Реферат: Қытайдың экономикалық саясаты


Жаһандану үстіндегі әлемдік кеңістікте “рыноктың көрінбес қолымен” және бел¬сенді мемлекеттік реттеу арқылы халық¬аралық еңбек бөлінісіне тартылған елдердің өзара тәуелділігінің, өзара астасула¬рының күшеюі байқалады. Ұлттық экономика¬лардың бір-біріне тар¬тылысында тереңдей де кеңейе түскен сауда байланыстарына ерекше рөл жүктеледі. Индустриялық және дамушы елдердің экспорттық-импорттық саясатқа әрқилы қатысуы, соңғыларының тәуелділігі күшейе түсуі әлемдік экономикадағы күштер орналасуына ықпал етіп келеді.
Салыстырмалы түрде алғанда әлемдік шаруашылық үдерісіне жуырда қосылған аса ірі мемлекет Қытай болып табылады, ол халықаралық өндіріс пен тауар айналымына белсене қатысып келеді. Бұл ел көп ретте Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, Орталық Азия¬дағы макроэкономикалық ахуалды айқындап отыр. Экономикалық өсу қарқыны бойынша (1999 жылы – 7,1%, 2000 жылы – 8, 2001 жылы – 7,5, 2002 жылы – 8, 2003 жылы – 9,3, 2004 жылы – 9,3, 2005 жылы – 9,9%) ҚХР барлық елдердің алдында келеді. 2005 жылы ІЖӨ деңгейі бойынша (2,3 трлн. доллар) ол әлемде 4-ші орында болды. Жалпы өнімді жан басына орташа тұтыну 1,7 мың долларды құрайды. 2010 жылға қарай 2000 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткішті екі есе арттырып, 2,5 мың долларға жеткізу жоспарланып отыр. Экономика “қызынуы” факторының өсуі ретіндегі жоғары сер-пінділік Қытай үкіметін мазалап отырғаны байқалады, сондықтан да 2006 жылы ІЖӨ-нің өсуін 8%-ға дейін шектеу көзделуде. Бұл ретте негізгі қорға салымдарды қысқарту, кредиттеу шарттарын қатаңдандыру секілді құралдар пайдаланылмақ.
Континенттік Қытайда 1,32 млрд. адам тұрады. Бұл ел аумағы жағынан әлемде 3-ші орында (9600 мың шаршы шақырым). Жұмыс күшінің саны 750 млн. адамнан асады, мұның өзі Үндістанға қарағанда 1,7 есе, ЕО елдеріне қарағанда 2,4 есе көп, соның ішінде Германиядан – 19 есе, Ұлыбританиядан – 25 есе, Франциядан – 28 есе, АҚШ-тан – 5 есе, Жапониядан – 11 есе артық. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Өзіндік қорғаныс әдістері

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттың қарқынды дамуымен қатар оған сұраныс пен ұсыныс та жедел дамуда. Сұраныс көбеие түскенде ақпараттың заңсыз алынуы, ұрлануы және жария етуіңе қауіп төнеді. Ақпараттық қорғау бұл жерде міндетті түрде қажет болады. Бұл сала ақпараттық дамудың ажырамас бөлігі болып табылады. Кәсіпорындардың негізгі табысы олардың пайдаланылған технологиясына және басқада факторларына байланысты. Егер ол ақпарат қорғалмаса кәсіпорындардың құпия қағаздары ұрланып, табысы азайып кәсіпорын жабылуы мүмкін.
Пайдалануға ЭЕМ шыққанда ақпаратты електронды түрде сақтауды жөн көріп барлық ақпарат ЭЕМ-ге енгізілді. Ол ЭЕМ-нің жақсы жақтары ақпаратты тез табуға, анықтылығына, аз орын алуына және пайдаланушыға ынғайлылыққа кепілдік берді. Бірақ қауіптің ЭЕМ-де де бар екендігін ешкім ойлаған жоқ. Кейін ақпарат ұрлана бастағаннан кейін қауіпсіздіктің бірінші қадамы ЭЕМ-ге тек бір адамды жолату болды. Бірақ бұл қауіпсіздікті 100 пайызбен қамтамасыз етпеді. Сол жұмыс істеген адамдардың өздері ақпаратты сатып, жария етуге мүмкіндіктері болғандықтан. Қауіпсіздіктің келесі қадамы ЭЕМ-ге парольдік қорғаныс қойыла бастады. Ол ЭЕМ-ге тек сол парольды білетін адамдарға кіруге мүмкіндік берді. Бірақ олда толығымен қауіпсіз болмады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Өзіндік тәрбие дамуының сатылары

Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі - отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа кез жүгіртетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.
Екінші себеп - бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-аналарының және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші рөл атқарады. "Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі" деген болатын А.С.Макаренко.
Ал, ұлы ата-бабаларымыз "Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы", "Үяда не керсе, ұшқанда соны іледі" деп түсіндіреді. Сондықтан балаға өмірінің алғашқі жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан аза шегеді. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білім, де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірге тәрбиелі ұрпақтарының қолында. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қызметкерді бағалау

Қызметкердің дамуы, оқуы, квалификациясын көтеру, жұмысшылардың өсуі олардың табиғатын бағалауға негізделеді. Кадрларды бағалау- өзінің процедкрлық шығарылымыныңы жеке немесе профессионал жұмысшының сапасына сәйкес, сандық және сапалық көрсеткіштері талапқа сай атқарған жұмысына байланысты. Ал, ақпараттық функция талаптарға сәйкес қызмет деңгейіне байланысты адамдарды топтауға бағытталады. Осы жұмыстың барысында жұмысшы оның жақсы жұмыс жасауына ғана емес, оның күшінің мықты немесе әлсіз бағытта өзін- өзі қамтамасыз ете алатындыған көрсетеді. Еңбек ұйымның нәтижесін бағалау адамдардың тәритіп мотивация құралын қамтиды. Қандай жағдай болмасын, барлық жүйеде қызметкероді бағалау ұйым қызметкерлері өз жұмысына қаншалықты қанағаттанатындығының деңгейі, ол салаға қаншалықты берілгендігі, олардың осы салаға өкінбейтьіндігін көрсететін ұйым индикталорларын көрсетеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Өнеркәсіптің экологиялық проблемалары

Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады:
Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар ерекшеліктермен сипатталады:
- ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы;
- тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі;
- өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің негізгі қорларының тозуы – 60 % - тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде);
- экологиялық проблемалар – Орталық Қазақстан қоршаған ортаның ластану және құлдырау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді жер етудің жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады (ол атмосфераға зиянды заттардың лақтырыстары бойынша – бірінші орын).
Барлық постсоветтік кезең бойында орталық органдар аймақтың әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін база құруға емес, көмір өндіру бойынша міндеттерді шешуге баса назар аударды. Шаруашылықты жүргізудің және әлеуметтік проблемаларды шешудің жағымсыс тәжірибесі – бұл аймақты шаруашылықтық игерудің технократтық тұжырымдамасын айтарлықтый іске асыру, ол өндірістік мақсаттардың әлеуметтік мақсаттардан басылымдығымен ғана емес, сонымен бірге келешекті міндеттерді шешуге зиян келтіріп, ағымдағы қиыспаушылықтарды жоюға жұмсалатын күштерді шоғырландырумен де сипатталған.
Өндірісті дамыту, ҒТП бойынша шараларды жүзеге асыру, өнім сапасын жақсарту үшін өте қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Сондықтан өнеркәсіптегі онсыз да ескірген өндірістік аппарат, соңғы екі-үш жылда алапатты түрде бұзылады, бұл көптеген кәсіпорындардың тоқтатылуы және жабылуы үшін қосымша себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге, бұрын көрсетілгендей, біздің экономикамыздың жетілмеген құрылымын есепке алу керек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Өндiрiс шоты

Өндiрiс шоты өндiрiстiк процестердi қамтиды және екi бөлiктен тұрады:
1) Ресурстар бөлiгi;
2) Ресурстарды пайдалану бөлiгi.
Шоттың ресурстар бөлiгiнде өндiрiлген өнiмнiң құны өнiмге және импортқа салынатын салықтар көрсетiледi. Ал пайдалану бөлiгiнде өнiм өндiруге жұмсалған шығындар, өндiрiстiк емес сферадағы тұтыну шығындары, яғни аралық тұтыну шығындары болады. Аралық тұтынудың нәтижесiнде (шикiзатты, материалды, отынды, т.б. тұтыну) өндiрiлген өнiмнiң құны азаяды. Жалпы шығарылған өнiм құнынан аралық тұтыну шығындарын шегергенде қалған қалдық жаңадан қосылған құнды анықтайды. Аралық тұтыну шығындарының құрамында негiзгi капиталды тұтыну болмағандықтан, жаңадан қосылған құн шартты таза өнiм болып саналады және өндiрiс шотының балансы статьясы болады. Халықаралық экономикалық теорияда және статистикалық пратикада бұл көрсеткiштi жалпы iшкi өнiм деп атайды. ҰЕЖ-нiң концепциясы бойынша өндiрiстiк iс әрекет кәсiпорындардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың материалдық өндiрiс сферасындағы,сол сияқты материалдық емес қызметтер сферасындағы әрекеттерiн қамтығандықтан, жалпы шығарған өнiм, жалпы iшкi өнiм, т.б. көрсеткiштер ХШБ-дегi оларға ұқсас көрсеткiштерден өзгеше болады. Өндiрiс шоты экономика салалары, секторлары және тұтас экономика үшiн құрылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0