Эссе: Ауылым - алтын бесігім

Ауылын көріп,
Азаматын таны.

Қашан да халқымыз үшін ауыл-руханиятымыздың темір-қазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егісін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл- бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспеттес.

Осындай үлгілі де, қадірлі мекенге өзімнің аулымды еш ойланбастан жатқыза аламын. Менің туып-өскен жерім-Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Бурабай ауылы. Табиғаты өзге жерден тым ерекше, адамдары да ақкөңіл, үнемі тыным таппайтын еңбекқор, қонақжай , бір үйдің адамдары сияқты ынтымақшыл халық. Бірі үшін бәрі жүгіріп жүреді. Жаз болса өрісте мал жайып, күз келсе егін жиып, көктемде жас төлдерімен әлектенеді. Үлкендер қауымы жастарға бар білгендерін үйретіп, көмектесіп, кем-кетігімізді жөндеуге әзір. Бізге көненің көзімен көп нәрсе үйретеді......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі

Тіл тағдырына қамқорлық – әр адамның міндеті. «Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі» дейді Ж. Аймауытов. Иә, бүгінгі таңда күн тәртібінен түспейтін мәселе – ана тілдің бүгіні мен ертеңі. Өйткені ол – ана тіліміз, ұлттық тіл, тәуелсіз Қазақстанның мәртебелі мемлекеттік тілі. Оның бүгінін тұғырлы, ертеңін тағдырлы жасау – біздің жауапкершілігіміз.

Қазақ тілі – қоғамда заңмен бекітілген мемлекеттік тіл. Алайда барлық салада кеңінен қолданылады десек, онда кемшіліктерге көз жұмғанымыз. Егер қоғам азаматтары тілдің мәнін, рөлін бағалап, түсінсе, онда мемлекеттік тілді жиындарда пайдалану, құжат толтырудан бастап, қызмет көрсету терминалдарын қазақ тілінде сөйлету кезінде кемшіліктер орын алмас еді. Бұл – араздық тудыратын арзан айқай емес, тіл тарихы мен тіл мәртебесіне құрметті талап ету.

Тілдің ертеңі туралы ойымызды жинақтасақ, «Егер мемлекеттік тіл кеңінен қолданыс таппай қағажу көрсе, оның болашағы қандай болмақ?», «Өз ана тілінің қадірін сезінбеген жан ұлт тілінің сол ұлттың төлқұжаты екенін қалай түсінбек?» деген сұрақтар бой көтереді. Менің ойымша, қоғамдағы жауапкершілік әр адамның сындарлы ой қорытып, салауатты пікір тұжырымдауымен, яғни саналылығымен өлшенеді. «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» (А. Байтұрсынұлы). Бұған дәлел – XXI ғасыр басында 29 адам қажетсінбеген, тек бір адам ана тілім деп қолданып келген лив тілі. Жалғыздың жүрек соғысы тоқтағанда бұл тіл де ресми түрде өлді. Бұл – қасірет... Осыған жол бермей, тілді сақтау – әр ұлт перзентінің борышы......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Өз тағдырың өз қолыңда!

«Өзіңді тануды, өзіңді зерттеуден баста»
Марк Аврелий

Әр адам жеке бір тұлға... Барлық адам бірдей... Барлығымызда бірдей ми, бас, қол және тағы да басқа... Тек біз бір-бірімізден білім, ғылым, ақыл арқылы ғана оза аламыз. Тәңір бізді салыстырмайды, біз пенделер салыстырамыз... Сондықтан ол сеннен артық не кем болғанына еңсеңді түсірме!

Өмір бүгіннен немесе ертеңмен шектелмейді. Өзіңді бағала, ой-санаңды кеңейт.Айналада болып жатқан қиындықтарға басқа көз қараспен қарап, оның шешімін тауып көр. Әрбір қиындық болған жерде жеңілдік те қатар жүреді.

Сен өзіңді дамыту кезінде, саған өзгелердің ойы емес, керісінше сенің ойың маңызды болуы тиіс..

