінде жұмсалатын. Қазір ол ескіге әуесқойлар арасында көп жұмсалады. Сондайға әуесқой болатындар әдеби нормадан шығып қалған кейбір сөздерді (мысалы, һам, хұкімәт, мехнат) және кейбір грамматикалық тұлғаларды (мысалы, айтылмыш) жұмсау әдеби тілді байытудың қамы деп ойлайды. Бірақ онымен бұл құбылыстар әдебиеттік сипат алып, жұрттың бәріне бірдей танымал, ортақ қолданысқа айналмады.1

Осылайша, өзге тілден ауысқан сөздердің әдеби бола жүріп, кейін әдеби нормалардың варианттары қатарында жұмсалатындары бар. Ондай кірме сөздердің әдеби нормаға жататын сыңары бола тұра, ауызекі тілде олардың қарапайым варианттары да болады. Мысалы, орыс тілінен енген төмендегі сөздердің қарапайым варианттарын келтірейік. Адвокат– атпекет, билет– белет, док­тор– лөктыр, генерал – жандарал, фельдшер– пелшир, география– жаграпия, философия – фалсапа, почта – поштабай.

Қазіргі әдеби тілде мұндайлар тек персонаждар тілінде және білімі төмен қарапайым адамдардың сөздерінде кездеседі, олар норма емес. Орыс тілінен енген біраз сөздерді солай өзгертіп айта жүріп, әдебиетке енгізе келе, нормаға айналғандары да бар. Мы­салы: цер-ковь – шіркеу, деньги – теңге, батист – бәтес, ящик– жәшік, сумма– сом, суд– сот, ботинки – бәтеңке, минута– ми­нут, газета– газет.

Егер өзге тілден ауысқан сөздер тікелей әдеби тілге енбей, сөйлеу тілі арқылы фонетикалық өзгеріске ұшырап, жалпы халықтық сипатымен әдеби тілге енгенде, олардың көбі сол өзгерген тұрқын сақтайды. Мысалы, орыс тілінен – болыс, сот, түрме, доға, кереует, самаурын бәтеңке, жәшік сөздері араб-парсы тілдерінен – мектеп, қалам, қағаз, шелпек, әм, қожа, молда, есеп-қисап, мекеме, мемлекет, өкімет, отан, аспап, мәлім сөздері енген.

Осылай, ауызекі тілде сөздердің айтылуы әдеби тілге еніп қалыптасса, нормаға айналады да, қалыптаспаса, айтылуы мен жазылуы арасында алшақтық болса, әдеби тілдегі сыңары үстем болып, сол нормаға айналады. Мысалы, география – жағрапия, философия — фалсапа, билет – белет т. б. Сөзді дұрыс айту дағдысы семьядан, мектептен басталады. Осы екі арада да қайшылық бола береді. Кісінің бала кезіндегі дағдысы әдетке айналса, одан көпке дейін арыла алмайды. Қазақ “Ауру қалса да, әдет қалмайды” дегенді айтқанда, әдеттің көпке созылатынын айтқан болу керек. Адам өсе, есейе келе оқу-білімге қолы жеткен соң, “Әдет – әдет емес, жөн – әдет” дейтін болды. Ұғына жүре, тәлім-тәрбие, соның бірі тілдік тәрбие ала жүріп, ұнамсыз әдеттен арыла берді. Жеке кісілердің тілінде тіл мәдениеті тұрғысынан алып қарағанда, жөнсіз ауытқуларға жататын диалектизмдер, жаргон, қарапайым сөздер кездеседі. Солардың ішінде фонетикалық дублеттердің де жөнсіз қолданылғандары да бар. Мысалы, пітіру – бітіру, дуз– жүз, кигіз– киіз, дізе – тізе, жоңыршқа – жоңышқа, кеуіл– көңіл, құдағай – құдағи т. б.

Сөздің тұрқын бұзбай, дұрыс айтуға дағдылану, орфоэпиялық нормаларды сақтап айту – тіл мәдениетінің басты талабы. Ана тілін қадір тұтатын әрбір азамат тіл байлықтарының сымбатты сиқын бұзбауға тырысу керек.

