Қазақша өлең: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы

Ұлы күнде тауып мезгіл бір ретін,
Атқарғандай қасиетті міндетін.
Жаратылыс нұрын бөліп Жаратқан,
Жылына бір теңелген сәт Күн мен Түн.

Жан байытып жұрттың жылы лебізі,
Ізгі жолда сайрап жатты ел ізі.
Орындадық нақыштарын Наурыздың,
Салт-дәстүрге бай ұлтпыз ғой....
Өлеңдер
Толық
249 -146

Қазақша - орысша құттықтау - тілек: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы

Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Бауыры жылып науат қар,
Бабымен ғана жібиді.

Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Шашылып ырыс шанақтан.
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі!

Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де арманда,
Арманда оны көрген де.
Келіп ем өмір-орманға,
Наурыз айы келгенде.

* * * * *

Когда наступает месяц Наурыз, у нас начинается праздник. Если в этот месяц наши парни уходят в дальний путь, им мы оставляем их долю этого праздника. В добрый день Наурыза сама земля благодатна. Даже твердый снег, будет таять от теплоты. В добрый день Наурыза сама земля благодатна. В этот радостный и изобильный день, все ходят, друг к другу в гости. Когда в такое благодатное место приходит месяц Наурыз и мы празднуем праздник Наурыз, все мечты сбываются. Ия сам родился в месяц Наурыз.
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Қазақша өлең: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Ұлыс күні)

Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Ел де тыныш!
Жер де тыныш – бұл күні,
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.
Табысқан жұрт таныс...
Өлеңдер
Толық
90,5 -55,5