Бата-тілек: Бекентайдың батасы

Бата-тілек: Бекентайдың батасы

Әуелі Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Ғайып Ерен Қырық шілтен
Қолдаушың боп қорғасын.
Малың менен басыңа
Еш жамандық болмасын.
Бақыт берсін басыңа,
Береке берсін асыңа,
Келмесін дүшпан қасыңа.
Бата беруші біздерден болсын,
Қабылдаушы Құдайдан болсын.
Ішкенің адал болсын,
Айтқаның әділ болсын.
Таразылы, берекелі бол,
Ақ жүзді кеңпейіл бол.
Қаз дауысты Қазыбек,
Қара балуан Жәнібек,
Адассаң жолға сала жүрсін,
Пәле - жаладан қаға жүрсін.
Түркебай атам аруағы қолдасын,
Баталы ата торласын.
Дастарқанға бал төксін,
Қызыл ала нар шөксін.
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын.
Берген батам қабыл боп,
Жарылқасын Құдайым.
Аллауакбар!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
казакша бата-тілек Бекентайдың батасы благословение на казахском, благословение Бекентайдын батасы на казахском языке бата-тілек скачать бесплатно, бата-тілек түрлері жинағы оқу, виды благословения на казахском языке, Бекентайдың батасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]