Селолық дүкеннің сатушысы Тұраш қамаудан үш ай дегенде босады. Қоңыр сырмен боялған зілдей ауыр ағаш қақпа қарсы алдынан ешбір сықырсыз жайымен сырғи ашылды. Тұраш сыртқа шықты.
Осыдан үш ай бұрын қамауға айдап әкелгенде қыстың күні еді. Көше омбы қар болатын. Үскірік жел суыра соғып тұрған. Арықтағы су көкпеңбек боп безеріп қатып жатқан еді. Содан бері: шалқар аспан жүзіне сақинадай ғана тор көз терезеден қарап, кең дүниені қоршауы биік, тар аулаға күніне бір ауық шығарғанда ғана сезетін. Сонан бері жабырқап, әбден титығып басылған көңіл дәл қазіргі сәтте мың сан құс боп сайрап қоя берді. Көкірегі қуанышқа толып, жарылардай боп кетті.
Буындары сәл діріл қаққан Тұраш көше бойлап келеді. Асықпай басып, жай серуендеген адамша жүруге тырысады. Есіл-дерті сырт көзге қамаудан шыққанын танытпау. Әлсіреген халін сездірмеу.
Автобус станциясына келді. Мұның аулына жүретін автобус жарты сағаттай бұрын соңғы рейспен кетіпті. Енді тек ертең таңертең жүреді екен. Не істерін білмей ойланып қалған Тұраш қалтасында көк тиыны жоқ екенін есіне алды. Қарыз сұрайтын таныс біреу кездеспес пе екен деп біраз қарайлады. Бірақ автостанцияға жан адам бас сұққан жоқ. Тек анадай шетте, көшенің бұрышына ине-жіптен жаңа шыққандай тап-таза киінген қара костюмді жас жігіт тұр. Тықыршып, сағатына қарай береді. .....
Әйел - әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел - адамзаттың анасы. Әйел - тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел - бақа басты еркектің қосағы. Әйел - отбасының өзегі. Әйел - шаңырақтың шамшырағы. Әйел - Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы. Әйел - нәзіктіктің қас үлгісі.
Қазақтың дүниетанымын оның тұрмыс-тіршілігімен айшықтауға болады. Оның ішінде әйел мен ердің мәртебесі де тұрмыс-салттағы дәстүрлі түсініктермен бағамдалады. Мәселен, Атам Қазақ: «Еркек үйдің иесі, әйел үйдің шегесі» деп, әйел мен еркектің ерік-міндеттерін дәлме-дәл көрсетеді. Яғни, көшпелі халықтың патриархалды түсінігінде еркек шаңырақ иесі саналса, әйел сол отаудың отын жағып, ошағын қайнатып, үйдің берекесін кіргізетін жан. Бұл туралы көне түркінің дүниетанымын тереңірек зерттеп жүрген Д.Кенжетай былай деп тұжырымдайды: «Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. .....
Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік алғалы елімізде елеулі орын алып, шешімін таппай келе жатқан мәселелер көп. Соның бірі – кітап проблемасы. Бүгінгі күннің кітап ісі жағдайын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында «Қазақ тіліндегі оқулықтар сын көтермейді. Олар адамдарды қазақ тілін үйретуге емес, қазақ тілінен қашуға итермелейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар нақты шешім қабылдауы тиіс»,— [1] деп, атап көрсетеді. Бітіру жұмысты жазу барысында, кітап проблемасының бүгінгі мәселелерін жан-жақты ашып, шешу жолдарын нақтылай көрсетіп, етектен тартқан қиындықтардың орнын толтырар ұсыныстарын халық мүддесіне ұсынған, осы тақырыпта қалам тербеген азаматтардың аздығы байқалады. Десек те, еліміздің баспа ісін бұрынғы жеткен биігінен түсіріп алмауға ұмтылып жүрген жанкешті азаматтардың шығармашылыққа деген қажыр-қайратын көреміз. Атақты орыс жазушысы А.С.Пушкин ажал сағаты тақаған кезде кітап сөрелеріне карап: «Қош болыңдар, достар!» деген екен. «Егер мен байысым, тек қана кітап сатып алар едім»,— деп, М.Горкий рухани байлығымыздан, қалта байлығын бірінші орынға қоятын азаматтарға үлкен ой салған. Қазіргі қоғамда орын алып отырған кітап мәселесі бір күннің ішінде туындаған жағдай емес. Проблема болған, қазір де бар, болашақта да бола бермек. «Әр кітап өз проблемасын ала келеді», деп баспагерлер айтқандай, бұл мәселе сонау кітап деген ұғымның дүниеге келуімен, мәдениеттің ең жоғарғы сатысы баспа кітап өмірге келгеннен бастап қалыптасып келе жатыр. Айырмашылығы, осы уақытқа дейін дами отырып, әр кезеңнің әр түрлі қиыншылықтары мен кедергілеріне ұшырауында. Ал біздің заманымызға өз қиындығымен қатар үлкен жетістігін де ала келген кітап жайлы: «Әсіресе баспа кітап шыққаннан бергі жерде кітаптың әлеуметтік, қоғамдық, рөлі орасан зор дәрежеге жетті. Бұл-- кітаптың жасампаз дүние екендігінің айғағы. Тарих сахнасында мәңгі қалуын күйттеген қажеттіліктен туындаған ұлы жетістіктің көрінісі. Осынау адамзат көкірегін жарып шыққан ұлы идеяның авторы неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергке барша халықтың айтар алғысы шексіз»-- деп жазады профессор Ш. Елеукенов [2]. Бұдан түйеріміз, адам дамуымен бірге қосарласып, егіздей жармасып келе жатқан проблема бүгін ғана пайда болмай, әр заманның мәселелерімен ұштасып отырған. Ал осы мәселені көтермеген қазақ басылымдары кем де кем. «Әр кітабың шыққанда бір балаң өмірге келгендей қуанасың»— деп, «Санат» баспасының директоры, ұстазымыз С. Әбдрайымов айтқандай, әрбір туындап отырған мәселелерге халқымыздың бей-жай карамайтындығын қазақ баспасөз беттерінде жарияланған еңбектерден көреміз. Бұл жұмыстың жазылуын әр адамның жүрегіне сәуле нұрын құюда кездесіп отырған қиыншылықтардан, яғни ішкі қажеттіліктен туындап отырған еңбек деп ойлаймын. «Қазақ баспасөзі – тәуелсіздіктің нәтижесі, ұлттық өр үні мен көкірегіндегі мұңы екені даусыз. Бүгінгі қазақ баспасөзінің бет-бейнесі мен ...
Жемісті культураларды генетикалық жақсартудың негізгі шарттарының бірі – шаруашылыққа құнды белгілерге ие өсімдіктердің жабайы формалары мен мәдени түрлерінің генофондын сақтау болып табылады. Қазіргі кезде өсімдіктердің генетикалық материалын сақтаудың бірнеше тәсілі бар. Бәрінен бұрын, бұл далалық гендер банкі мен помологиялық коллекциялар. Әлемдік практикада генетикалық материалды сақтаудың дәстүрлі формаларын толықтыру ретінде баяу жүретін метаболизмді қамтамасыз ететін, гермоплазма үлгілерін in vitro криоконсервациялаудың биоинженерлі әдістері кең қолданылады. Криоконсервацияның артықшылықтары: егу аудандарын үнемдеу, вирустар мен патогенді микроорганизмдерден таза өсімдік алу, көбею коэффициентін мың есе арттыру, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктердің сорттары мен формаларының генофондын ұзақ уақыт сақтау мүмкіндігі [1]. Криосақтау – бұл өсімдік ұлпаларын, мүшелерін және клеткаларын терең мұздату және өте төмен температурада сақтау әдісі (-1960C). Бұл обьектілердің генетикалық сипаттамаларын кез келген мерзімде сақталуына мүмкіндік береді. Бұл әдіс арқылы әр түрлі материалдарды, бөліп алынған протопласттардан бастап ұрық пен тұқымдарға дейін сақтауға болады [2]. Жұмыстың мақсаты алманың селекциялық құнды сорттары мен формаларының криогенді коллекциясын жасау және алма гермоплазмасын сұйық азотта сақтау ұзақтығының әсерін анықтау болып табылады. Міндеттері: - пробиркалық өсімдіктердің апикальды меристемаларын бөліп алу және культивирлеудің әдістемелерін жетілдіру; - алма меристемаларын криосақтау әдісінің оптимизациясы; - алма гермоплазмасының коллекциясын жасау. ....
