Қиял-ғажайып ертегі: Алтын құс пен сұр қасқыр

Бұрынғы заманда болған бір патша. Ол патшаның үш ұлы һәм бір жүдә үлкен бақшасы бар екен. Сондай бақша мақтауға келетін еді. Мұндай бақша ол заманда дүние жүзінде болмаған. Егер бұл бақшаға қайғылы ма, ауру ма кісі кірсе, қайғылы кісінің қайғысы кетіп, ауру кісі ауруынан саламат болып шығатын еді. Бұл бақшада дүние жүзіндегі неше түрлі жемістер бар еді. Патша бақшасындағы осы жеміс ағаштарының ішінен биік өскен бір алма ағашын жан-тәнімен жүдә жақсы көреді екен. Ол ағашта өскен бір алманың біреуі алтынға, біреуі күміске, яғни әртүрлі түске айналып тұрады екен. Бір заман бұл бақшаға иеленген бір алтын құс келген. Алтын құстың әрбір жүні алтын секілді жалт-жұлт етіп тұрған һәм көзі гауһар секілді ойнап тұрған. Бұл әр күні түнімен бұл патшаның бақшасына ұшып келіп қонады екен. Әлгі патшаның сүйікті алма ағашының әр түні бір алмасын шұқып, басқасын қиып түсіріп кетеді екен. Күндерде бір күн патша бақшасына шықса керек. Алма ағашынан алмасын қараса, алтын секілді жақсы алмасы жүдә аз қалған. Патша бұл істі көріп қапа болған, қайғыра бастаған. Бір күні патша өзінің үш ұлын шақырып айтқан......
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Молда, ұста, тігінші

Бір молда, бір ұста, бір тігінші—үшеуі жолдас болып келе жатып, баратын жеріне жете алмай, түн болып кеткен соң бір жерге қона кетіпті. Артып келе жатқан нәрсесі бар екен, үшеуі де ұйықтаса біреу әкетіп қалар деп, кезекпен қарауыл қойыпты. Ең алдымен ұстаны қарауыл қойыпты. Ұста жалғыз өзі зерігіп, ұйқысы келген соң бір үлкен ағашты кесіп алып, адамның дене (мүсінін) айнытпай жасап шығарыпты. Сосын тігіншіні оятып, өзі ұйқыға кірісіпті. Тігінші ағаштан істеген адамды көріп «менің өнерім бұдан кем бе» деп, дереу әдемі киім тігіп, ағашқа кигізеді. Ағашта тек жан жоқ болғаны болмаса, адамнан айнымайды. Тігінші молданы оятып, өзі ұйқыға кіріседі. Молда ағаш адамды көріп таң қалады. «Бұлар өнерін көрсетіпті, енді мен қайтем» деп қайғырыпты молда.

Сосын «енді осы ағашқа жан бітірсең екен» деп Құдайға жалынып жылапты. Құдай көз жасын қабыл алып, ағашқа жан бітіп, бір сұлу қыз болыпты. Сұлулығы соншалық, бетіне қарасаң көзіңнің жүзі таяды екен.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Әуезханның қырық ұлы

Баяғыда Әуезхан деген хан болыпты. Ханның қырық баласы бар екен. «Осы балаларыма бір жерден қалың берсем екен»,—деп
ойлайды екен.

Бірнеше жылдар өткеннен кейін хан бір байдың қырық қызы бар деп естиді. Соған қалыңмалына сөйлесіп, құда түсіп келуге жаушы жіберіпті. Жаушы барып: «Бізді хан жіберді. Балаларына қызын берсін деп,—соған келдік»,—дейді. Бай айтты:

—Қыздарыма қалыңмал алмаймын, менің үйімнен өздерінің үйіне шейін тұп-тура жол болсын, жолдың екі жағына бау-ағаш, түбінен су шығып, бұлбұлдар сайрап тұрсын,—депті. Осы айтқандарымды «бір жылдың беделінде бітіресің»,—депті.

