Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру

КІРІСПЕ
Бүкіл түркі халықтары грамматикасының атасы саналатын Махмұд Қашқари еңбегін біз де қазақ тілінің тарихи грамматикасына арқау етеміз.
Махмұд Қашқари орта ғасырлардағы ғылымның алыбы, әрі жетік лексиколог, асқан грамматист, тарихшы, әдебиетші.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат- түрік" (Түркі тілдерінің сөздігі) атты еңбегі түркі тілдес халықтардың тілін, тарихын,рухани дүниесін көрсететін мұраларға толы.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лүғат ат- түрік" жалпы түркі халықтарының , соның ішінде Орта Азия халықтарының ортақ ғылыми мүрасы.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат- түрік" атты сөздігінің қолжазбасы алғашқы рет 1913-1915 жылдары Стамбулда басылып шықты. (1;36-37)
Түркі әлемінің тұңғыш түрколыгы, данышпан білгіш Махмұт Қашқаридың өмірі мен қызметі жөнінде мәліметтер аз болғандықтан, оны өз туындысы «Диван-и лұғат ат түрктен» («Түркі тілінің сөздігін») ғана біле аламыз. Махмұт Қашқаридың толық есімі-Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхамед. Туылған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1029- 1038 жылдар аралығында Қашкарда дүниеге келген. Махмұт Қашқаридьщ Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. Ата-бабаларының бірі-Харун эл-Хасан бин Сүлеймен Боғра хан атағын алған, Маураннахрды жаулап алып, Саманилердің астанасы болған Бұхараны да басып алған. Әкесі Боғра ханның немересі Хусейн бин Мұхаммаед Барсханның (Барскон) әкімі еді. Кейін, Қарахаидтер әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі - Қашқарға ауысқан. Махмұттың «Қашқари» ныспысын алуы да осы қалада тұруына байланысты болатын.
Махмұт оқып-жазуды және кейінгі тәлімін өзі туылған Қашқарда алды. Ол заманғы Қашкар қаласы - Шығыс Түркістанның ipi саяси жаңа мәдени орталығы еді. Махмұттың замандасы Жүсіп Баласағұн осы кезде өзінің өлмес «Құтты білігін» жазғаны - бұл өлкеде ғылым мен өнердің аса дамығанын дәлелдейді, Ол уақытта барлық ислам елдерінде, олардың ішінде Қашқар елінде де мектептердe Кұран, араб тілі, заң негіздері, математика оқытылатын. Бірақ Махмұт тек Қашкарда алған білімімен шектелмей, Азияның басқа да, Бұхара, Самарқанд, Нишапур, Мерв, Бағдат сияқты ipi мәдени орталықтарында білімін кеңейтеді.
"Диуани" - түркі тілдерінің салыстырмалы үлағаты, соған қоса алғашқы тілдік филологиялық зерттеу , онда түркі елдерінің тілдері тұңғыіп рет ғылыми жүйеге түседі. Жеке сөздердің маңызы мен этимологиясы түсіндіріледі. Еңбектен грамматикалық ережелерді, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін, өлеңдер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер т.б. тарихи құнды материалдарды кездестіреміз. Сөздіктің маңызы әлі жойылған жоқ. Әдебиет тілінің ескі үлгілерін танытатын деректерді де біз осы Махмұд Қаіпқари сөздігінен табамыз.Ол түсінуге ауыр сөздердің маңызы, жанама түсінігі, шыгу тарихы, басқа тілдерге байланысты, көптеген тайпалардың сөз қолданыстары , өзгерістері сияқты күрделі мәселелерді шешуге де көмектеседі. Сондықтан Махмұд Қашқари сөздігін XI ғасырдағы ескі түркі тілі жайын білгізіп қана қоятын еңбек демей, сонымен қатар оған дейінгі және одан кейінгі дәуірлердегі тіл өзгерістерін, әдеби тілдің жайын, тарихын танытатын бағалы еңбек деп білген жөн.