Оқу керек. Оқу керек емес деп ешкім айтпайды. Сондықтан даулы нәрселер турасында жұрт бір итфақға келіп жеткенше, даусыз нәрсе оқуды тәртіпті жолға түсіру жайындағы ойымызды жұрт алдына салалық.
Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі – мұсылманша оқу, бірі – русша оқу. Осы күні алты-жеті жыл русша оқығандарымыз дұрыстап русша сөйлей алмайды һәм жаза алмайды. Русша жақсы білуге он-он бес жыл керек. Ондай уақыт оқуға жалпақ жұрттың бәрінің қолы жете алмайды. Сондықтан русша оқудан көрі жалпақ жұртқа керегірек һәм қолы жетерлік оқу жайын айтамын. Мұсылманша оқуға, мұсылманша болғанда қазақша оқуға, оншама көп жыл керек емес. Не үшін десеңіз, русша оқығанда уақыттың көбі тіл үйренуге кетеді. Қазақша оқығанда тіл үйренуге кететұғын уақыттар басқа нәрселерді үйренуге керек уақытқа ауысады. Cондықтан русша 6-7 жыл оқып білетұғын білімдерді қазақша үш жыл оқып білуге болады. Русша оқып дұрыстап хат жаза білуге аз болса 8-9 жыл керек. Қазақша дұрыстап хат жаза білуге бір-екі-ақ жыл керек. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын. Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-жырғалағы көп, оныменен жүріп хат жаза білуге жеткенше русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі, қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, фарсы, араб тілінде жазылған кітаптар араласып бас қатып, мый ашып, балалар әуре-тәуре болады. Сондықтан оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз. Жақсы құралменен іс істегенде көпке тиіп жанды қинамайды. Оқу құралы да сондай, жан қинамайтұғын болса, жақсы болады. Әр істің басы қиын. Басында қиналмай кетсе, онан әрі тың кетеді. Бұл .....
Тойменен әрленгендей шамшырағы, Жиналып туыс, көрші-қоңсылары. Ағайын-жекжат - бәрі жиылды да, Ұзатып салады енді Қаршығаны.
Дәстүрім жетті-дағы бүгінгіге, Жастары бойға оны сіңірді де. Қаршыға ұзап барады өз үйінен, Ағайын, ортаңыздан бүгін, міне.
- Аға! - деді Еркін асабаға жүгіріп келіп. - Біз деген он жылдық кездесудің дастарқанына жиналып отырмыз ғой. Бұл он жылдықтың тойы ғой?!
- Не ғой, - деді асаба күлімсіреген сыңай танытып. - Он жылдықтың сценарийі бар еді, қалып қойыпты ғой. Орнына қыз ұзату тойының сценарийін алып кетіппін.
Не болды, жаным?! Тағы да түсіңнен шошыдың ба?! Тағы да сол түсіңе қыздарың кірді ме?! Кішкене демалшы, жаным!
- Ұйықтай алмаймын, Берден! Ұйықтай алмаймын! Осы бір он үш қызды уайымдап ұйықтай алмаймын енді! Жүрші, аулаға шығып келейік! Жүрегім бір түрлі болып тұр, Берден!
***
- Міне, көрдің бе, жаным? Көше деген тым-тырыс қой.
