Өлең: Қадыр Мырза Али (Бақыт)

Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз,
Сол — қайғы.
Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды.
Лүпілдеген тамырындай шекенің
Жеке сағат,
Жеке тәулік.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Әз ана)

Өзіңнен үлгі алғандай
Өлеңге ғашық кең далам.
Періште көрсем таңданбай,
Көргенде сені таң қалам:
Ертемен тұрып, Әз ана,
Беліңді бекем буасың.
Бір кезек қора тазалап,
Бір кезек ыдыс жуасың......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Даналық пен балалық)

Сәуір ғажап,
Сәуірдегі гүл ғажап.
Сыбыр-сыбыр,
Күбір-күбір жылға жақ.
Жасыл көктем,
Сары күзден жаралған
Әрі бала,
Әрі дана бұл қазақ.
Күз алдында
Көктем біраз именген,
Именген де,
Келін болып үйге енген. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің әкем)

Бұл өмірді кім саған оңай депті!
Қайырасың тағдырдан қалай кекті?
Менің әкем
Сияқты Адам ата
Қалай келсе өмірге
Солай кетті.
Әкем жайлы енді-енді біліп келем:
Күресіпті ол контра......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қалай тұрар бұл көзден мұң көрінбей)

Қалай тұрар бұл көзден мұң көрінбей
Ғұмыр қысқа көктемнің гүлдеріндей.
Өмір! Өмір!
Ағызып өте шығар
Демалыстың ақырғы күндеріндей.
Мұның өзі әрі наз, әрі шыным,
Күйігіңді баспайды дәрі, шылым......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ұлы махаббат)

Сусын қылар үмітін шөлдегенде
Осы жерге перзентпіз сен де,
Мен де!
Барлығын да сүйемін,
Сөйте тұра
Махаббатым ерекше ел дегенде!
О дүниеге жер аудар!
Көшір мейлі!
Көшір мейлі!
Өмірден өшір мейлі!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жалғыз)

Жалғыз түйір нәр болмайды тамырға,
Жалғыздықпен қорқытады қабыр да.
Жалғыз ішек жарытпайды күй тартып,
Жалғыз кірпіш бола алмайды қабырға.
Жылайтұғын түгі де жоқ зар илеп.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Өзіңді тану — өзгені тану)

Менің өзім қызық жанмын, қарағым.
Қалай тұрам?
Қашан қайда барамын?
Қалай ішем елдің берген сусынын?
Не сөйледім?
Кімге қалай қарадым?
Неліктен мен бола берем түзге алаң?
Неліктен мен бермей қалдым қызға мән?.....
Өлеңдер
Толық
0 0