Бұл сөзін жаушылар ханға айтып келіпті. Хан мақұл деп, қырық баласын шақырып алып, ең кенжесін алып қалып, отыз тоғыз баласын бірнеше нөкерімен әлгі жұмысты бітіріп келуге жіберіпті. Балалары бірнеше ай жүріп, бітіре алмай келеді. Онан кейін үйде қалған кенже баласы:

—Әке, мені жібер, мен бітіріп келейін!—дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Алтын жүзік

Баяғыда Мұрат деген кісі жол жүріп келе жатып қатты шаршайды, шөлдейді. Бір уақытта жалғыз үйге кез келеді. Үйге келсе, бір әйел отыр, әйелдің қасында екі күшік жүгіріп жүр. Мұрат бүгін осында қонайын деп үйге түседі. Өзінің қатты шаршап келе жатқанын Мұрат жаңағы үй иесі әйелге айтады: «Нансаңыз, мен бір жолаушымын, жол үстінде дәм айдап осы үйге келіп отырмын, бар тамағыңды пісір, бізге ақың кетпес, пұлын берем»,—дейді ол. Жаңағы әйел етке, қымызға Мұратты тойғызады, тамақ ішіп болғаннан кейін бір-бірінен жөн сұрасады. Әуелі Мұрат келе жатқан жағын айтады.

Жаңағы бейтаныс әйел осы иен далада неғып отырғанын айтады.

—Менің күйеуімнің бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс. Ол қазір адам іздеп, әрі малын бағып далада жүр, кешке қарай келеді. Ал маған көрсеткен қорлығы ұшан-теңіз. Мен адам атаулыны көрмегелі бірталай жылдар болды. Енді адам атаулыдан сізді көріп отырмын. Мені осы пәледен құтқара көріңіз,—дейді. Мұрат бұған ықылас білдіреді. Әйел: «Енді оның келуі алыс емес, біз енді кететін болсақ, тез кеткеніміз жөн, өйткені ол сондай жүйрік, біздің бір күнде жүрген жерімізге ол көзді ашып-жұмғанша жетіп келеді. Ал енді біз осы үйді жығып тастап, әр затын әр жерге қояйық, сосын балаларының бәрін үйден алыстатып біреуін батысқа, біреуін шығысқа, енді біреуін темірқазық жұлдызының бағытына қарай апарып тастайық. Содан кейін тез кетейік.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Зайыт пен мысық

Бұрынғы заманда бір кедей қарт диірменші болған. Бұл диірменшінің қатыны жоқ екен. Үш қызметкері бар екен. Көп заман өткен соң бұл қарт өзінің қызметкерлеріне айтты:

—Мен сіздерді енді шығарамын, қартайдым. Қазір тыныш өз күнімді өзім көргім келеді. Солай болса да мен біріңді алып қаламын. Маған қайсыңыз жақсы ат келтірсеңіз, міне, сол өлгенімше туысқандай мені күтеді. Диірмен сол ат келтіргеніңізге қалады,—деген соң бұлар шығып кеткен. Біреуінің аты Зайыт екен, екіншісі—Рафик, үшіншісі—Ғаббас. Зайыт—есалаңдау жынды екен. Бұлар қарттан кетіп бір ауылға жеткенде жолдастары Зайытқа:

—Сен нағып ат табасың, жынды. Бізбен бірге бармай-ақ осы ауылда қал,—дейді. Зайыт бұлардың сөзін қабыл алмай «мен де сіздермен барамын» деп ілесіп қалмаған. Бұлар кеш болған соң далада бір шұқырға кіріп жатқан. Зайыттың екі жолдасы оянған соң, Зайытты оятпай қашып кетеді. Зайыт күн шыққан соң оянып қараса, жолдасы оятпай қашып кеткен. Зайыт қорқа-қорқа шұқырдан шығып тоғаймен бара жатып ауыр ойланып өз-өзіне: «Мен бір өзім қалдым, жақсы атты қайдан табамын»,—дейді. Сол арада Зайытқа тоғайдан шығып, бір ала мысық келіп жолықты. Зайытқа айтты:....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Ұшар ханның баласы

Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып, қызды отыз жыл іздеп, қолына түсіре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың суретін іздеп тауып алады да:

«Қой, жас болса өтіп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті»,—деп басқа әйелге үйленіп өмір сүре береді. Күндерде бір күн алған әйелінен бір ұл туады. Ұлының атын Жандыбатыр деп қояды.

Жандыбатыр ержетіп, он бес-он алтыға келеді. Сол кезде балаға бақ қонып батыр болады, өзі алпауыт дәу болады, отырған орнынан жетпіс кісі тұрғыза алмайтын болады.....
Ертегілер
Толық
2 0

Қиял-ғажайып ертегі: Пырақ

Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман аманда Қасым атты хан болыпты. Ханның өзі хандығын елден асырса да, басында бір қайғы болыпты. Бір баланың жоқтығынан хан алты әйел алыпты. Алты әйел алса да бала көрмепті. Бір күні хан отырып елін жинап бата алып, қажыға бармақ болыпты. Сол оймен халқын жинатып, ақ бата алып қажыға жүреді.

Хан бірнеше күндей жол жүріп, Алатау деген тауға келіп түнейді. Түнде көзі ұйқыға ілініп кетсе, түсінде үш пері адам болып келіп: «Хан басыңды көтер, қолыңды жай, Құдай сенің тілеуіңді береді, еліңе қайт, барғаннан кейін бір әйелің екіқабат болады!»—дейді де ғайып болады.

Хан ұйқыдан басын көтеріп алса, ешкім жоқ. Сонымен хан, еліне қайтады. Еліне келіп, арада бірнеше ай өткеннен кейін ең кенже әйелі жүкті болып, бір ұл табады. Хан ұлдың атын Пырақ қояды.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Жақсылық пен Жамандық жолдас болған

Бұрынғы заманда жақсылық пен жамандық жолдас болып жүріпті. Екеуінің де ат, тоны, азығы болыпты. Eкeyi жақсылықтың азығын жеп жүріпті. Жеп жүргенде жақсылықтың азығы таусылыпты. Жамандық айтыпты: «Жақсылығым, азығың таусылды, енді қайтесің?»—депті. «Жамандығым, өзің біл!»—депті. «Өзім білсем, атыңды сойайық»,—депті. Жақсылықтың атын сойыпты, Жақсылықтың атының етін eкeyi жеп жүріпті, азық тағы таусылыпты. «Жақсылығым, енді қайтесің, атыңның eтi таусылды»,—депті «Жамандығым, әлі де болса өзіңіз біліңіз»,—депті. «Өзім білсем, жақсылығым бip құлағыңды кeciп, пicipiп, өзіңе берейін жеймісің?». «Жeймiн, жамандығым»,—депті. Бip құлағын кесті, бip күнге азық болды. Жамандық айтты: «Бip құлағыңды бip күнге тағы да асып берейін»,—депті. «Тағы да азық таусылды, жақсылығым, енді қайтейін»,—депті. «Әлі де болса, жамандығым, өзің біл»,—депті. «Жақсылығым, өзім білсем, бip көзіңді ойып бip күнге азық қылып берейін»,—депті. Бip көзін тағы да ойып бip күнге азық қылып берді.

