Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Біреулер масаттанып табысына)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Біреулер масаттанып табысына)

Біреулер масаттанып табысына,
жүгірер бас пайдаға жан ұшыра.
Біреулер билік тисе маңғазданып,
ұмытар қайда екенін абзал халық.
Даңқ қуған біреу жүр сабылумен,
біреу жүр кей бастыққа жағынумен.
Біреудің арманы, айтар саған мұңы -
үй-іші, мал басының амандығы.
Біреу жүр сұлу жарды аңсап анық,
таңданып тұрса екен деп барша халық.
Тамақ тоқ, қүйбең жұмыс тосып алда,
біреулер дән риза осыған да...
Ал мен ше?
Ұққандықтан соның бәрін,
отырам оттай жанып-сөніп, жаным.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Біреулер масаттанып табысына өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Біреулер масаттанып табысына

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]