Бір ұғымды бірнеше сөзбен айту — тілдің табиғатына тән. Олардың бірқатары синонимдік қатарға айналып, тіл байлығын молайтып, коммуникативті қызметін икемді етеді. Мысалы: бет, жүз, дидар, келбет, мақұл, дұрыс, жарайды, құп, болады, ия... Мұндай мәндес сөздердің әрқайсысының мағыналық, стильдік ерекшеліктері болатындықтан, бәрі де тең праволы тіл байлығы деп есептеледі. Ал кейбір сөздерді әр жерде әр түрлі орайда қабылдап, түрліше атау да тіл табиғатына жат емес. Мысалы, оттық, шырпы, шақпақ, ши шақпақ, сіріңке, күкірт, спичка сияқты бір заттың бірнеше аты болуы түсінікті. Сол затқа қойылған ат бірде қызметіне (оттық, шақпақ), бірде бөлшектеріне (ши шақпақ) қарап қойылған болса, күкірт, спичка дегендер — өзге тілден ауысқан сөздер. Бәрінің де жөн-жобасы дұрыс жасалған сөздер. Бірақ әдеби тілдің мәдениеті тұрғысынан қарағанда, солардың бәрінің жарыса қолданып, бір заттың атын білдіруі лайықсыз-ақ. Сондай- ақ “подорожник” деген есімдіктің бірнеше аты бар екен. Соның “атқұлақ” дегенін нормаға айналдыру керек.

Кейде мәндес сөздер синоним қатарларын құрамаса да, әрқайсысы өз тұрпатын сақтап жұмсалуында пәлендей мағыналық айырмашылық сезілмейді, тек бір сөзді қайталай беру стильдік тұрғыдан дұрыс болмайтындықтан, оны түрлендіру үшін және жеке кісілердің сөз қолдану дағдысы әдеби тілге еніп, жиі қолданылатындықтан, жарыспалы сөздердің біразының, айқай – айғай сияқты, нормалық дәрежесі бірдей деуге болады. Мысалы, сияқты, сықылды, секілді, тәрізділердің бәрі — норма. Кейбіреулер ескірген — рәуішті, сиықты, құралпы сөздерін қолданады. Жарыспалы сөздердің бірқатарының әдеби варианты анықталмай келе жатыр. Олардың қайсысы озып шығатыны қазір белгісіз, келешекте сыңар сөздер мағыналық дифференциацияға түсіп, әрбіреуі өз алдына жеке мағынада жұмсалып кетуі де мүмкін.

Сөз варианттарының түрі көп. Олар И. Ұйықбаевтың “Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы” (1976) деген кітабында қамтылған. Оларды қайталаудың қажеті болмас. Бұл арада солардың норма болып қалыптасқандарын нормадан тыс жатқандарымен салыстыру арқылы, олардың әдеби тілге қатынасын айқындау керек.

Дублет сөздердің варианттылық қатарларының құрамы әр түрлі болатыны мәлім. Олардың диалектизм, қарапайым, әдеби екендігін дұрыс айыра білсек, құрамындағы сөздердің нормалық сипатын дұрыс тани аламыз. Мысалы, сөйлеу тілінде нән балық, жұмыс жасадық, маңлайы тасқа тірелді, тамақ пысты, ауқаттанып алайық, кигіз қалпақ сияқтылар кездессе, осы сөздердің әдеби еместігін тіл мәдениеті жоғары адам бірден сезеді. Ғалымдар, әдебиетшілер мен журналистер мұндай сөздерді дұрыс танып, әдеби тілде дұрыс қолданумен ғана тынбай, басқаларға да жөн сілтеп отырса, құба-құп болар еді. Тіл жұмсауға жауапты, ұқыпты қарайтын кісілердің де кейде сөйлегенде, жазғанда өз аулының тіл ерекшеліктерінің ықпалында болатыны түсінікті. Олар біртіндеп өз аулының сөздерінен арылып, әдеби тіл өрнектеріне үйір болу ке­рек. Сондайда ескерілуге тиісті дублет сөздер мына сияқтылар болады. Әдеби тіл дамуында дублет сөздердің бір сыңарын ғана тандап жазу орфографиялық ережелері негізінде жасалған орфографиялық сөздіктер аркылы ретке салынып келді. Мысалы, және– жана, өйткені – үйткені, үшін– ұшын сөздері 20– 30 жылдары жарыса қолданылып келсе, одан кейінгі жылдары дублет сөздердің бір сыңары тілде бұрын бар сөздермен айтылуы үйлес болғандарын жарыстырып жазбайтын, айтпайтын болдық: және – жалғаулық, жана – етістік, өйткені– жалғаулық, үйткені– тәуелдеулі есімше, үшін – демеу, ұшын – етістік.

Сонымен қатар біраз дублет сөздерге түрлі мағына телу арқылы да, олар әдеби тілде бұрынғысынша жарыса қолдана беретін болды. Мысалы: өкімет (власть) — үкімет (правительство), дайындау (готовить, заготовить), тағайындау (назначить), ілім (уче-ние), білім (знание), ғылым (наука). Осылай тілде бар жарыспалы сөздерге мағына телу арқылы да жаңа сөз жасауда жасандылығы көпке кейін сезіліп, үйреншікті болмай, жүре-бара нормаға айналды. Бір сөзді түрлендіріп айту орайында пайда болған кісі аттары сияқты (мысалы, Асан, Хасан, Қасен, парсыша – Хасан), жарыспалы дублеттерді бөлек-бөлек мағыналы сөзге айналдыру мүмкін бола бермейді. Ал халық аузында барды “Халық айтса, қалп айтпайды” деп дәріптеп, жапа-тармағай әдеби тілге қаптата беру – тіл мәдениетінің дәрежесін төмендетеді. Қазақ тіліндегі сөздерді құбылтып, әр жерде әр түрлі, тіпті бір өңірдегі біреулерінің бір түрлі, енді біреулері екінші түрлі айтуын да, жазуын да мақтан етуге болмайды: қалай етіп– қайтып– кәйтіп, жариялау – жәриялау, көңіл– кеуіл, қазір – кәзір, бірдеңе– бірдеңке, бірдеме, әдет – ғадат, Камшат – Кәмшәт, шай – шәй, шаһар– шәһәр, ештеме – ештеңке – іштеңе, жайлы – жәйлі, жайлым– жәйлім, пісті – пысты, ащы – әшті, алып кел– әкел – әпкел, бітіру– пітіру т. б.

Осылардың алдыңғылары көпке ортақ, әдебиетте жиі қолданылады да, соңғылары (сызықшадан кейінгілері) сирек қолданылады. Алдыңғылары ауызекі тілде ғана емес, әдебиетте де, әсіресе көркем әдебиетте көбірек кездеседі.

Дегенмен, жарыспалы сөздердің санын барынша азайту керек. Ол үшін тек “мен білсемге” салмай, қай варианттың норма, жиілігіне назар аудару керек. Сөз саны есепке алынған “Абай жолы” романында, мысалы жай сын есімі – 617 рет, жәй – 17 рет, жайлы – 39 рет, жәйлі – 6 рет, жайылым зат есімі – 5 рет, жәйілім – 1 рет, жайсыз – 16 рет, жәйсіз– 2 рет қолданылыпты. Осылардың жиі қолданылған варианттары норма да, азы – нормадан ауытқулары. Айқайла – 195 рет, айғайла – 95 рет қолданған. Абайдың өлеңдерінде де айғай жиі қолданылады; Мысалы:

Жартасқа бардым,

Күнде айғай салдым.

Қазіргі баспасөзде айқай сөзінің айғай болып та жұмсалу арасы шамалас болғандықтан, орфографиялық сөздікте (1978) ол екеуінің де нормалық дәрежесі бірдей болып көрсетілді. Аталған сөздікте жұмсалу дәрежесі бірдей басқа да бірнеше дублеттер енгізілген. Олардың екеуін де жаза беруге болады деген мақсатпен арасына ж/ және таңбасы қойылған. Мысалы: бұнда ж. мұнда, бұндай ж. мұндай, бұнша ж. мұнша, разы ж. ырза, риза.

