Курстық жұмыс: Құқық | Қазақстан Республикасында меншік құқығы туралы заңдардың түрлері

Курстық жұмыс: Құқық | Қазақстан Республикасында меншік құқығы туралы заңдардың түрлері

Мазмұны

Кіріспе
I Негізгі бөлім
1.1 Азаматтық құқық бойынша меншіктің нысандары мен түрлері
1.2 Қазақстан Республикасында меншік құқығы туралы заңдардың түрлері
1.3 Меншік құқығын қорғау және пайда болу негіздері
1.4 Ортақ меншік
1.5 Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу негіздері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер


1.1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады," — деп жазылған.
"Игілік" пен "ауыртпалық' тіркесінің өзі, —дейді КА.Сухашов, — нағыз меншік иесін сипаттайды және осы екі элементтің біреуінің болмауы иеленушіні шын мәніндегі қожайын етуге мүмкіндік бермейді". Суханов Е.Л.
Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда — жеке (191-бап) және мемлекеттік (192-бап) екендігін тәртіптейді.
Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құкығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік кұқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекетгік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді. Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады. Заң меншікті түрлергеде бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінеді (192-бап).
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару орындарының қарауына жатады делінген. Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдар мен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қаты-сушыларымен тең негіздерде кіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен басқа органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де кұжаттарда белгіленетін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.
Заңдарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша Казақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (А к-тің бабының 1 және2 тармақтары).
Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі "жеке меншік" деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп қарау арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппараттың жөнсіз араласуынан қорғайды.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала береді.
Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтардың меншігіне деген жекедара (өзіндік) (тұтынушылық) және жеке меншік ішкі дифференциациясы болуы қажет.
Меншік иесінің құқығын жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану және билік етуі мүліктің мүддесі мен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 40-бабында меншік иесінің үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.
Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады. Кондоминиум ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 33-бабы І-тармақ) біздің Азаматтық кодексте ұжымдық меншік ұғымы жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік иелерінің әрқайсысы өзіне бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.
Үйдің бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөліктері (кіре беріс, баспалдақ, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесі, оның ішінде көріктендіру элементтері және ортақтасып пайдаланатын басқа да мүліктер) үй-жай меншігі иелеріне ортақ меншік құқығы бойынша тиесілі болады.
Үй-жайдың әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі (ортақ меншіктегі) үлесі оған тиесілі үй-жайға бөлек (өзіндік) меншікке бөлінбейді. Үлестің мөлшері, егер меншік иелерінің келісімінде өзгеше көзделмесе, бөлек (өзіндік) меншіктегі тұрғын үй-жайлардың немесе тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының бүкіл үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады.
Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды, Кондоминиумның әр алуан түрінің құқылық тәртібінің ерекшеліктері заң кұжаттарымен айқындалады, ал "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңда тұрғын үй коңдоминиумы жайында айтылған.
Азаматтық кодекстің 209-бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ, меншік құқығымен тиесілі болады.
Меншік құқығының түрлеріне сипаттама берген кезде мүліктің құқықтық тәртібінің мазмұны мен ерекшелігі мүліктің қайсы бір түріне жататындығына байланысты келеді.