Ал енді "Диуани лұғат ат- түрік" кітабының осы күнгі түркі тілдеріне қандай қатынасы бар деген мәселеге келсек, онда біз көпшілік зерттеушілер пікірін қуаттай отырып, оны тірі түркі тілдерінің бәріне бірдей тән қазына , ортақ мұра деп қараймыз. Шынында да бұл өзі- осы күнгі көптеген түркі халықтарының өз алдына бөлініп , халық сипатына жетіп қалыптасып алған кезінде жазылған еңбек. Онда талай-талай тайпалар мен рулардың ауызекі сөйлеу тілінен алынған материалдар жинақталған. Сондықтан да Н.А.Баскаковтың Махмұд Қашқариді "түркі тілдерін өзара салыстыра зерттеудің пионері болған еді " десе, А.Н.Самойлович оны "XXI ғасырдың Радловы" деп атаған.
Махмүд Қашқаридың ойынша, түркі тілдерінің ең жеңілі- оғыз тілі де, ең жақсысы, қолдануға қолайлы келетіні яшма, тухси тілдері мен қазіргі Қазақстан территориясын яғни Іле, Ертіс, Еділ өзендерінің бойын жайлаған халықтардың тілі. Бұл аталған жерлердің ішінен автор Қоқан Тараз қалалары мен Баласағүн өлкесіне дейінгі кең атырабта тұратын халықтардың тіліне тоқталып өтеді.
Сонымен, түркі тілдерінің Махмұд Қашқари жасаған ең алғашқы классификациясы екі түрлі негізге сүйенген:
1. Түркі халықтарының орналасу тәртібіне қарай, яғни географиялық мәліметтерге сүйенген де;
2. - ден әрбір топтағы түркі тілдерінің өзіндік фонетикалық және морфологиялық қасиеттеріне, яғни лингвистикалық сипаттарға негізделген.(2.3-6 бет)
Сөздіктегі мысалдардың көбі халық ауыз әдебиетінен жиналған үлгілі - өнегелі, парасатты сөздер , мақал-мәтелдер, әдеби үзінділер. Сөздік сол кездегі түркі тайпалары, түркі тілдерінің топтастырылуы, тарихи фонетикасы мен грамматикасы т.б. жайында көп мәлімет береді. Мысалы: алб йағында - батыр соғыста.
Жұмыстың өзектілігі: Махмүд Қашқари сөздігі өз заманы ғана емес, күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, түркі тілдері тарихын зерттеуде таптырмайтын бірден-бір тарихи материал.
Түркі тілдерін зертеудің алғашқы қадамы түркі ғалымы Махмұд Қашқаридың "Диуанынан" басталады.(22.26-27 беттер)
Бүкіл түркі халықтарының грамматикасының атасы саналатын Махмұд Қашқари еңбегін біз де қазақ тілінің тарихи грамматикасына арқау етеміз. Жүмысты жазу барысында алға қойған мақсатым: қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғаулардың өзіндік айырмаіпылықтары мен үқсастықтарын, олардың ерекшеліктерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыра дәлелдеу.
Диплом жұмысын жазу барысында салыстырмалы әдісті қолдандым. Яғни, Махмұд Қашқаридың еңбегі мен Т.Томанов, Ғ.Айдаров, А.Есенқұлов, А.Ысқақов т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі жалғауларды салыстыра отырып, олардың ұқсастықтарын айырмашылықтарын көрсетуге тырыстым.
Жұмыстың құрылымы: кіріспе , ІІІ тараудан және қорытынды
бөлімдерден түрады.
І-тарау. Түркі тіліндегі жалғаулардың зерттелу тарихы.
II- тарау.Қазіргі қазақ тілімен салыстыру.
ІІІ- тарау. Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғаулардың ұқсастығы мен айырмашылықтары.
І-ТАРАУ.ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ.
1.1 Түркі тіліндегі жалғауларның зерттелу тарихы

Көптік мағынаны тудырудың негізгі жолы - көптік жалғаулары. Орхон - Енисей жазбаларында көптік жалғауының екі түрі кездеседі: - лар, - лер, - т. Кейінгі дәуір жазбаларында да - лар көптік мән берудің басты тәсіл есебінде қолданылған.
