Бұл апта да Ұлттық валютамыз үшін сәтсіз басталды. Ол KASE-дегі сауда-саттықта долларға қатысты тағы 1 теңгеге арзандап кеткен деп хабарлайды nur.kz, КТК арнасына сілтеме жасап.
Астананың айырбас нүктелерінде түскі саудада доллар жаңа рекорд орнатып, 390 теңгеге жетті. $1 долллар үшін сатып алу құны 388 теңге. Ал Алматыда сәйкесінше, 389 және 387 теңгеден сатылуда.