Қазіргі Конституциямызға сәйкес меншіктің төмендегідей нысандары бар: жеке және мемлекеттік.
Жеке меншік азаматтардың мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде анықталады. Азаматтарға байланысты жеке меншіктің ұғымы түсінікті болса, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ұйымдастыру - құқықтық нысандарына көз жүгіртуіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 34-ші бабында көрсетілгендей заңды тұлғалар үлкен екі топқа бөлінген. Мемлекеттік меншіктің негізінде құралмаған барлық заңды тұлға-лардың меншігі жеке меншік болып есептелінуі тиіс. Коммерциялық ұйымдарға келетін болсақ, жеке меншік негізінде құралатындардың қатарына шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам және өндірістік коорпаративтер жатқызылса, коммерциялық емес ұйымдардан қатары да заңда нақты анықтала отырып, олардың да ұйымдастыру-құқықтық нысандары жеке меншікке негізделеді.
Республика аумағындағы мемлекеттік меншік құқығының субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану жөне билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан белгіленген тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын Үкіметке беруі мумкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге бөлінеді, Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының қазынасын құрайды. Сонымсн қатар, Республика қазынасының катарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларга бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджст қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеге өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Мемлекет өзінің меншік құқығын өзі құратын мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құкығына негіздеп жүзеге асыруы мүмкін. Шаруашылық жүргізу құқығы заттық кұқық болғандықтан оны жүзеге асырушы мемлекеттік кәсіпорын меншік иесі немесе уәкілдік берген мемлекеттік органның берген құзіретінің көлемінде ғана иелену, пайлалану және билік ету құқығын жүзеге асыра алады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүліктің меншік иесі мен құжаттарын сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға тиесілі мүліктің өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Заң күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлығына сәйкес аталған кәсіпорындар үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндетті түрде бекітілген және олардың мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған шарттардан бас тарту мүмкіншіліктері жоқ.
Сонымсн қатар, қызметін шаруашылық жүргізу құқығына негіздеген мемлекеттік кәсіпорынға меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға тыйым салынған: өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге тұлғаларға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (3 жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге; филиалдар мен еншілес кәсіпорындар құруға, жеке
кәсіпорындармен бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірістер құруға, оларға, өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға; жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен процент ставкасын төмен процентпен төлем алуға; басқа тұлғаның міндеттемелері бойынша кепілдік және кепіл болушылық болуға.
Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және өз кызметінің мақсатына» меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттың құқығы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жедел басқару құқығын иемденушілер мыналар болуы мүмкін; қазыналық кәсіпорын және мекеме. Мекеме меншік нысанына байланысты мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес мекеме болып бөлінуі де мүмкін.
Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттың құқығы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жедел басқару құқығын иемденушілер мыналар болуы мүмкін: қазыналық кәсіпорын және мекеме. Мекеме меншік нысанына байланысты мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес мекеме болып бөлінуі де мүмкін.
Жедел басқару құқығы өзінің құқықтық жағдайына байланысты шаруашылық жүргізу құқығынан төмендегі ерекшеліктерімен көзге түседі: біріншіден, қазыналық кәсіпорын және мекеме әруақытта да меншік иесінің тарапынан қаржыландырылады; екіншіден, қазыналық кәсіпорын да, мекеме де өз жабдықтарын сметалық көлемінде жүзеге асыра алады; үшіншіден, олар меншік иесінің тапсырмаларының көлемінде қызмет жасайды. Мекеме басқару, әлеуметтік мәдени сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылып, бюджет тарапынан қаржыландырылатын болғандықтан оның құкықтық құдіреті заң құжаттарында қатаң белгіленген. Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар" туралы Жарлығының 3-ші тарауы қазыналық кәсіпорынның құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған.
Қазыналық кәсіпорын өзіне бекітіліп берілген мүлікті сол мүліктің меншік иесінің келісімімен ғана иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен билік етуге құқылы. Көбінесе мұндай ережелер қазыналық кәсіпорынның жарғысында анықталады. Сонымен қатар, қазыналық кәсіпорын меншік иесінің келісімінсіз негізгі қорларға байланысты мүліктерді азаматтық-құқықтық келісімдердің негізінде алуға тыйым салынған ("Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлықтың 35-ші бабының 2-тармағы).
Мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған смета бойынша белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімсн иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен оған билік етуге құқығы жоқ. Егер құрылтай құжаттарына сәйкес мекемеге табыс келтіретін қызмстті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай қызметтен алынған табыстар және сол табыстардың есебінен сатып алынған мүлік мекеменің дербес билігінс беріледі және жеке баланста тексерілуі қажет.