М:Білге кетік кешілер енім сөзүм ешідіңлер.
Қазіргі қазақ тіліндегі -лар жалғауының қолданылуы мен салыстырғанда, көне түркі тілінің ерекшеліктері бар. Олар мына төмендегідей:
Сан есіммен бір тіркесте келген зат есімдер де кейде - лар жалғауын қабылдайды. М.Маңа торт йекілер йақын келті. Кейде жинақтық мән беретін сөздерге де – лар жалғанып келеді: Тағлар суғы ақышты. Көкшіл бұлт өрүшді. Осы тәрізді сөздер ыңғайына қарай жекелік түлғада қолданылады: Кулан түгел құлмурты, Арқар, соқақ йумутты (құландарды түгелімен аудырды.Арқар киіктерді жиды.)
Қолданылу мәні тұрғысынан соңғы сөйлем құрамындағы арқар, құлансөздерінің алдыңғы тау сөзінен айырмашылығы жоқ. Сірә, бұл ретте - лар аффиксінің стильдік қолданылуын ғана байқауға болады.(4.136-138)
A.M. Щербак - лар аффиксінің Х-ХІІІ ғасырлардағы жазбаларында мынандай қолданыстарды көрсетеді: - лар жалғауы изофеттік бірінші сыңарына ғана жалғанып келеді. Тағлар сувы. Кейде - лар изафеттің екі сыңарына бірдей жалғанып келеді. Қушылар авлағулары.
Кейде - лар изафеттік тіркестің соңғы, бастапқы сыңарына ғана жалғанады. Аіпыру улу йазлықлы турмен менің йаман ішілерімнен, йаман сағымчымдан (5)
Изафеттің алғашқы сыңары көптік жалғауы болып келуі қазақ тілінде тек мынандай ыңғайларда ғана мүмкін: Кісілердің келісі, үйлердің төбесі.
Қысқасы - лар аффиксі өзінің мәні мен қолдану тұрғысынан көне түркі тіліндегі негізгі ерекшеліктерін сақтаған.
-Т- қосымшасы Орхон - Енисей жазбаларында атақ-дәрежені білдіретін азын - аулақ сөздердің ғана құрамында кездеседі.
Тарқан - тарқат, тігін - тігіт т.б.
Зерттеушілер бұл қосымшаны моңғол тілінен ауысқан деп есептейді (4.138.)
С.Е.Малов " жазба ескерткіштегі тарқан - тарқат , тігіт -тігіндегі -т қосымшасын көптік жалғауының көрсеткіші"- дейді. (6)
Тілімізде г жұрнағы арқылы жасалған, бірақ көптік мағына білдірмейтін жігіт (игі), қарт (кәрі) тәрізді сөздер бар.
-Т жұрнағының беретін мағынасы мен қызметі қазіргі түркі тілдерінен де байқалады.
Қазіргі түркі тілдерінде -_т жұрнағы, негізінен екі түрлі мағынада жұмсалады. Белгілі бір іс- әрекетті білдіреді: түрік тілінде дүсүт (түсік), алғүт (алым) деген сөздерді алатын болсақ, бұлар араб парсы тілдері арқылы енген лексемалар.
1) Іс - әрекеттің нәтижесін, яғни әлдебір амал тәсіл мәнінде жұмсалады.Түрік тілінде бүгет - бөгет, доғұт -тұрақ.
Қазіргі түркі тілдерінде бір жұрнақтың қызметін ара-тұра екініпі бір жүрнақтың, яғни оның басқа бір фонетикалық сыңарларының атқара беретіндері де болады. Мысалы: і_т жұрнағының орнына Д аффиксі жалғанады. Кечід (өткел)
Махмұд Қашқари сөздігінде і_т жұрнағының - ыт,-іт, -үт варианттары кездеседі. Үгіт (үгу), сығыт (жылау) , күлүт (күлкі)
Сөйтіп, - т жұрнағы ескіден келе жатқан тарихи жұрнақ болғанымен, қазіргі тілімізде өнімсіз жұрнақтар қатарына жатады.(7).