Түбірде сөздерді осылардай түрліше таңбалап, жарыстырып жаза беруді барынша азайту керек. Дайындау– даярлау, суару – суғару, жиылыс – жиналыс, қадам – адым сияқты сөздердің екі түрлі жұмсалуында аз да болса мағыналық, стильдік өң, айырмашылық болса, әрине, олар әдеби тілде норма ретінде сақталуға тиіс. Ал, мысалы, рұқсат – рұхсат – ұлықсат, бәйге– бәйгі, қария– кәрия сөздерінің жұмсалуында ондай қызмет болмаса, олардың әдебиетте колданылуын нормадан ауытқу деп қараймыз. Ауытқу персонаж сөзінде, өлең ұйқасында кездессе, олар кешірімді, жөнімен ауытқуға жатады. Мысалы:

Буынсыз тілің,

Буулы сөзің

Әсерлі адам ұғлына.

Кісінің сөзін

Ұққыш-ақ өзің

Қисығын түзеп тұғрыға.

(Абай)

Кейбір атаулар әдеби тіл тарихында, ауыз әдебиетінде түрліше аталып, түрліше түсінік алып кеткен болатын, мысалы, шаһар– кент – қала, мола – мазар:

Кентті жерді жайлаған

Үзілмейді базары.

Қайда қалмас жігіттің,

Өлгеннен соң мазары?

(Қобыланды батыр)

Мұндайлар историзм, диалектизм орайында керекті жерінде қолданылуы мүмкін, бірақ әдеби норма болып есептелмейді.

Қысқасы, сөздің дыбыстық құрамын өзгертіп, бұзып айту, әр жерде әр түрлі жұмсалуы көп адамға үйреншікті сөз қолдану әдеті болмауға тиіс.

Вариантты дублеттерді сұрыптап, бір сыңарын әдеби тілдің нормасына айналдырудың көптеген жолы бар: орфография ережелері, сөздіктер мен оқулықтар арқылы таңдау, талғау жолы. Мұнда да субъективтік көзқарастар кездесіп қалуы мүмкін. Олай болмау үшін ғылыми дәлелдерге сүйену керек. Вариантты дублеттердің қайсысы әдеби (норма), қайсысы әдеби емес (норма емес) екенін говорлар аясында шешуге болмайды. Қазақ тілінде осы мәселені шешуге негіз болатын тірек (опорный) диалект болмаған соң, әдеби тіл жалпы халық тілі негізінде, жергілікті өлке, аймақ, облыстардағы халықтар тіл ерекшеліктерінің (бірінде аз, бірінде көп) жасалғандықтан, варианттардың нормалық дәрежесі ала-құла. Мысалы, а, ә дыбыстарының алмасуы орайында жасалған дублеттерде а—ә, б—п варианттарының ә, п дыбыстарынан басталатындары көбінесе оңтүстікке тән болғанмен, басқа жерлердегі олардың а, б варианттылары баспасөзге жиі жазылып та нормаға айналған. Сондықтан олардың жігі айқын емес, аралас-құралас жұмсалады. Қалай да ондайлардың әдеби тілдегі жұмсалу салмағына қарап, жарыстырып қоя бермей, мүмкін болғанынша таразының басым жағындағыларды нормалауға айналдыруға тырысу керек. Сол тұрғыдан дыбыс алмасуы орайында пайда болған дублеттер қатарларындағы басы артық варианттарды қабылдамай, ең тиімді, дұрыс деп танылғандарды ғана сөздіктерге енгізіп, баспасөзде емін-еркін бір вариантта қолдануға болады. Олардың біразын төмендегіше нормалағанымызды төмендегі кестелерден көруге болады.

