«БЖЗҚ» басшысының орынбасары Сәуле Егеубаева зейнетақы заңына өзгеріс енетін болса, қазақстандықтар зейнетақыны мерзімінен бұрын алып, оны оқуға, ипотекаға және еміне жұмсай алатынын мәлімдеді. Бұл туралы nur.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Парламент депутаттары кеше зейнетақы қорының тағдырын сөз етті. Халық қалаулылары тұрғындардың қордағы қаражатты мерзімінен бұрын алуына мүмкіндік беру керек дейді.