С.Е.Малов көне түркі тілінде көптік мағына туғызатын қосымшаның бірі деп біз есімдігінің құрамындағы ^_з ны көрсетеді. Бірақ Орхон- Енисей жазбаларында - з көптік мән туғызатын еркін аффикс есебінде қолданылмаған.
Малов қосымша мына фактілерді келтіреді: меңіз( бет), көкүз (көкірек), ағуз (ауыз), ал біз, сіз есімдіктерінің қүрамын былайша түсіндірелі " бі-з" "сі-з"
Моңғол тілінде мен есімдігі "бі", "сіз" - сі түрінде айтылады. Сонда түркі тілдерінің біз, сіз сөздері жіктеу есімдіктердің жеке түрі мен - з көптік жалғаудың қосымшасынан құралған болады.(б).
Сіз, сен есімдіктерінің өз заманындағы түркі тілдерінде қолданысы жайлы Махмұд Қаіпқари былай дейді: " Сіз үлкендерді құрметтеу мәнінде сен мағынасына айтылатын сөз". Бұған қарағанда , Махмұд Қашқари дәуірінде "сіз" есімдігінің сыпайылық мәнімен қатар жүрген. Алайда түркі тілдерінің бірі қазақ тілінде екі бөліктен түратын атаулардың бәрі бірдей - з -ға аяқталмайды.
Мысалы: құлақ, қол, аяқ т.б.
з-ға аяқталатын сөздер санаулы.
Екініпі жағынан , қазақ тілінде - з- ға аяқталатын кей сөздердің р ға бітетін етістік варианттары бар.
М.көз-көр, атыз-айыр. Бұл сөздер ешбір көптік мән бермейді. (4.139.)
Орхон - Енисей жазба ескерткіштеріндегі көптік жалғауы заттардың біреу емес, көп екендігін білдіреді.
1.2 Көне түркі ескерткіштері
Қазіргі заманда түркі тілдері сияқты көне түркі ескерткіштері тілінде зат есімнің көптік жалғауы үш түрлі жолмен жасалады.
1- морфологиялық, 2- лексикалық, 3- синтаксистік.
Морфологиялық тәсіл.
Көптік мағынаны білдіру үшін негізгі және туынды түбірге - лар, - лер қосымшалары жалғанады.
Лексикалық әдіс.
Ескерткіштер тілінде көптік лексикалық категория екі түрде жүзеге асады: алдымен көптік мағына лексикадан жеке сөздердің семантикасына байланысты болады және көптік мағына сөз тіркестері арқылы да беріледі.
Орхон - Енисей жазба ескерткіштері тілінде төмендегідей сөздер көптік жалғауы жалғанбай - ақ көптік ұғымды білдіреді.
1) Ру - тайпа, халық аттарын білдіретін кейбір жинақты ұғымы бар сөздер. Огуз- оғыз, кыбчак - кыпшақ.
2) Лексикалық мағынасының өзінде көптік ұғымы бар сөздер. Інгек - сиыр, құлғак - құлақ.
3) Даралап, санауға келмейтін кейбір зат есімдер.
4) - лығ, ліг ( лық, лік) жұрнақтары арқылы жасалған кейбір дерексіз зат есімдер жеке ұғымда да , көптік ұғымдада да кездеседі. Қағанлық- қағандық.
Синтаксистік әдіс.
Орхон - Енисей жазба ескерткіштері тілінде көптік мағына сөз тіркестері арқылы да жасалады.
Зат есімнің алдында оның қанша екендігін көрсететін сан есімдер болса, оларға көптік жалғауы жалғанбайды. Йеті йүз кісі - жеті жүз кісі.
1) Зат есімдердің алдында қоп - көп, үкіл - бүкіл сияқты анықтауыштар айтылса, оларға көптік жалғауы жалғанбайды.
