Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпкерлік мәні түрлеі және типі

Менің курстық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік капитал». Бұл тақырыпты мен үш тарауға бөліп жаздым: «Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және түрлері», «Кәсіпкерлік капиталдың мәні мен түрлері», «ҚР-дағы кәсіпкерлікті және шағын бизнестің дамуын басқару». Бұл жұмысымда мен кәсіпкерлік дегені не екен, оның атқаратын қызметтері, мазмұны мен түрлерін қарастырып жаздым.
Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында.қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес баска бизнес түрлеріне қарагавда жақсы дамыган. Бұған дәлел, Казақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны.
Біздің Республикада кәсіпкерлікгі дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып, «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты мақсаттары мен бағыттары айқындалады. Кәсіпкерлік мемлекеттік қоргау және қолдау дегеніміз — аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады.
Республикада Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсету мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы-материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр. Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асуы жеткіліксіз болып отыр. Шағын бизнеске қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз болып тұр. Шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың ықтимал көздерін іздестіру жұмысының жолға қойылуы да қанағаттанғысыз. Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпорындарға бірінші кезекте несие беру тәртібі баяу енгізілуде.
Сол сияқты кәсіпкерлік капиталдарының қандай болатының және олардың түрлерін қарастырып өттім және шағын бизнестің дамуын, қалыптасуы мен ерекшеліктерін қарастырып өттім. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0