Өміріңді өзгерткің келсе, алдымен өзіңді өзгертуден баста.Өзгеден мін іздемей, алдымен өзіңе бір сәт мән беріп қара.Өзіңді ерекше тұлға ретінде сезін де, өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді іздеуге тырыс.Алдымен өзіңді жақсы көр.Содан кейін жаныңдағылардың жанына терең үңіліп, сыйлап, құрметтейтін боласың...

Өмірде ешқашан өзіңді алдама, жалғандықты жоюың қажет...Өзіңді алдап ешқашан алдыға қадам баса алмайсың... Барлығын риясыз жақсы көр, сене біл........
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Армандар орындалады!

Арман-адам көкейіндегі ізгі ниет,болашақтан күтер үміт,алға қойған мақсат.Қазақ халқында армансыз адам жоқ.Арман сөзінің қолданылу аясы өте кең.Ол шығармашылық қиялдың дайындық сатысы. Арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, адал, батыл әрекеттерге итермелейді. Қазак халқы"Армансыз адам-ормансыз бұлбұл"-дейді. Ал мен "Арманы жоқтың-жаны жоқ"-деп айтар едім. Себебі, менің ойымша, жаны нәзік, көңілі таза адамдар ғана армандай біледі. Шыныменде адам баласына ерекше қасиетті, армандай білуді үйреткен Алланың кұдіретінде шек жоққой!

Кім армандауды жақсы көреді?Мысалы,мен өте арманшыл адаммын. Менімен бірге үнемі арман-мақсаттар бірге жүреді деуге болады. Армансыз күнім жоқ. Шамам келсін, келмесін армандарымда шек жоқ, таусылмас армандарым бар. Бір күні бұл армандарымның орындалатынына сенімім мол! Әр адам армандай білуі тиіс. Қаншалықты көп армандаған сайын, адамзат баласы биікке ұмтыла біледі. Жақсы өмір сүргің келсе, үлкен арман-мақсаттар қоя біл. Сонда ғана жетістікке жете аласың. Армандар адамдарға тың идеялармен үлкен шабытты беріп отырады. Армандау арқылы көзің ашылады, өмірде өз жолыңды табуға көмектеседі. Дамисың, жаңа серпін аласың. Езуің күлкі мен қуанышқа толады. Өзіңнің шын мәнінде қандай бақытты екеніңді сезінесің. Ал, енді бір сұрақ. Бақытты болып жүру кімге ұнамайды? Көп адамдар бізге айтады"Неге беталды нәрселерді ойлай бересің?Бәрібір оған жете алмайсың ғой"-деп. Адамдар айта берсін. Біреудің сөзіне құлақ салуға міндетті емессің. Бастысы өмірдің біз күтпеген тосын сыйларға толы екенін ұмытпа. .....
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Отбасы - бақыт пен шаттықтың мекені

Отбасы... Отбасы деген нәзік те жүрек тебірентер сөзді естіген кезде көз алдыма асқар тау-әкем, аяулы-анам, бар бағым-бауырларым, бір сөзбен айтқанда жаныма жақын жандарым елестейді. «Жанұясыз адам-жеміссіз ағаш секілді» дегендей мен отбасымсыз өз өзімді елестете алмаймын да. Барым да нарым да-отбасым. Отбасымда төрт адам болса да,осы төрт адам менің аяулы да ардақты асылдарым. Осы төрт адамнан биік тұрар ешкім жоқ.

Әкем-асқар тауым. Мені мақтайтын да,бар еркеліктерімді көтеретін де, анда санда бір ұрсып алатын да-әкем. «Қыз бала әкесіне жақын болады» деген рас екен. Бір ағаттық жасасам да,бір зат қажет болса да ылғи әкеме айтамын. «Әкеден-ақыл,анадан-мейір» дегендей отбасымызда әкем әрқашан да өз ақылын айтып отырады.Отбасыда әке ерекше рөл атқарады. Себебі:әке отбасының бар ауыртпалығын көтеріп, барлық жағдайын жасап, балаға тәлім-тәрбие үйретіп отыратын адам. Қыз балалар көбінесе «әкемнің қызымын» деп мақтана айтады. Бұл әрине «Қыз бала әкеге жақын болады» деген сөзді растайды. Отбасыда ешкім әкенің орнын баса алмайды. Себебі: әкеміз біздің ақылшымыз да,қорғанымыз да, тірегіміз де.