1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ
Қазақстан Республикасының ұлттық меншігі құқығының қалыптасуы айтарлықтай қиын жағдайда өтті.
КСРО-ның азаматтық заңдары жеке меншікті мойындамай, мемлекеттік меншікті халыктың меншігі деп жоғары деңгейде тәртіптеді. КСРО Конституциясы социалистік меншіктің үш нысанын бөліп қарады: мемлекеттік, колхоздық-кооперативтік және кәсіподақтар мен басқа да коғамдық ұйымдардың меншігі, сондай-ақ социалистік меншіктен туындайтын өзіндік меншік (КСРО Конституциясының 10,11,12-баптары, Қазақ КСРО-Конституциясының 10,11,12-баптары). Оның үстіне КСРО-да ұзақ уақыт бойы қоғамдық, яғни мемлекеттік меншікті жекелеген азаматтардың өзіндік меншігінен басым бағалады. Ал оның соңғысы тиісті кұқық жағынан қорғалмады және өңдіріс құралы болып есептелмеді.
90-шы жыдардың басынан бастап "социалистік меншіктен" бас тарту үрдісі басталды. КСРО Конституциясының 10-бабы (КСРО Заңының редакциясы 1990-жылғы 14-наурыз) және 1990-жылғы 6-наурыз КСРО-дағы "Меншік туралы" Заңның 4-бабы тармағының негіздерінде меншік мынадай түрлерге бөлінді: "азаматтардың меншігі, ұжымдық және мемлекеттік." КСРО Конституциясының 4-бабына сәйкес мемлекеттік меншік бүкіл халықтардың игілігі деп танылды. Мемлекеттік (жалпы халықтық) меншік кеңес мемлекетіне жататын бір қорды құрды, ол бұл меншіктің дара және бірден-бір субъектісі болды, ал Қазақ КСРО-нің егемендігі тек сөз жүзінде қалды. КСРО-ның "Меншік туралы" заңы (21, 22, 23-баптары) жерді және
басқа табиғи объектілерді ешқандай мемлекеттің құрылымының қарауына жатқызбады. Бұл объектілер КСРО-ға да, республикаларға да бірдей қарайтын, сөйтіп, шын мәнінде меншік субъектілерінің даралығына қайшы келді. Осындай жұмбақ тұжырымдар республикаға өз меншік құқығын бермей қойып, мынадай салдарға душар болды, айталық, осы баптарға сүйеніп, Қазақстан Украинның жерін меншіктеуге, керісінше, Украина қазақ жеріне құқылы болуына әкеп соқты. Әлгі "жалпы игілік" деген ұғымның өзі бұл мүлікті иесіздікке душар етті, зат бір карағанда бәріне тиесілі болды, сонымен бірге оның нақты иесі де болған емес. Демек, ол бастан "халықтың игілігі" категориясы заңмен бекітіле тұрса да, ешқандай ілгерілеуді әкелген жоқ. Өз кезегінде Қазақ КСРО-нің Конституциясы да меншік бүкіл халықтікі деп жар салды, бірақ та "халық" деген сөз де тағы келіп нақтылықты көрсете алмады. Егер меншік субъектісі экономиқалық мағынада — халық десек, оның бір де бір бөлігі өз бетінше меншік иесі болып танылмады. Заттардың бүкіл халықтық болуы тауар — ақша қатынасына қайшы келді, нәтижесінде мемлекеттік мүлік нақты қатынастардан шығып қалды. Біріңғай меншік иесіне тауарсыз экономика ғана тән еді. Шын мәнінде затқа халық емес, оның бір бөлігі (заңды тұлғалар мен азаматтар) иелік ету тиіс.
2. КСРО-дағы меншік туралы заңда бұрынғы "өзіндік меншік" ұғымының орнына "азаматтардың меншігі" деген жаңа ұғым пайда болды (2-бөлім). Заң әдебиеттерінде жеке меншік тек капиталистік шаруашылыққа ғана тән емес, бар болғаны тауарлы шаруашылықтың белгісі деп тұжырымдалды.
Қазақ КСРО-нің өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру тұжырымында Қазақстан КСРО шеңберінде дербес республика ретінде шаруашылық жүргізуді бекіту мен дамыту жағдайларын қарастырды, сол арқылы жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде жеке дара (өзіндік) меншікті және жеке дара өндірістік меншікті енгізу идеясы ұсынылды.
Қазақ КСРО-нің 1990-жылғы 15-желтоқсанында кабылдаған "Меншік туралы" заңында тұңғыш рет меншік құқығының принцптері мен ұғымы бекітіліп, Қазақ КСРО-нің жері мен басқа табиғат ресурстарына айрықша меншік жарияланды.
Қазақ КСРО-нің меншік туралы заңындағы ең бір ұнамды тұс оның 7-бабы 2-тармағында азаматтың меншігі былайша тұжырымдалды; "азаматтың дене және рухани қажеттерін табыс келтірмей қанағаттандыруға арналған өзіндік меншігі табыс келтіруге арналған жеке меншік түрінде көрінеді". Бірақ та Заңның бірқатар ережелеріне елеулі түзетулер кажет еді. Сонымен, мемлекеттік меншіктің құқық субъектісі Халық депутаттары Кеңесінің барлық деңгейі деп танылды. Мүліктің меншік иесі Кеңестер болып табылатын органдар емес, мемлекет немесе әкімшілік аумақтык кұрылым деп аталды. Бұл Заңда көңілге қонбайтын ережелерде кездесті. Мысалы: Қазақ КСРО-ні мемлекет ретінде коммуналдық меншіктің субъектісі бола алмады (Заңның 19-бабы).
Қазақ КСРО-нің "Меншік туралы" заңында меншіктің үш түрі белгіленді: азаматтардың меншігі, ұжымдық және мемлекеттік. Заңның 24-бабына сәйкес жер мемлекеттін айрықша меншігі деп айқындалды, ол тек жалға немесе ғұмырлық мұрагерлік құқығына ғана берілетін болды. Тұңғыш рет осы Заңда заттық құқық бекітілді (шаруашылық жүргізу құқығы және т.б,).
1994 жылы 27-желтоқсанда Қазақстан Републикасының Азаматтық кодексінің қабылдануы меншік қүқығының жағдайына түбірімен өзгертті.
Азаматтық кодекс азаматтық-кұқықтық ғылымының нәтижелерін және меншік құқығына байланысты заңдардың қол жеткен жетістіктерінің ең тандаулысын заңды түрде тұжырымдады да, нарық талаптарына .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Қазақстан Республикасында меншік құқығы туралы заңдардың түрлері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Кукык курстық жұмыстар, Қазақстан Республикасында меншік құқығы туралы заңдардың түрлері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]