Реферат: Өзен кен орнының геологиясы

Өзен кен орындарында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында триас, юра, бор, полеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған полионтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаратаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофаунамен т.б. зерттеу арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр.
Өзен кен орының мұнай-газдылығы юра және кейде бор шөгінділерімен байланысты. Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор – газды, ХІІІ-ХVIII горизонттар – жоғарғы және орта юра – кен орнының негізгі мұнай – газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның ХІХ-ХХІV горизонттары мұнай – газды.
Пермь – триас шөгінділері Өзен кен орнының ең кәрі жыныстары болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Өсімдіктердің індетті ауруларға төзімділігі

Өсімдіктердің көптеген аурулары оларға бөгде организмдердің патогенді немесе ауру туғызатын бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың әсер етуінен пайда болады. Бұл патогенді микроорганизмдер өсімдікпен жанасып әрекеттеседі, оның организміне еніп, немесе оның сырт бетінде өсіп дамиды және тіршілік әрекеттерімен өсімдіктегі физиологиялық процестерді бұзады, яғни өсімдікті ауруға шалдықтырады.
Сонымен індетгі аурудың негізгі ерекшелігі міндетті түрде ауру туғызушы, өсімдіктің сыртқы бетінде, немесе ішінде (ұлпаларында) дамитын, одан өзінің тіршілік әрекеттеріне қажет қоректік заттарды алушы, микроорганизмнің немесе басқа паразиттің (арамтамақтың) болуында. Бұндай аурулардың екінші ерекшелігіне, олардың басқа сау өсімдіктерге, немесе жеке органдарға тікелей жанасу жел, адам, хауанаттар, сондай-ақ, індеттенген өсімдік қалдықтары арқылы тез таралатындығын жатқызуға болады.
Микроорганизмдерге байланысты пайда болатын аурулардан басқа біраз жоғары сатыдағы өсімдіктерге (гүлді паразиттер) және хайуанаттарға (нематодтар), насекомдарға байланысты ауруларды ажырата білген жөн. Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктерге сұмқұла және арамшырмауықты жатқызуға болады. Сұмқұла хлорофилсіз шөптесін өсімдік туысы. Қазақстан жерінде оның 23 түрі өседі. Басқа өсімдіктердің тамыры арқылы қоректеніп, өніп-өсетін аса қауіпті арам шөп. Арам шырмауық-жоңышқа, беде, түйежоңышқа, сиыр жоңышқа, кендір, темекі егісінде өсіп, оларды зақымдайды. Қазақстанда бұлардың 19 түрі өседі.
Барлық өсімдіктер қоректену тәсіліне байланысты автотрофты және гетеротрофты болып бөлінеді....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Өтеген батыр Өтеғұлұлы

Өтеген батыр Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген) (1699-1773) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр.
Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысты. Осы ұрыстарда қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болды.
Батырдың ерлігі аңызға айналып, Күсен, Майкөт, Сүйінбай, Жамбыл, Тілеміс секілді ақындардың жыр-дастандарына арқау болды. Бұлардың ішінде бізге жеткені – Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздарды әдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.Смирнова, С.Бегалин зерттеді. Кейбір зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, батыр Бұқара, Самарқанд, Кабул, Исфахан, Тегеран, Ыстамбұл сияқты қалаларда болып, білім алған. Өтеген батырдың соңында атағы ғана емес, Қосағал, Қосдәулет, Асау, Ылау, Бердіс, Тарпақ, Базарбай, Аюса, Жақұлы, Төке, Тоқтарбай есімді балаларынан тараған үрім-бұтағы да қалды. Атақты Байсерке күйші, Тілеміс шешен Өтеген батырдың ұрпағы.
Батыр әуелі Іле өзенінің бойына (қазіргі Қапшағай су қоймасының табаны) жерленген. Кейін оның сүйегін ұрпақтары Қордай ауданына апарып, қайта жерлеген. Жерленген жері Өтеген ауылы деп аталады. Алматы облысындағы бірсыпыра жер батыр есімімен аталады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қыпшақ дәуіріндегі Қазақстан

Қыпшақ хандығы (11 ғ.б.-1219 ж.). "Қыпшақ" атауы 760 ж. ежелгі түркінің руна ескерткіштерінде аталады. Араб географы Ибн хордадбехтың (9 ғ.) түркі тайпаларының тізімінде көрсетілген.