Өмір жолдың болса да көп астары,

Әкелермен биік елдің аспаны.

Қашанда да құрмет тұтқан аналар

Шаңырақтың иесі олар,бастауы.

Солар жайлы болса кейде жыр басы,

Дейді ме әке ұрпаққа сыр тыңдашы......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Жақсы адам!

Өзім жақсылық пен жамандық арасында таңдау жасайтын кезде, өмірдің тым қысқа әрі барлығының уақытша нәрсе екенін есіме түсіремін. Себебі, әр нәрсенің сұрауы бар. Бүгін біреуді қуантсаңыз, ертең сізді біреу ерекше құрметпен сыйлап, төріне шығарады. Біреуді жылатсаңыз, ертең күтпеген жерден төсек тартып жатып қалуыңыз мүмкін. Сол себепті, әрдайым адамгершілік сынды қасиетті жоғары ұстаған дұрыс. Тіпті, біреуге жасаған жақсылығыңыз бен жамандығыңыз бүгін қайтпаса, ертең соның барлығы балаларыңызға қайтады. Дәл қазір біреуге жамандық жасаған сәтіңізді есіңізге түсіріңізші. Сол нәрсе өзіңізге қайтып келген кезде қатты қиналдыңыз емес пе? Бір кездері мен де осылай жасап едім ғой деп сан соғып қалған кезіңіз болды ғой. Енді біреуге жақсылық жасап, оны қуантқан сәтіңізді еске алыңыз. Осыдан кейін бір қуаныштың артынан мың қуаныш ерді емес пе? Олай болса, таңдау еркі өзіңізде. Қысқа ғана ғұмырда хайуандардың қатарына қосылғыңыз келе ме? Әлде адам деген адал атқа лайық болып өткіңіз келе ме? Яғни мен жақсы адам болу үшін ең алдымен адамгершілік деген қасиетті дамытар едім. Қазақта “Адам болып келген соң, адам болып кету қиын” деген жақсы сөз бар. ......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз асыл дүние

Денсаулық – біздің жалғыз ғана асыл дүниеміз. Денсаулықты ақшаға сата да алмаймыз, сатып та ала алмаймыз. Себебі ақша байлық емес, ең басты байлық-денсаулық. Денсаулығымызды сақтамасақ, күтпесек, оны құртып алуымыз мүмкін. Ал ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеу жеңілірек болары айтпасақ та түсінікті

Денсаулықты сақтау үшін пайдалы, адам өміріне зиянын тигізбейтін тағамдарды тұтыну, спортпен шұғылдану қажет, жақсы ұйықтап, таза ауамен демалған да өте пайдалы. Адам денесінің көп бөлігі судан тұрады. Сондықтан күніне кем дегенде бір-екі литр су ішу керек. Адамдар ауырып қалса, дәрігерге бармай, өз беттерімен емделеді. Бұл дұрыс емес. Себебі біз ауырып тұрған жерімізді емдеп, басқа ағзаға зиян келтіруіміз мүмкін. Сол себептен ауырып қалған жағдайда дәрігерге барып, дұрыстап тексеріліп, жазып берген дәрісін ішкен жөн.

Денсаулыққа өте қатты зиянын тигізетін ішімдік, шылым және т.б. сол сияқты зиянды заттар жетерлік. Бұндай заттарды мүлде пайдаланбау керек. Майлы, газдалған, қуырылған тағамдарды, жартылай дайын өнімдерді, қантты аз мөлшерде тұтынған жөн. Олардың орнына сүттен, балықтан, еттен жасалған табиғи әрі пайдалы өнімдерді, жеміс-жидекті, көкеністі көптеп жеген дұрыс.......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Жігітті жолдасына қарап бағала

Әрбір жанның қасында өзі сенім артарлық,бар сырымен бөлісетін сырласы,өмірлік серігі болады.Ол әрине,сенің ең адал досың.Дос деп кімді айтады?Дос деп бар қуанышыңды бөлісетін,қиын сәтте жаныңнан табылатын,сенен еш нәрсені аямайтын, адал жанды айтады.Сені әрқашан жігерлендіріп отырады,құлағанда сүйеніш болады.Жылағанда жұбатып,қуанышыңда әркез бірге болатын жан.Міне,осындай жанды нағыз дос деп айтуға болады.

Осындай адал сенімді дос бәрінде бірдей бола бермейді.Біреуі адал,біреуі амал.Жақсы досты табу үшін де ,ең алдымен өзіңді дұрыстау қажет.Өзің жаман болсаң,жақсы досты несін іздейсің?!Сен қандай болсаң,жолда сондай достар жолығады.Қазақта сөз бар «Жігітті жолдасына қарап бағала».Бұл мағынаны аша келгенде, сенің жолдасыңның өзің секілді болатынын айтады.Яғни,сен қандай болсаң, жаныңдағы серігің дәл сондай.Сондықтанда өзіңе адал дос іздесен, ең алдымен өзіңді жөнде.......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Ұлттық құндылық - ұлт болмысы

Ұлытаудың ұлы көшінен басталатын ұлағатты елімнің ұлылығы мен қадірлілігіне қайран қаламын... Тәлкекке толы тағдырдың сан түрлі соқпақтарынан өту, қасиетті даласын қорғау жолында аянбай тер төгу, ұлттық һәм рухани құндылықтарымызды ұлықтау-асыл ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін айқындай түседі.Жарқын болашаққа басқан әрбір қадамымыз-болаттай шыңдалған халықтың ащы тарихы мен мәдени салт-санасын, әдет ғұрпын ұрпақтар бойына құюға үндейді.Қадірлі қазақтың ұлттық құндылықтары- аңызға айналған ішкі әлемі, жаһанды елтіткен ұлы мұрасы, тұғырлылыққа жетудің яки азаттықты нық ұстаудың биік үлгісі, қайталанбас бағалы қасиеттері.Халық болып қалыптасу үшін қажеттісі-кең-байтақ дала ғана емес, оның тереңге жайылған тағдыры, тарих сахнасынан ойып тұрып алар орны бар тұлғаларының игілігі мен көзсіз ерліктері, киелі санайтын мәдениеті, тіршіліктің әуенімен тыныстаған ұлылыққа толы тілі, ділі де ауадай керек.Сан ғасырлар бойы ұлттық құндылығымыздың өзіндік көрінісі ретінде сыр шертетін, байлыққа кенелген қойнауымыздың алтынға бергісіз қазынасы-халқымыздың руханилығы дер едім.Осы тұста сайын даламыздың аңсап өткен азаттығына қол жеткізуіне ерекше үлесін қосып, жарқын бастамаларды жүзеге асырып, қандастарын кіндік қаны тамған жерін шексіз сүюге шақырған арда азаматтардың бірегейі, тәуелсіз қазақ елінің алғашқы басшысы-Нұрсұлтан Әбішұлының да мерейін паш өткеніміз жөн болар.Осындай тұжырымға келуімнің де бірнеше себебі бар: елі сүйген Елбасымыз ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қайнар бұлақтың көзін тапты, баршамызды зеңгір көкте самғаған қыран іспеттес болашақты бағдарлай білуге үндеді, елі десе-егіліп, халқы десе-төгілетін өресі биік, ұсынақты әрі қағілез тұлғаларды қалыптастыру үшін аянып қалмайтындығын дәлелдеді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Мамандық таңдау - борышым

Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе?! Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын, ата-анамның көзіне кішкентай қыз болсам да, өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын?- деген сұрақтар жиі мазалайды. Жай ғана ойланудың аз екендігін де білемін. Сондықтан да қазірден бастап алдыма мақсат қойып, оған табанды түрде кірісіп, арманымның жетегіне еріп келемін. Негізінен мамандық таңдау деген - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Яғни қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа, дербестікке талпыныс.

Елбасы «Болашақ-білімді жастардың қолында» демекші , біздің болашағымыз - өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін, менің ойымша, ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі, әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар......
Эсселер
Толық
0 0