Қазақша ертегі: Қу түлкі
 
  Жолбарыс  бір  түлкіні   ұстап   алады.  Түлкі   құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
- Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
- Мүмкін емес,— дейді.
- Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, - дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
- Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?-деп мақтанады.
- Я, сен шынында да айбарлы екенсің,- деп алданған жолбарыс жайына кетеді.
        
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
|  |  |  |  |  |  |  | 
 	  Ұқсас мақалалар:
             	
» Ертегі: Қу түлкі
» Ертегі: Жолбарыс жеген түлкі
» Ертегі: Түлкі мен қырғауыл
» Ертегі: Залым түлкі
» Ертегі: Түлкі мен қасқыр
 
    » Ертегі: Қу түлкі
» Ертегі: Жолбарыс жеген түлкі
» Ертегі: Түлкі мен қырғауыл
» Ертегі: Залым түлкі
» Ертегі: Түлкі мен қасқыр
Іздеп көріңіз: