Курстық жұмыс: Экономика | Банктің пайда болуы және оның түрлері . Ұлттық банк

Курстық жұмыс: Экономика | Банктің пайда болуы және оның түрлері .  Ұлттық банк

Мазмұны
Кіріспе
1. Банктің пайда болуы және оның түрлері
1.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
1.2. 1930-1932 жж. несие реформасы
1.3. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы
1.4. Екі деңгейлі банк жүйесін құру
2. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі
2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі: міндеттері, қызметтері және операциялары
2.2. Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі
2.3. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары
3. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер
3.1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді ашу және тарату тәртібі
3.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
“Банк” деген ұғым Италиян сөзі “bank” – орындық, “айырбас орындығы – айырбас орны” деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырда Италияда алғашқы вексель пайда болды.
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарынң басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіптестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, олардың іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VІІІ-V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египтте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек XІІІ-XІV ғғ. Сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия, Гремания, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.
XV ғ. Ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болды.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609 ж.) және Гамбургте (1618 ж.) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ.
Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің, өнеркәсіп және сауда капидалдарының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етеді. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.
Сонымен қатар бнктер “несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін капиталды да” басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.
1. Банктің пайда болуы және оның түрлері.
Банктер немесе сондай-ақ институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700 жылы жүзеге асырылған.
Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады.
Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.
Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады.
1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.
2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.
3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.
4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.
5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
6. Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда –Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты – айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар – ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің - жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттердің басқа банктердің барлығын да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.
Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
1.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы
және дамуы.
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.
Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда кеш қалыптаса бастады, өз дамуы жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы банктер XVІІІ ғ. екінші жартысында мемлекеттік банк түрінде пайда болып, XІX ғ. аяғы және XX ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:
• Мемлекеттік банк (1860 ж. құрылған);
• Қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;
• Көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32), несие-жинақтау серіптестіктері (729) және т.с.с.
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды.
1917 ж. қазан төңкерісінен кейінбанк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке, мемлекеттік-капиталистік, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер құрыла бастады. 1922 ж. Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банктері құрылды.
1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі болды. Сондай-ақ орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Кооперативтік банк (Всекобанк) және акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия) банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік кооперативтер пайда болды.
1927 ж. КСРО Орталық атқару комитеті мен Халық комиссариаты Кеңесінің “Несие жүйесін құру принцптері туралы” қаулысына сәйкес бүкіл банк жүйесін тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған банктер және банктердің проценттік саясат жүргізудегі дербестік құқы жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылады. 1928 ж. Өнеркәсіп банкі мен Электро банкі бірыңғай өнеркәсіп пен Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Қысқа мерзімдік несиені басқа шаруашылық салалардың бәріне олардың тоқсандық жоспарларына сай Мемлекеттік банк беру тиіс болды. Жалпы 1927-1929 жж. банктердің өзіне тән ерекше қызметі – банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды.
1.2. 1930-1932 жж. несие реформасы.
1930-1932 жж. жүргізілген несие реформасы елдегі банк жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді. Бұл кезде 1929 ж. қабылданған халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары бойынша елді индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мемлекеттік бірыңғай жоспар бойынша орталықтан қаржыландыруы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын қаржы-несие жүйесіне жинақтап, одан соң жоспарлы түрде шаруашылық салаларына бөліп беру керек. Бұ міндеттерді оған дейін айналым қаражатын өз бетімен жоспарсыз бөлумен шұғылданған әртүрлі несие мекемелері орындай алмады. Онымен қоса ірілі-уақты өнеркәсіп орындары біріне-бірі коммерциялық несие бергенде есеп айырысуды векселмен жүргізіп, банк бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде банктің несие алушымен, яғни тауар сатып алушымен байланысы болмады. Нәтижесінде шаруашылық орындарының бірін-бірі несиелеуі (яғни коммерциялық несие) тікелей меемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшы келіп, елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігін тудырды.
Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.
Біріншіден, бұл кезде экономика салаларында біраз жетістіктерге қол жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 ж. мемлекеттік сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99.1%-ке, көтерме саудада 97.2%-ке, ал бөлшек саудада 86.5-ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар тауарлы астықтың 55%-ін өндірді.
Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару жүзеге аса бастады. 1928 ж. халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді. Жоспар кәсіпорынның өндірістік және іс-әрекеттерін қамтыды.
Үшіншіден, Шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп мекемесі шаруашылық есепке көшірілді.
Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналымнан шығарып, оның орнына есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек банктерде жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылдың 1 қарашасында халық шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне тиді.
Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930 ж. қаңтарында несие рефоромасы жүргізіле бастады. Несие реформасының мақсаты – несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін еңгізу.
1930-1932 жж. жүргізілген несие реформасының қорытындысында жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк жүйесі құрылып, Мемлекеттік банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін және бақылайтын бірыңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктерді ңролі төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе қалыптасты.
Банк жүйесі көрсететін қызмет белгілеріне қарай қайта ұйымдасып, қысқа мерзімді несие беретін жалпы мемлекеттік банк және күрделі қаржымен қамтамасыз ететін маманданған банктер жүйесі құрылды. Бұндай бір буынды банк жүйесіне: КСРО Мемлекеттік банкі және күрделі қаржымен несиелейтін төрт Одақтың мамнданған банктер Өнеркәсіп Банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Орталық комуналдық банкі, Сауда банк – кірді. Сонымен бірге орталық банк жүйесіне шетел банктерімен кең кореспонденттік қатынастарды ұйымдастыратын Сыртқы сауда банкі және халықтың бос қажысын тарту, төлемдерін жүргізу мен мемлекеттің зайымдарын орналастыру арқылы халыққа қызмет көрсететін бірыңғай жалпы мемлекеттік несие мекемесі, яғни жинақ кассалары қарады.
1959 ж. ұзақ мерзімді несие беретін банк жүйесі қайта қаралды. Ауыл шаруашылық банк імен орталық коммуналдық банк таратылып, олардың қызметтері Мембанкке берілді. Өнеркәсіп банкі мен Сауда банкісінің негізінде күрделі қаржы беретін Одақтық банк - Құрылыс банкі құрылды. Ол халық шаруашылығының әртүрлі салаларын (ауыл шаруашылығынан басқа) ұйымдары мен кәсіпорындарын қаржыландыру мен және ұзақ мерзімді несиелеумен шұғылданды. Осы өзгерістерден кейін 1960 жылдан 1988 жылға дейін КСРО банк жүйесінің құрамы келесідей болды: Мемлекеттік банк, Мемлекеттік Құрылыс банкі.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Банктің пайда болуы және оның түрлері . Ұлттық банк курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]