Қазақта ұмыт болып бара жатқан боза сусыны

Қазақта боза деген ұлттық сусын бар. Бірақ қазір оны көбісі біле бермейді. Дәмін татып көрмек түгілі атын естімегендер де жетерлік. Көп насихатталмағандықтан оның аты белгісіз. Дегенмен артында іздеушісі болғаны жақсы ғой. Сондықтан мен осы сусынның пайдалы-зияндылығын ашып көрмекпін.
Ал онда кеттік!
Боза – дәнді дақылдардан ашытып жасалатын ежелгі сусын. Бір тәулік бойы суға бөктіріліп қойылған дән жармасының сарысуын төгіп тастағаннан кейін, қалған тұнбаға белгілі мөлшерде май, су құйып, оттың табына жайлап қайнатып, ботқа жасайды. Оны суытып қойып, дәнді дақылдың бір түрінен (тары, арпа, т.б.) ашытқы дайындайды. Ол үшін дақылды қажетінше алып, үстіне ыстық су құйып, 3 — 4 сағат бөктіреді де, сүзіп алады. Содан кейін оны жылы жерге жайып қойса, 3 — 4 күнде дәндері өнеді. Және дақыл бірден кеуіп кетпес үшін үстін жауып тастайды. Өндіріп алған соң келіге салып жаншиды. Осылайша дайындалған уытты тұнбаға мөлшерлеп салып, үстіне суытылған қайнаған су құйып, жарты тәуліктей ашытып қояды. Содан соң, дайын қоспадан ыдысқа керегінше салып, қайнаған салқын суға араластырып, сүзгіден өткізеді.......
Кеңестер
Толық
0 0