Жақсылықтың ат, тоны, азығы, құлағы, көзі бiттi. Жамандық жақсылықтың азығын бipгe жеп түгесті. Жақсылықтың азығы таусылған соң, жамандық азығын бермеді. «Жақсылығым,—деді атыңды сойып жедік,—деді, екі көзіңді ойып, құлағыңды кeciп, төрт күн азық бepдiм,—деді. Жақсылығым, енді қайтесің? Енді құлағың жоқ, көзің жоқ, Жақсылық, ceнi тастап кетемін»,—деді. «Жамандығым, дeдi тастап кетсең бip қалың қара тоғайдың iшiнe таста»,—деді. Жамандық қалың қара тоғайдың iшiнe Жақсылықты әкпеліп тастап кетті.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Жылан қабықты жігіт

Баяғыда бір кедей шал менен кемпір болған. Қолында мал дегеннен жалғыз есегі бар екен. Қалаға отын сатып күн көреді екен. Шал менен кемпірдің жасы алпысқа келгенше бір перзентке зар болып, күні-түні жылап жүргенде шалдың кемпірі жерік болыпты. Ол кемпір жерігенде айдаһардың құйрық жағындағы бір бөлек етіне жеріпті. Соны шалы іздеп жүрсе, бір үлкен, Қаратаудың етегінде бұрқыраған шаңды көріпті. Шал шаңға жақындаса, бір қара айдаһар мен бір сары айдаһар төбелесіп жатыр екен. Баяғы алыстан көрінген бұрқыраған шаң сол екі айдаһардың алысқан шаңы болып шықты. Көп ұзамай-ақ қара айдаһар сары айдаһарды өлтіріпті. Шал жасырынып тұрып қара айдаһар ұзап кеткесін өлген сары айдаһардың сан етінен кесіп алып үйіне келсе, кемпірі жерік асы табылмаған соң қатты ауырып жатыр екен. Шал келіп: «Ау, кемпір, сүйінші бер! Жерік асың табылды!»—депті. Аңсап жатқан кемпір орнынан ұшып тұрып, шалдың әкелген етінен шикілей екі рет аузы толғанша жепті. Жерігі қанып кемпір тоғыз ай, тоғыз күнде аман-есен босанған екен. Бірақ бала жыланға ұқсаған екен дейді. Кемпір-шал не де болса ішінен шыққан соң асырай беріпті. Қазақтағы «іштен шыққан шұбар жыланды беліңе үш орап таста» деген нақыл содан қалыпты. Бала тек жыландай иретіліп жатқаны болмаса, сөйлеген сөзі, ақылы адамнан айырмасы болмаған. Бір күні баласы әкесін қасына шақырып алып: «Әке, менің үйленетін уақытым болды. Маған осы елдің ханы Бабаханның жұрттан асқан сұлу қызы бар, соны әпер»,—дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Алтын топай

Өткен уақытта бір бай болыпты. Мұның перзент дегенде жалғыз ұлы болады. Бай бір күндері жылқыларын суаруға көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл шикі өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп суға түспей қояды. Әлгі жерде бай жылқыларын иіріп құдыққа қанша айдаса да суға түсіре алмайды.

Сол арада бай құрығын қолына алып суда жүзіп жүрген өкпені түрткен екен, өкпе суға батып кетеді де әлден уақытта жалмауыз кемпір болып судан шыға келіп, байдың жағасынан ала кетеді. Сол арада байдың көзі алақандай боп қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге жалынады. «Ат басындай алтын берейін, қоя бер»,—дейді. Жалмауыз кемпір қоя бермейді. «Осы жылқылардың бәрін берейін, қоя бер»,—дейді. Кемпір қоя бермейді. Бай ақырында не берсе де кемпірден құтыла алмайтын болады. Бай: «Енді не берейін?»—дегенде кемпір айтады: «Жалғыз балаңды бер, сонда қоя берейін»,—деді. Жан—тәтті. Бай жалғыз баласын бермекші болады. Сонымен кемпір байды қоя береді. Кемпір айтады: «Балаңды қай жерде бересің?»,—дейді. Бай айтады: «Ертең жайлауға көшемін, сонда баламның алтын топайын қыстауға тастап кетейін, сен қыстауда сол топайдың жанында отырасың»,—дейді. Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады......
Ертегілер
Толық
0 0