Реферат: Өсімдіктер жайлы мәлімет

Жасыл өсімдіктер — Жер бетінің сәулеті және халық игілігіне жарайтын дәулеті болып есептеледі. Өсімдіктердің тіршілігі де тылсым сырларға толы. Өсімдіктің әр мүшесінің өзіне тән жасырын құпиялары бар. Өсімдіктің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, жемісі және тұқымының құрылысы мен олардың атқаратын қызметтері де сан алуан.Кітапта осылар жайлы деректер тартымды берілген.

Бұршақ (Pisum) — бұршақтар тұқымдасына жататын біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Жапырағының ұшындағы тармақталған мұртшалары арқылы бірнәрсеге жармасып өседі. Гүлі ірі, тұқымы шар тәрізді. Бұршақтың орташа түсімі гектарынан 10-12 центнер, озат колхозшылар мен тәжрибе егістіктері 35—40 центнерден өнім алады. Бұршақтың бұрынғы КСРО-да 6 түрі өседі. Олар: биік бұршақ — біржылдық өсімдік; бұтақтанған қатаң сабағының ұзындығы 100—150 см-ге барады; мұның кейбір формалары екпе бұршақтың ататегі болып табылады. Биік бұршақтың жемшөптік мәні зор өсімдік; әсем бұршақ (Р. formosum) — көпжылдық өсімдік; сабағының ұзындығы 5—15 см, биік тауларда жабайы түрінде бұтақтанып өседі. Мал жақсы жейді; сиыр жоңышқа; май бұршақ (Р. arvense) — жабайы түрінде өсетін біржылдық өсімдік; мұның тағамдыққа онша мәні жоқ, сондықтан оны жемшөп және кейде жасыл тыңайтқыш үшін егеді; май бұршақ мол өнім беретін өсімдік: гүлденген кезінде гектарынан 150—200 центнер көк шөп, 33—40 центнер пішен береді, 1 га-дан 8—10 центнер тұқым түседі; екпе бұршақ (Р. sativum) — біржылдық өсімдік; бұл көбінесе астық үшін өсірілетін өте құнды өсімдік; жатаған бұршақ (Р. humile) — біржылдық өсімдік; әлсіз жіңішке келген сабағының ұзындығы 20—35 (50) см. Суармалы жерлерде арамшөп түрінде өседі, мал жемейді.

Тауқалақай (Lamiura album) — ерінгулділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі. Тауқалақайдың зәрлі бездері болмайды. Сабағы онша бұтақтанбайды, гүлі — ақ түсті, апрельден бастап күздің аяғына дейін гүлдеп тұрады. Тауқалақай тоғайлы, таулы жерлерде өседі. Мұның күлтелерін ел арасында емге жұмсайды. Тауқалақайдың құрамында тері илейтін зат, қант, ламиин алкалоиды, эфир майлары, сапониндер бар. Тауқалақайды қазақша кейде бойқалақай, кейде аққалақай деп те атайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0