Қазақша Бата - тілек: Қоныс той

Қазақша Бата - тілек: Қоныс той

Әмин, деп қол жайып,
Бата берем толғанып.
Баспанаңды бітірдің,
Еңбегің жанып оңдалып.

Жиһаз толсын ішіне,
Дос сүйсінсін ісіңе.
Мерейленіп ұйықтаңдар,
Жұмақ кіріп түсіңе.

Биік болсын төбесі,
Будақтасын өңеші,
Мықты ұстасын ағашы,
Әрбір қаққан шегесі.

Бақыт құсы үйірілген,
Той кетпесін үйіңнен.
Асқақтай бер қашанда,
Осы жақсы күйіңмен.

Қонақ кетпей үйіңнен,
Мерейің тасып өрлегін.
Отбасыларың аман боп,
Қиыншылық көрмегін.
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қоныс той тилектери, қоныс той тілектері, қоныс той тілектер, бата қоныс той, бата қоныс той бата

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]