Өлең: Қадыр Мырза Али (Өмір қиын)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Өмір қиын)

Өмір қиын!
Біреу жанып,
Біреулер малын бағар.
Тұлпар мінсең,
Ериді жалында қар.
Өзіңді-өзің алдама,
Алдарқатпа —
Өмір барда, ағайын, өлім де бар.
Ақылға тән қашанда сабыр-ұстам.
Азаматты қорқытпас тағдыр-мыстан.
Қалай қарай жүрсең де —
Есте болсын —
Қарсы алдыңнан шығады қабірстан.
Амал қанша!
Буасың белді бекем!
Бірте-бірте шырағың сөнді ме екен?!
Егер сөнсе,
Ол қайтып тұтанбайды.
Қабірстан қараңғы — соңғы мекен.
Жел боп шайқап даланың гүл етегін,
Тіршілікті, әрине, жыр етемін.
Өліміңнен білінер
Кейде сенің
Өміріңнен білінбей кім екенің!
Неге керек бір күндік құлқын егес!
Біреу мұңға,
Біреулер күлкіге мес.
Өлім жайлы ойламай әлсін-әлсін
Жақсы көру өмірді мүмкін емес!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Өмір қиын өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Өмір қиын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]