Үкүл ер - бүкіл ер.
3) Кейбір қос сөздер де көптік жалғауынсыз - ақ көптік ұғымды білдіреді. Қыз - қудуз - кыз қырқын (8.69-71).
Қазіргі түркі тілдерінде сондай - ақ, көне жазба тілінде (көне тілдерде) бірлікті білдіретін қосымша жоқ, болған да емес. Арнаулы морфологиялық тәсіл арқылы берілетін сандық ұғым - көптік.
Көптік ұғым чуваш тілінен басқа түркі тілдерінде - лар аффиксі арқылы беріледі. Түркі тілдерінің көпшілігінде соңғы дыбысының сапасына қарай - лар аффиксінің басқа дыбысы ассимилияцияланып, әр түрлі варианттар пайда болады. Бүл аффикстің негізгі екі варианты - лар, - лер, (дар,дер).
Көптік жалғауын өте көп вариантпен айтатын тіл - якут тілі. Екі вариантты көптік жалғаулары ( - лар, - лер) қолданылатын тілдер түркі тілі мен әзербайжан тілі.
Ескертетін жай - көптік жалғаудың сөз қүрамындағы орны туралы. - лар көптік жалғауы есім негізге тікелей жалғанады да, одан кейін тәуелдік жалғауы есім негізге тікелей жалғанады да, одан кейін тәуелдік жалғауы, содан кейін ғана септік жалғау айтылады: аттарына , аттарыңды.
Бұлар - лар жалғауы қолданылатын барлық түркі тілдері үшін мызғымайтын жүйе болып табылады. Сонымен қатар түркі тілдерінде жеке сөздер, кейде формалар қүрамында ажырайтын, тарихи түрғыдан көптік жалғау деп есептеуге мүмкін қосымшалар да бар. Сондай қосымшалардың бірі - есімдіктер қүрамынан және жақтың қосымшалар құрамынан ажыратуға болатын (ы)з қосымшасы. Қазіргі қазақ тілінде екінші жақтың көпше түрінде екі түрлі түлғанатыны бегілі: бар -ың - дар, бар -ың - ыз - дар. Бірінші түріндегі - ың жақтың жалғауда да, -дар көптік жалғау екені айқын. Бірақ екінші түріндегі -ың жақтық жалғауы екені анық болғанмен , қосымшасын - ыз да сондай қпрауға еш негіз жоқ. Өйткені, мұнда мән - лар аффиксі арқылы беріліп тұр. Көне дәуір ескерткіштері тілінде - ын I жақ жекелікті білдіреді де - ыз II жақ, көпшілікті білдірген. Бұл фактілерді еске алсақ, қазақ тіліндегі II жақтың сыпайы түрі деп қаралатын форма тарихи тұрғыдан II жақ көптік болғанын түсінуге болады. Сонымен қазақ тіліндегі - ыңыздар түлғасы жақтық жалғау мен екі түрі көптік жалғаудың қабаттасуы болып шығарды.
Көптік жағаудың қабаттасуы - ыз қосымшасының қазақ тілінде өзінің дербес мәнін жоғалтумен байланысты. - ыз қосымшасының көптік мәнде қолданылуы қазіргі түркі тілінде, басқа тілдерде - ң ,- ма түрінде келеді.
Түркі тілдерінде арнаулы көптік жалғаудың тұлғасы көбіне жіктелмейтін көптік немесе жинақтық көптік мағынасын береді. Сондықтан тас, құм, жылқы, мал, шай т.б. сөздер ең алдымен , солай деп аталатын заттардың жіктелмейтін көптігін білдіреді. Мұндай тұлғалы сөздердің осы мағынасы көне түркі тілдеріне де тән.
Көптік жалғаудың ең негізгі мағыналарының бірі -жіктеуге келмейтін көптікті, жинақтық көптікті білдіру болып табылады: столдар, малдар, кісілер, - лар жалғауы белгілі бір санды білдірмейді, жалпы көптік заттар тобын, мал тобын ғана білдіре алады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак тили жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]