656 ж. Батыс түркі қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талаптары сәтсіз болып, 9-10 ғғ. Қимақтар тарихымен бірге болды. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды.

11 ғ. басында қимақ қағанаты тарағаннан кейін, кимек, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Олар Сырдың орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғыларын ығыстырады. Енді "Оғыздар даласы" (Мафазат әл-гуз) орнына Дешт Қыпшақ (Қыпшақ даласы) атауы пайда болады. 11 ғ. ортасында қыпшақтар Еділ бойымен, батысқа қарай жылжиды. Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың тарихи-географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы екі үлкен этникалық -территориялық бірлікке бөлуге болар еді: басында Тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті тұрған Шығыс Қыпшақ қағанаты.

Оның даму жолы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең: қимақ тайпалық бірлігі өзегінің құрылуына байланысты, онда 7 ғ. 2 жартысынан бастап, 8 ғ. соңына дейін қыпшақтар елеулі роль атқарады. Осы кезеңде қыпшақтар мен теле тайпалары өзара тығыз этникалық-мәдени байланыста болып, жақындасып кетеді.

Екінші кезең - 8 ғ. соңынан 11 ғ. басына дейін. Қыпшақтар бұл кезеңде, шығысында Алтай мен Ертістен бастап, батыстағы оңтүстік Орал таулары мен Еділ бойына жетеді. Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанды, орталыпы Мұғаджар тауларында болған кумандар жайлайды. Негізгі үш этникалық-саяси бірлестік -қимақтар, қыпшақтар мен кумандар өзара бір-біріне ықпал етті. Сондай-ақ теле, угро-финн, сармат-алан сияқты этникалық компоненттерде қыпшақтана бастады. Қыпшақ этносы қандас туыстар байланысы емес, территориялық-шаруашылық қарым-қатынасы принципінде біріккен, көптеген рулар мен тайпалар негізінде құралды.

Үшінші кезең: 11 ғ. басынан 13 ғ. басына дейін қыпшақтардың этникалық қауымдастығының қалпытасуы. Көптеген тайпалар мен этникалық топтар өздерінің бір этносқа жататынын мойындап, күшейіп келе жатқан қыпшақтардың атын алады. Алайда қыпшақтардың құрылып, қалыптасып болуының соңын монғол басқыншылығы тоқтатып тастайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Құнды қағаздар нарығы

Құнды қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған құндықағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына алды.
Ресейге брокерлік бизнес осы Гермаииядан келді (аз мөлшерде Франциядан) "Маклер", "биржа", "акция" деген үғымдар осындай финанс инвестициясының тәжірибесімен бірге санаға енді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Құндық категория ретінде қаржының ұғымы оның мәні мен қажеттігі

Қаржы(қолма-қол ақша,табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан)-тауар-ақша қатынастарымен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржы ресурстарына қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды. Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577жылы «Республика туралы алты кітабың деген жұмысың бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге жазып қоюға болады.»
Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғашқы авторы Ксенофонт(б.э.д.430-365ж.ж.)болды.Аристотельдің(б.э.д.384-322ж.ж.)қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афинның мемлекеттік құрылысы»атты жұмысында баяндалған.Қаржының мәні ,оның даму заңдылықтары, тауар ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және оның ішкі ерекшеліктерімен,сонымен бірге ұдаиы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық катигорияға қатыстылығын баса көрсетеді. Қаржы экономикалық катигория ретиінде эканомикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіктердің жоғарлау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипатымен даму денгейіне сәйкестік заңының, уакытты үнеидеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Оқушылардың жұмысын зерттеу

