Мақал - мәтел: Асығу, аптығу, сасу, асықпау

Шапшаңдықтан қашпа, аптығуға баспа.

Қойшы көп болса, қой арам өлер.

Түйе көп болса, жүк симас.

Құдай жүгіртпегенді бұзау жүгіртеді.

Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды.

Асыққанның аяғы етегіне оралады.

Шабан үйрек бұрын ұшар.

Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Азамат, жігіт, ер

Өзімде болмаса, ағайында болсын,
Ағайында болмаса, алғанымда болсын.

Қарына тартпағанның қары сынсын.

Алыста жүрсе кісінескен,
Жақында жүрсе тебіскен.

Жақынды жат етсең,
Жатқа күлкі боларсың.

Қарыстан сүйем жақын.

У ішсең - руыңмен.

Пышақ қанша өткір болса да,
Өз сабын жона алмайды.

Жаттан жеген майлы астан,
Жақынның жұдырығы артық.

Адасқан қаздай, руы аздай.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Денсаулық, дерт, қасірет

Көкті бу көтереді,
Жерді су көтереді,
Жүйрікті ау көтереді.
Жүкті нар көтереді,
Өлімді бар көтереді.

Бұлбұлдан шешен құс жоқ,
Бармақтай-ақ қарасы.
Оқтан жылдам ажал жоқ,
Тырнақтай-ақ жарасы.

Дүниенің қадірін,
Бергенде білерсің.
Жанның қадірін,
Өлерде білерсің.

Көп екен көргеннен көрмегенің
Бәрінен жақсы екен өлмегенің.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Тән, бой, дене, сүйек, тұлға

Тәні саудың - жаны сау.

Тәртіп - тән үшін, ынтымақ - жан үшін керек.

Жан тәнге қонақ.

Қылыш тәнді жаралайды,
Өсек жанды жаралайды.

Оның тәніне шайтан кірген.

Адам тәнінің сұлулығы саулығында.

Жанды сауықтырмай, тәнді сауықтырмайды

Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.

Құдай маған түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.

Ат алсаң бойы менен басын ал,
Қатын алсаң көзі менен қасын ал.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Байлық

Байда пейіл болса,
Кедейде мейір болады.

Байдың малы ортақ.

Байдан жұғар, балдан тамар.

Бай - жарлының бақташысы.

Дәулеттінің дәмімен.

Түгін тартса, түбінен май шығады.

Байдың малы ардақты,
Жарлының жаны ардақты.

Жүзді айдап, бірді жетелеген.

Басытқыға бал ішкен,
Сусынына шай ішкен.

Бай тоқ болмас,
Батыр аш болмас.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0