Жуан-жіңішке вариантты дублеттер

а-е

а-ә

аралас

норма

ауытқу

норма

ауытқу

норма

ауытқу

абыржу

абзал

аруақ

абжылан

жай

жайшылық

ашты

қария

куәландыру

қартамыш

алдақашан

қартайды

қаһарын төгу

әбіржу

әбзел

әруақ

әбжылан

жәй

жәйшылық

кәрия

кәртеміш

кәртейді

кәрін төгу

әжуа

әбігер

әбдіре

әжім

жәдігөй

бәйшешек

бәйтерек

кәрі

нәтиже

уәде

шәлі

ажуа

абыгер

абдыра

ажым

жадыгөй

байшешек

байтерек

қары

натижа

уағда

шалы

әрдайым

жәрмеңке

әрекет

әріп

әзірет

әділет

әділдік

ащы

куәлендіру

әлдеқашан

егер

әрдәйім

жәрмеңке

қаракет

қарып

қазырет

ғаділет

ғаділдік

әщі,

әгер

залым

зәлім




т-д, бей-би вариантты дублеттер

т-д

бей -би

норма

ауытқу

норма

ауытқу

диірмен

доп

доғару

түз

тажал

дайын

тұзақ

тізе

дайындау

даяр

дәреже

домалақ

тиірмен

топ

тоғару

дүз

дажал

тайын

дұзақ

дізе

тайындау

таяр

даража

тұмалақ, дұмалақ

беймаза

бимазалану

бейберекет

бейхабар

бейгүна

бейсауат

беймаза

беймәлім

беймезгіл

бизмаза

бимазалану

биберекет

бихабар

бейгүнә

бисауат

бимаза

бимәлім

бимезгіл

п — б вариантты дублеттер



норма

ауытқу

норма

ауытқу

бітір

балуан

бұйда

бірадар

пенде

байымдау

бәлекет

биязы

пияз

биязпітір

палуан

пида

пірадыр

бенде

пайымдау

пәлекет

пиязы

палау

балуан

пейіл

бесене

бәлекет

бал ашу

бәленше

балау

палуан

бейіл

бекене

пәкене

пәлекет

пал ашу

паланша

Бұл кестелерге қарағанда, сөздердің нормалық дыбыс құрамын не жуан, не жіңішке, не катаң, не ұяңнан басталатынына қарап, кесіп айтуға болмайды. Сондықтан бірде бір вариантын, тағы бірде екінші вариантын норма деп тану үшін әдеби тілде қолдану жиілігіне қарау керек. Дублеттерді, варианттарды нормаға, бір ізге түсіру мәселесіне немқұрайды қарауға болмайды. Ондайды реттеу, нормалау тіл мәдениетін арттырып, анархияға тыйым салу, әдеби тілдің айқындылығы мен дәлдігі үшін керек. Төмендегі лексика-семантикалық варианттарды норма тұрғысынан саралап көрейік.

әдеби норма

әдеби емес, ауытқу

әдеби норма

әдеби емес, ауытқу

кішкене

зор, дәу

үлкен

тіпті, өте

дөңгелек

бәкі

қабырға

бітегене

нән

ірә//іре

тегершік

шаппа

жар

елек

иінағаш

қысқаш

шұбат

тамақ

елгезер

күйенте

тістеуік

қымыран

ауқат

Мәулен Балақайұлы Балақаев

«Қазақ әдеби тілі»- Алматы, 2007.- 438- 446 б.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Біз де бала болғанбыз

Оқу жылы аяқталысымен жұмыс істеуге жараған балалардың көпшілігі шабындықты алқапқа шалғы түсер күнді асыға күтеді. Жылдағы әдет бұл. Ақыры ол күн де келіп жетті. Балалар жағы Жазаға деп атап кеткен бригадир Жазубай Әбиев аға жылдағыдай әр балаға кімнің тіркемешесі болатынын айтып тұр. Міне ол менің есімімді атады.

– Сен, Игілік Шекебаев ағаңның тіркемешесі боласың, – деді . Мен Игілік ағаның «Беларусіне» қарай беттедім. Ол кісі шөп машинасын майлап жатыр еді. Мені көріп:

– Е, сен екеуміз тағы да бірге істейтін болдық па? Дұрыс-ақ, – дей келіп шөп машинасының қай жерін майлау керектігін тәтпіштеп түсіндірді. Іле іске кірістік. Тырнадай тізбектелген тракторлар... Шалғы ізінде қалып бара жатқан шабылған шөп. Күн көтерілген сайын ысып сала берген шабындықты алқап. Сол алқапта бітік өскен сан алуан шөптердің танауыңды қытықтаған жұпар исі көңілге әлдебір қуаныш сезімін ұялататындай. Жұмыс күні де аяқталды. Бригада машинасының қарасы көрінді. Ол тоқтаған тұста Жазубай ағаның: « Кәне шалғыларыңды кузовқа салыңдар!» – деген даусы естілетін. Бүгін олай болмады. Іле Жазағаңның машинасы сынып қалғаны белгілі болды. Сол сәт мен Байқожаға қалай жетер екенмін деп ойлаумен болдым. Шоманға келген тұста Игілік аға мені күнде бригадир Байқожаға апарып тастайтынын, үйім сонда тұратынын айтып көріп еді. Жүргізуші: «Мен ештеңе білмеймін», – деп түсіріп тастады. Күн қасқарайып бара жатты. Жүгіріп кеңсенің тұсынан өте бергенімде: «Тоқта, тоқта дедім ғой мен саған», – деген зілді дауыс еріксіз .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Эдгар По | Ұзынша жәшік


