Ыбырай Алтынсарин туралы реферат қазақша

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.

Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.

1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.

Рефераттар
Толық
147 -84

Қазақша реферат: Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

"Сүйер ұлың болса,
Сен де сүй.
Сүйінерге жарар ол"
(Абай)


Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған.
Рефераттар
Толық
167,5 -93,5

Реферат: Әбу Насыр Әл-Фараби

Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен....
Рефераттар
Толық
263,5 -145,5

Қазақша өмірбаян: Жамбыл Жабайұлы (1846-1946)

Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді.
Ұстазы Сүйінбайдан бата алған Жамбыл Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құланаян Құлмамбет, Шашубаймен айтысып, оларды жеңгеннен кейін Жетісудің ерен жүйрік ақыны....
Өмірбаян / Биография
Толық
146,5 -80,5

Қазақша реферат: Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)

Қазақша реферат: Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің....
Рефераттар
Толық
66,5 -37,5

Қазақша өмірбаян: Махамбет Өтемісұлы (1804-1846)

Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза табады.
Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Жас кезінде хан ордасында тәрбиеленген ақын кейін бөлектеніп кетеді. Халықты, қарашаны қолдаған Махамбет 1829 жылы түрмеге қамалады.
Өмірбаян / Биография
Толық
55 -31

Қазақша реферат: Төрт түлік мал

Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған.

Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл....
Рефераттар
Толық
39,5 -21,5

Қазақша реферат: Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)

Қазаққа ілгерілеу керек болса, мұны аз қалыпта қалдырмай, көбірек тұрсын, бәріне таныс жетілген жұрттардың қатарына қосу керек; олармен бірге адам баласының жеңіл күн көруіне, тегіс бақытты болуына жол табу керек, іздесіп ат салысу керек... Бізге керегі қайткенде солардың білімін тез үйреніп, қайткенде сол қатарға тез қосылу қамын қылу керек.
(Сұлтанмахмұт)


Өмірбаяны

Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта.......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Мазмұны Қазақстан тарихы пәнінен қазақша рефераттар жинағы, Қазақша рефераттар жинағы, Қазақша Реферат, Қазақстан тарихы пәнінен қазақша реферат
1 Өмірбаяны
1.1 Отбасы және балалық шағы
1.2 Қызмет жолы
1.3 Кітаптары
1.4 Дәйексөздері
2 Нұрсұлтан Назарбаев атында
3 Реформалары
4 Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
5 Басқа лауазымдары мен мансаптары
6 Отбасылық жағдайы
7 Дереккөздер
Рефераттар
Толық
132,5 -69,5

Реферат: Мұрат Мөңкеұлы (1843 - 1906)

Мұрат ақын XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың ішіндегі ең көрнектілерінің бірі. Ол 1843 жылы қазіргі Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деген жерде туған. Мұрат жас шағында әкеден жетім қалып, ағасы Матайдың тәрбиесінде өседі. Болашақ ақын ауыл молдасынан оқып.......
Рефераттар
Толық
4 -2