Бата-тілек: Жас жұбайларға бата

Бата-тілек: Жас жұбайларға бата

Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы отбастарыңа
Сәбидің шаттық үнін берсін!

Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын,
Шаршап - шалдыққандар
Төрлеріңде дамылдасын!

Көлденең кеселден сақтасын,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау - жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!

Шайтанның азғыруынан,
Елдің жазғыруынан сақтасын!
Асып - тасқаннан сақтасын,
Алшаң басқаннан сақтасын!

Отауларың елге сән болсын,
Өмірлерің бал болсын,
Бибі Фатима анамыздың
Аруағы өздеріңе жар болсын!
Әумин!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
казакша бата-тілек Жас жұбайларға бата благословение на казахском, благословение Жас жубайларга бата на казахском языке бата-тілек скачать бесплатно, бата-тілек түрлері жинағы оқу, виды благословения на казахском языке, Жас жұбайларға бата

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]