Бұдан бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Каролина штатындағы Чарлстоннан Нью-Йоркке бару үшін капитан Харди басқаратын «Индепенденс» деген тамаша пакетботтан жеке каюта алдым. Егер ауа райы бөгет болмаса,— сол айдың (июнь) он бесінде сапарға шығу белгіленді де, мен жүктерімнің қалай жайғастырылып жатқаның қадағалайын деп он төртінде кемеге келдім. Ығы-жығы жолаушылардың басым көпшілігі әйелдер болатынын пакетботқа келген соң барып білдім. Тізімнен бірнеше таныс фамилияға көзім түсті, әсіресе көңілдес жас суретші мистер Корнелий Уайеттің сапарлас болатының білгенде қатты қуандым. Біз онымен III университетінде бірге оқыған едік, тіпті жұбымыз жазылмайтын-ды. Өзгеден артық туған барлық данышпандар секілді оның да мінезі біртүрлі енжарлық пен қызбалықтың, көрсе қызарлық пен ұшқалақтықтың жиынтық жетегі болатын. Бұған оның бұл жалғанда болып көрмеген мейлінше адал да ақжүрек адам екенін қосыңыз.

Менің байқағаным, оның атына үш каюта белгіленіпті, жолаушылар тізімін қайта қараған кезімде бұл сапарға оның өзі ғана емес, жұбайы мен екі қарындасы да бірге бара жатқаның білдім. Каюталар әжептәуір кең, әрқайсысында екі төсектен болатын. Рас, төсектер тар, тіпті оларға бір адам зорға сыйып жағатын. Әйтсе де сол төртеуіне екі каюта емес, үш каютаның неге керек болғанына мен мүлде түсінбедім. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Газеттің 85 жылдығына


Ажалдан басқаға ...



Бір күні газет редакторы Рафағат Сыздықов Октябьрдің 40 жылдығы атындағы совхозға іссапарға баратынымды айта келіп: «Қалғанын жауапты хатшы Шакірат Дәулетжанұлы түсіндіреді», – деген. Шәкең өзінің кабинетінде іссапарға барғанда кіммен қалай сөйлесетінімді, кімге қандай сұрақ қоятынымды, ұзақ тәтпіштей түсіндірді. Совхоз кеңсесіндегілер мені шаруашылық орталығында орналасқан бөлімшенің басқарушысы Балықпай Әбілқасовқа жіберген.

Ол кісінің құлағы тосаңдау екен. Кім екенімді, неге келгенімді әрең түсіндірдім. Осы сәтте біз отырған бөлмеге бір топ қыз келіп кірді. Олар осындағы есепші қызбен әңгімелесіп отырды. Солардың бірін Балықбай аға Қатай Есмақаевты шақыруға жіберді. Өзін бөлімше зоотехнигі деп таныстырған Қатай аға: «Мен сіздің сауалдарыңызға жауап беруге әзірмін», –деді жымия күліп. Ол кісі әзір болғанмен сауал қоюға мен әзір болмай шықтым. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Нар тәуекел еткен екен

Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы кеңшар жиырмасыншы ғасырдың екінші жарты жылдығында еңсе көтеріп, іргелі ел қатарына қосылған. 1961 -жылы сол кездегі «Шадыра» совхозынан бөлініп, жеке совхоз болып шаңырақ көтерген.

Ол кезде бұл елді мекен «Жаңажол» совхозы аталатын. Аудандағы орта шаруашылықтардың бірі еді. Өткен отыз екі, отыз үш жылда сол қалпынан бір танған емес.