- Сонда да көшені бір жағалап қайтайықшы, Берден!
- Жаным-ау, осылай күн сайын ұйықтамай көше жағалаймыз да жүреміз бе?!
- Ренжімеші енді, Берден!
- Жаным-ау, ол қыздарды несіне уайымдай бересің?! Жанында мамалары бар емес пе? .....
Қонақтан шыққан масаң тартқан алпамсадай жігіт жолдастарымен әлі де қала түспек ойы бар еді, бірақ шынашақтай ғана жұбайы оған ерік берместен, білегіне шап етіп жабысқан күйі жігіттің жүзін басқа бағытқа қаратып үлгерді. Жігітке жұбайының әміріне еріксіз мойынсұнуына тура келді. Түн көзге түртсе көргісіз қараңғы, оның үстіне жер лайсаң батпақ еді. Нәзік жұбайының алпамсадай, әулетті жігітті сүйеп қалуға шарғасы келмей аяғы бір-екі рет тайғанақтап барып түзелген соң, әлгінде ғана өздерімен бірге қонақтан шыққан, кетіп бара жатқан топ қыздың ішінен өзінің мектептен бірге өскен жан құрбысын көмекке шақырды:
- Сәуле! Сәуле! Бері келші! Жәнібекті үйге дейін жеткізейікші!
Жан құрбы жан құрбыны жолға тастап кете алмады. Аяғы саз балшықтан сырғанай түскен күйі еңісте тұрған ерлі-зайыптылардың жанына келді. Жанына келді де, өзі де нәзік құрбы алпамсадай жігіттің екінші білегіне жармасты. Енді бағыт түзелді. Бағыт алған нысанаға қарай ақырын-ақырын жақындап келе жатыр. Бір қадым ілгері, екі қадым кейін. Жігіт әлсін-әлсін тоқтап, арт жаққа мойнын бұрып тың-тыңдайды да, жігіттердің даусы семген соң, еріксіз екі білегіндегі нәзік жандылардың қимылына бағынып, ілгері аттайды. Жігіттің жұбайы ойлап келе жатыр:
Кіріспе Қан ағзадағы дәнекер ұлпаның бір түрі. Қанның құрамы сұйық плазмадан және қан түйіршіктерінен (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Қан құрамындағы лейкоциттер организмді әр түрлі зиянды заттардан қорғайды. Қан мен лимфа және ткань аралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды да, бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатады. Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық және химиялық қасиеті біршама тұрақты болады, сондықтан да организмдегі клеткалардың тіршілік процесі қалыпты жүріп жатады. Қан организмдегі клеткаларға, тканьдерге қоректік заттарды жеткізетін болса, екінші бір органдар зиянды, қорексіз улы заттарды организмнен шығарып отырады. Қорыта келгенде қан организмдегі клеткалардың тіршілігін сақтайды, әрі ол клеткалар мен тканьдердегі су мен минерал заттардың мөлшерін реттеп тұрады. Қан қан тамырларымен ағады да, организмнің барлық клеткаларына қоректік заттарды тасу қызметін атқарады. Мысалы, қан тканьге глюкоза, амин қышқылдары, май, витамин, минерал заттарын, суды, оттегін т.б. қоректік заттар жеткізсе, екінші жағынан зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы) сыртқа шығару органдарына: бүйрекке, тер бездеріне, ішекке және өкпеге апарады. Қан организмде Гуморальдық реттелу процесін қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолмен бір-біріне байланыстыра отырып реттейді. Қанның организмді гуморальдық жолмен реттеуі – ондағы ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға қосылатын физиологиялық актив заттарға – гормондарға байланысты. Сонымен бірге қанда болатын иммунитет факторы организмде қорғаныс қызметін атқарады. Иммунитет - қандағы лейкоциттердің фагоцитоз процесіне бейімділігі. қандағы қорғағыш денелер организмдегі микробтарды, олардың бөлетін улы заттарын зиянсыздандырады және зиянды белоктарды ыдыратады. ....