Тақпақ: Анашым

Жылылық шашқан күнімсің,
Шуағын шашқан балаңа.
Бір қуат алады өзіңнен
Сағат сайын сан бала.

Өзіңсің өсір тірегім,
Аман жүрші анашым.
Жарқырай берші жайнашы
Тілейді соны балаң шын.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Мектеп

Мектебім менің мектебім
Сағынып аңсап жетемін
Мектебім сені күтемін
Сені ойлап өтемін.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ақша қар

Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.

Үстіме жалп-жалп жауады,
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы,
Ақ жібектің түріндей.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Туған күн

Таңым болды арайлы міне бүгін
Шаттық пен қуанышқа толды күнім
Қуанышты кезім ғой бүгін менің
Өйткені бұл күн менің туған күнім.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстазым

Алғаш қалам ұстатып,

Білім құйған көңілге

Әріп сырын ұқтырып

Қақтырып қанат өмірге.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ғаламтор

Ғаламтор деген ғажап бар,
Бес құрлыққа тараған,
Күн-түн демей қажетке
Жаратады бар адам.

Адамдардың сан алуан
Көп болса да сұрағы
Миллиондаған жауабы
Лезде дайын тұрады....
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Анашым

Анашым асылым, ардағым,
Сізге мен ән арнадым.
Мақтанышым әрқашан.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Шаршамаған ешқашан.
Тақпақтар
Толық
0 0