Рас, сонау бір жылдарда Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметов директор болған тұста әр сала бойынша арты аудан, алды облыс көлемінде жеңімпаз деп танылып, ауыспалы Қызыл туларды жеңіп алған тұстары да болған. Тек мұндай жұлдызды сәттері ұзаққа бармаған. Шаруашылықтың ірге тасы берік болғанымен, шаруасы шалқыған ел еді деп айта қою қиын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Владимир Набоков | Чорбтың оралуы


Ерлі-зайыпты Келлерлер театрдан кеш шықты. Осы бір кеште ауасы күңгірт, бұлыңғыр, сегіз ғасырдан бері бетіне собордың бейнесі түсіп, майда толқындар жүзін өрнектейтін де жататын өзені бар тып-тыныш герман қаласы Вагнер музыкаға мелдектегенше тойған еді. Келлер театрдан шыққаннан кейін әйелін ақ шарабымен аты шыққан, жақсы бір қабаққа алып барды, сонан кейін тек сағат екілерде ғана, ішіндегі жарығы адамға сондай жайсыз тиетін бір автомобильмен, қаңырап жатқан өлі көшелерді қуалап, темір қақпалы еңселі бір жер үйге жетті. Президент Крюгерге қатты ұқсайтын, төртбақ келген қарт неміс Келлер сыртқа бірінші шықты. Шам жарығынан жапырақтардың алашұбар көлеңкелері аяқ астында қозғалып жатыр. Ең алдымен жарық Келлердің аппақ крахмал омырауына түсті, оның соңынан көйлегіндегі асыл тастардың талшықтары жылт-жылт етіп, алдымен толық аяғын созып әйелі де шықты. Ауыз бөлмеде оларды жүгіре басып қарсы алған қызметші әйел, Чорбтың келіп кеткенін жеткізді. Варвара Климовна Келлердің әлі ажарын жоғалтпаған дөңгелек жүзі дір ете түсті де, ішкі толқыныстан қып-қызыл боп кетті:

— Ол сізге, оны ауру деді ме?

Қызметші әйел одан сайын сүйреңдей жөнелді. Келлер қысқа қырқылған ақ шашын сипап тұрды, оның жалпақ, терең әжімді маймыл беті тіпті қартайып салбырап қалды.

— Таң атқанға дейін мен күте алмаймын. Дәл қазір сол жаққа баруымыз керек, — Варвара Николаевна басын шайқап, орыс паригін жауып тұрған жеңіл орамалының ұшын қыса түсті. — Ой, құдайым-ай... Бір ай бойы хат жазбағаны тектен-тек емес қой. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Отарқа талапты жастардың мектебі еді


Иә, шын мәнінде солай болды. «Отарқа» жаңадан ашылған тұста қалада кәсіби журналисті ашық күнде шаммен іздесе де табылмайтын. Бірақ Аманкелді аға әдебиеттен аз кем хабары барларды газетке тарта білді. Жассерік Сәдуақас газетке біржола орналасты, редактордың орынбасары болды.

Оған әр басшының табалдырығын тоздыра жүріп, қоярда қоймай үш бөлмелі пәтер алып берді. Екібастұз ауданына қарасты Өлеңті орта мектебінде ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген менің әдебиетке деген қызығушылығымды, сөз саптасымды байқап (аудандық байқауға қатысып, баллада оқып, жүлделі орын алған едім) газетке – журналистикаға келуіме бірден бір себепкер болған, осы мамандықтың әліпбиінен бастап тәрбиелеген осы Аманкелді Қаңтарбаев болатын.

Ол жылдары шет тілінің маманы аз, Екібастұз аймағындағы көптеген мектептерде шет тілі оқытылмайды. Екібастұз аудандық білім бөлімінің басшысы Зейнолла Молдахметовтың қарсыласқанына қарамастан екі бөлмелі пәтерді тағы да редакцияның қарамағына алдыртып, мені отбасыммен Екібастұзға әкелді. Ес білгеннен Абайдан бастап, Қабдеш Жұмаділов, Дулат Исабаков, Ғафу Қайырбеков, Мұхтар Мағауиндердің әдеби шығармаларын «Жұлдыз» бен «Жалын» журналдарынан оқып, отбасында ата-анамызбен бірге талдап, талқылап отырғандықтан болар, әдебиетке аса құмар болдым. .....
Әңгімелер
Толық
0 0