Құттықтау - тілек сөздер: 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні (анама, қызыма, әпкеме, әйеліме, енеме, сүйіктіме)

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:

Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
88 -51

Құттықтау - тілек: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
62 -37

Құттықтау - тілек: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Аяулы Аналар! Қымбатты қыздар! Құрметті ұстаздар! Барлық Қазақ Елінің әйел-қыздары!
8 наурыз Мерекелі күніменен,
Құттықтаймын сіздерді.
Көру қандай керемет,
Жаздай жарқын....
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
83,5 -48,5

Құттықтау - тілек: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Құрметті апама)

Сізге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауымды жолдаймын. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.

Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз.

Ізгі тілекпен, бауырыңыз ...............
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
42 -22

Құттықтау - тілек: Құрбы қыздарға (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)

Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 наурыз мерекең құтты болсын. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек саған арналсын. Жаныңа жылылық, жүрегіңе ұлылық берсін. Әмәнда аман-сау, көңілді болғайсың.
Қыз күніңнің қызғалдағы болғайсың,
Жүз ғұмырдың ізгі арманы болғайсың.
Бар қазаққа биік тұмар....
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
57,5 -31,5

Құттықтау - тілек: 8 наурыз (Қызыма)

8 Наурыз арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Тал бойыңа ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті Қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын!

Ізгі тілекпен, жан әкең ………………!
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
71 -37