Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (У әрпі бойынша ат қою)

УАЙЫС - араб тілінен алынған — күш, жігер.

УАХАП - араб тілінен алынған уаһуп — мырза, жомарт, қайырымды.

УАХАТ - араб тілінен алынған уахит — жалғыз, жалқы, бірінші (бала).

УӘЛИ, УӘЛІ - араб тілінен — әкім, қожайын; үкімет басқарушы; туысқан, бауыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Уәлиахмет, Уәлиолла, Уәлихан.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (А әрпі бойынша ат қою)

АСҚАР – қазақ есімі, ең биік, сеңгір тау, қарлы биік шың; тірек, сүйеніш. Біріккен тұлғалы есімдер — Асқарбай, Асқарбек, Асқарәлі, Асқаржан.

АСТАМ – қазақ есімі — басқадан өктем, үстем, асқақ.

АСФАНДИЯР, СПАНДИЯР – иран тілінен алынған, иран халық эпосындағы басты кейіпкердің бірінің есімі; иран жыл санауындағы ай аты.

АСХАТ - араб тілінен алынған асхад - ең бақытты, құтты, ырысы мол.

АСЫЛ - араб тілінен алынған: негіз, түбір, ақиқат, нағыз; ардақты, қымбатты, бағалы. Біріккен тұлғалы есімдер Асылбек, Асылбай, Асылхан, Асылмұрат, Асылхожа, т. б.
Есімдер мағынасы
Толық
1 0