Курстық жұмыс: Экономика | ҚР Ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші орган ретінде

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР Ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші орган ретінде

Мазмұны

Кіріспе

І-ТАРАУ. Ұлттық банктің атқаратын қызметтері, мақсаты және құрылымы
1.1 Ұлттық банктің мақсаты
1.2 Ұлттық банктің атқаратын қызметтері
1.3 Ұлттық банктің құрылымы

ІІ-ТАРАУ. Ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
2.1 Ақша нарығын реттеудегі ерекшеліктер
2.2 Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі
2.3 Ұлттық банк Қаржы департаметінің - қаржы агенті ретінде

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер


І-ТАРАУ. Ұлттық банктің атқаратын қызметтері, мақсаты және құрылымы
1.1 Ұлттық банктің мақсаты

Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады. Ол Республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банкі, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Ұлттық банк – заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тікелей байланыстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңісіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, Ұлттық банк үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық банкінің хабаршысы», «Вестник Национального Банка Казахстана» атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады. [2; 56]
Ұлттық банктің негізгі міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
1 ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
2 ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
3 несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасының сатып алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларынан (резервтерінен) құрылады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен қарыздар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен
басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд. теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады. Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады. Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы (тозуы) қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының республикалық бюджетіне жіберіледі.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі келесідей құқылық формалары кездеседі:
1 мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (мысалыға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);
2 акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Бельгияда);
3 орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та).
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады.
2004 жылдан бастап, «Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына жасалған соңғы толықтырулар мен өзгерістерден кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті – еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі;
1. мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;
2. төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
3 қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
4 банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:
1. меншікті қаражат есебінен:
2. басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
3. ҚР төңірегіндегі тартылған қаражаттардан;
4. арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызметету жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы-несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субъектілері мен халыққа жасаса, Ұлттық банкіде соны жасады. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.[1;32]

1.2. Ұлттық банктің атқаратын қызметтері

Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражаттарын шығаратын, теңге мен тиынның қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк – екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министірлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министірлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды. Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.
Резиденттер үшін шетел валютасын және валютасындағы бағалы қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жүргізеді.
Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлкеттік реттеу туралы» Заң күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
» Курстық жұмыс: Экономика | Банктер жүйесі

Іздеп көріңіз:
курстык ҚР Ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші орган ретінде жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, ҚР Ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші орган ретінде

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]