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми - зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жургізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тарбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғыдыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына яғни келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізінде шығар-машылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтнжелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Гондвана жекелеген материктерге бөлінгеннен кейін Оңтүстік Америка ұзақ уақыт басқа континенттерден оқшау қалды. Сондықтан мұнда тек Оңтүстік Америкаға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың түрлері пайда болды. Африка мен Австралияда өсетін өсімдіктермен, мысалы, пальма, қараған, бөтелке ағашымен бірге Оңтүстік Американың өз түрлері — каучукты гевея, какао ағашы, хина ағашы бар. Хина ағашының ңабығынан дәрі жасалады. Оңтүстік Америка — көптеген екпе өсімдіктердің отаны (117-суретті қараңдар).
Жануарлар дүниесінің де өзіндік ерекшелігі бар. Кейбір жануарлар (құмырсқа жегіштер, сауыттылар, пума) бүкіл материкте кездеседі.
Экваторлың ормандар зонасы. Бұл зона, Африкадағыдай, экватордың екі жағында орналасқан. Оңтүстік Америкада оны сельва деп атайды, бұл португал тілінен аударғанда «орман» дегенді білдіреді. Оңтүстік Америкада бұл зона Африкадағыдан гөрі едәуір көлемді жерді алып жатыр. Сельва Африкадағы ормандарға қарағанда ылғалдылау, өсімдіктер мен жануарлар түрі де көбірек. Мұнда биіктігі 80 м-ге жететін сейба ағашы өседі, пальманың алуан түрлері, қауын ағашы, какао, гевея өседі. Орманның ірі өсімдіктерін лианалар шырмаған. Ағаштардың діңінде әдемі гүлдейтін орхидейлер көп. Көптеген өсімдіктерден бағалы ағаш сүрегі ғана емес, сонымен бірге жемістер, шырын, техника мен медицинада қолданылатын қабық алынады.
Орман шетіндегі топырақ — қызыл-сары ферралитті, ол Африка ормандарындағыдай түзіледі.
Сельваның жануарлар дүниесі ерекше бай. Мұнда ағаштың басында тіршілік етуге бейімделген жануарлар: ілмек құйрықты маймылдар, жалңауаң мекендейді. Тіпті, бақалар мен кесірткелер де ағаштың басында тіршілік етеді. Өзендер мен батпақты жерлерде тұяқты жануарлар — тапир мең Жер бетіндегі ең ірі кеміруші су шошқасы — капибара мекендейді. Оның салмағы 50 кг-ға дейін жетеді. Жыртқыштар аз, олардың ішіндегі көбірек белгілісі — ягуар.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қылмыстық іс жүргізудегі тергеушінің процесуалдық жағдайы

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу құзыры Ұлттық қауіпсіздік қызметі, ішкі істер және қаржы полициясы органдарына жүктелген, тергеушілер іс жүргізу қатынастарында тең дербестікке ие, олардың өкілеттіктері тек өндірістеріндегі істерге байланысты ғана бөлінеді.
Жалпы «тергеу қызметі» ұғымы заң әдебиеттерінде қазіргі қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу заңы қабылданғанға дейін де, бұл заң қабылданғаннан кейін дс әр түрлі тұрғыда талқыланумен келеді. Тергеу қызметін жетілдірудің концептуалды бағыттары негізгі тергеу қызметін әрі қарай дамытып, «Тергеу қызметі және тергеушінің мәртебесі туралы» заң қабылдау қажеттігі туралы айту керек.
Алайда концепция жобасы авторының «судьялар сияқты, тергеушілер де қылмыстық іс жүргізу барысында артықшылықтарға (ешкімнің тиіспеуі) ие болу керек» деген тұжырымымен де келісуге болмайды. Себебі қылмыстық іс жүргізу кезінде судьяларға артықшылықтар беретін норма, Қылмысгық іс жүргізу заңында көзделмеген. «Судьяларға ешкімнің тиіспеуі» қағидасы Қазақстан Республикасының Ата заңымен (79 бап) және «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі» туралы Конституциялық заңың 27-бабында көрсетілген және бұл норма судьяның жалпы құқықтық жағдайын айқындайды.
Сондықтан тергеушінің мәртебесін судьяның мәртебесімен теңестіру қажет пе? деген сұрақты талқылау барысында, олардың функциональдық міндеттерін ажыратып отырған шектеуді жойып алмас үшін, өте мұқият болу қажет. Себебі бұл шектеуді сақтамау, қылмыстық істерді қарау жағдайлары бойынша қарап шешу функцияларының бір тұлғаға шоғырлануына әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар сот билігінің өкілдері судьялармен арадағы шекараны жоюға әкеліп соғады.
Соңғы кездері алдын ала тергеу жүргізуді сот әділдігін жүзеге асырудың алғашқы кезеңі ретінде қарау керек деген пікірлер айтылын қалуда. Бұл пікірмен келісуге болмайды. Себебі алдын ала тергеу жүргізу тергеуші соттың функциясын атқармайды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 11 -бабының талабы бойынша «Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша сот әділдігін тек соттар ғана жүзеге асырады». ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ӨРКЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТ

Монографияның негізі - ұлт болашағы туралы.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұндай жағдайда қазақ мәдениеті өркендетудің стратегиялық бағытын анықтайды. Автор жалпықазақстандық мәдени үлгіні жасақтау жолын ұсынады. Қазақстан диаспоралары өз "Этноқұрылық мәдениетінің" бір бөлігі болып қана қоймай, ең бастысы Қазақстан мәдениетінің өкілетті өкілдері бола алатын дәрежеге көтерілуі керекті.
Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда өмір сүріп отырған басқа халықтар өкілдерінің мәдени ықпалын, олардың өзара кірігуі табиғи жолмен өрбуін қалайды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін шетте жүрген қазақ диаспораларының тағдыры күн тәртібіне қойылды. Автор шетелде шашырап, елге орала алмай отырған 5 млн. қандастарымыз туралы Елбасы ретінде ғана емес, халық перзенті санатында қатты тебіренеді. Шын мәнінде, осы арада айта кетерлік жайларда баршылық. Шет елдік диаспораларда өмір сүрген ортаға бейімділік бары рас. Бірақ, отандастарымыздың қалың тобы сауда-саттық жағына бейім, олардың ішінде зиялы қауымның қалың тобы жұқа, жоқтың қасы. Елге оралған отандастарымызды орналастырған кезде олардың іргесін сөкпей, тұтас қоныстанғаны дұрыс сияқты. Және бір ескеретін жай Монғолиядан келгендерді бүкіл Қазақстан сахарасына шашыратпай-ақ таудың арғы бөктерінен бергі Қатонқарағай, Зайсан маңына малымен көшіріп әкелсе қандай жақсы болар еді. Монғолияда ағайын-туыс, құдандалы отырған тұтас ұлыстың іргесін сөгу олардың болмысын бұзумен тең екендігін ескермей келеміз, ағайын. Қазақ елі егемен елдің ішкі істеріне араласпай, аумақтың тұтастық ұстанымдарын сақтай отырып, өз диаспораларына мәдени, экономикалық һәм саяси қолдауды көрсетіп келеді.
Тәуелсіз-мемлекетіміздің, халқымыздың болашағы ұлтаралық қатынастарға байланысты. Осы тұста қазақ мәдениетінің кіріктірушілік ролі орасан зор. Автор - қазақстандықтар бір ғана экономикалық немесе саяси кеңістікте ғана емес, бір мәдени кеңістікте өмір сүріп жатқанынан назар аударады, еліміздегі басқа да ұлттық топтармен мәдени-өркениеттік арнада дамытуға көңіл бөледі. Қазақстанның мәдениеті көне заман мен жаңаның арасында ғана дәнекерлік жасамайды, ол сонымен қатар евразиялық мәдени кеңістік пен кіндік Азия халықтарының жаңа арнада өркен жайған дәстүрлі тарихи-мәдени бірлігіне дәнекерлік етеді. Елбасының бүгінгі күні "тарих толқынындағы халықтардың бірлігіне қол жеткізуден артық маңызды міндет жоқ", - деген пайымдауы бүкіл мемлекетіміздің, ұлттың болашағына деген мүддеден туындайды.
Н.Ә. Назарбаев дабылды да дауылды, қаһарлы да үрейлі, аласапыран ХХ ғасыр тарихына, оның тағылымына көп көңіл бөлген. Еңбекте қазақ зиялыларының ұлттық бірлікті нығайту барысындағы рухани - зерделі істерін алға тартады.
ХХ ғ. ұлы реформаторы, ұлт көсемдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын бастаған дүбірлі қозғалыстың қасиетті де қастерлі күрес жолына үңіледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0