Құттықтау - тілек: Сүйікті жарыма, сүйіктеме (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)

Өзіңді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін.

Ізгі тілекпен, жан жарың……..
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
82 -48

Қазақша Құттықтау - тілек: 6 шілде - Астана күні

Тамаша мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз.


Біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз.

Өз қаласына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар – елордасының басты байлығы, олар күнбе-күн өз жұмыстарын атқара отырып, Астананың қалыптасуына орасан зор үлес қосуда.

Астана күні мерекесінде сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тілейміз.
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
23 -13

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Әріптес - Мерейтой 60 жас)

Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды, жастарға....
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
22 -12

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Қайраткер, Ғалым, Мұғалім, Ұстаз, Бастық)

Қадірлі ағайындар! Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда аяулы құрбымыз, қадірменді замандасымыз ойға түседі. Ол қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты. Оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алар еді. Және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі.
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
49 -27