Курстық жұмыс: Дене шынықтыру | Қазақтың ұлттық ойыны және дене тәрбиесі сабағында қолдану жолдарын анықтау және талдау жасау

Курстық жұмыс: Дене шынықтыру | Қазақтың  ұлттық  ойыны  және  дене  тәрбиесі сабағында қолдану  жолдарын анықтау және  талдау жасау

Мазмұны
Кіріспе
1.Ұлттық ойындардың тарихы мен сипаттамасы
1.1 Ұлттық ойындардың тарихи мағлұматтары мен мазмұны
1.2 Ертедегі қазақтың ұлттық ойындары
2. Ұлттық ойындар мазмұны және тәрбиелеу жолдары
2.1 Ұлттық ойындар-балалар тәрбиесінің негізгі құралы
2.2 Балаларды ұлттық рухта тәрбиелеу
2.3 Ұлттық ойындардың сипаттамасы мен жүргізілу ережелері
3. Ойындардың жүргізілу әдіс – тәсілдері
3.1 Ұлттық ойн түрлері дене тәрбиесі сабағында
3.2 Дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ұлттық ойындардың тарихы мен сипаттамасы
1.1. Ұлттық ойындардың тарихи мағлұматтары мен мазмұны
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспанды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер тутызады.Дәл осындай жағдай қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихына да кятынасы болса керек.Халықтың ұлттық және спорггыкой-ыңдарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптастыру кезеңдері, тәрбиелік маңызы - халыктың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болады. Қазіргі кездегі тарих гылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүтінге дейін бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласынын жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойнап журген ұлт ойындарынын ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, карагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында деректер бар.
Сондай-ақ осыдан мың жыл бұрын жазылған Махмуд-әл Қашқаридың «Түбі бір түркі тілі» («Диван лұғат ат-Түрк») атты еңбегінде сол кездегі түркі халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, халқының орналасуы, тілдерінің ерекшелігі, т.б. толып жатқан өте бағалы мағлұматтар бар. Солардың ішінен дене тәрбиесіне және ұлттық спортқа да қатысы бар деректерді табуға болады.Көрсетілген еңбектегі көне түркі заманындағы ойындар мен дене тәрбиесіне қатысы бар деген деректерді тере отырып, казіргі ұлттық ойындардың пайда болуы, қалыптасуы, ойнау тәртібінің өзгеруі туралы маңызды мағлұматтарды саралтауға мүмкіндік алдық.
Сонымен қатар XI ғасырдағы халық арасында кеңінен тараған ойындарда пайдаланылған құрал-жабдықтардың, оны талдану тәртібінің қазіргі уақытпен салыстырып онда аз өзгеріске ұшырағандығына көз жеткіздік.Тарих толқынында қаншама өзгерістер болғанымен,ұлттық ойындар, дене тәрбиесіне қатысты деректер аз өзгеріске ұшырағандығын байқадық. Біздін Махмуд-әл Қашкаридың сөздігіндегі ұлттық спортқа және дене тәрбиесіне қатысы бар деген деректерді берудегі мақсатымыз — жас жеткіншектерге ұлттық мәдениетіміздің дене тәрбиесіне қатысты саласының тарихы көнеден басталатындығын көрсету.
Сонымен қатар көптегек ұмыт болған ойын түрлерін қайта өмірге әкелу кажеттігін айтқымыз келеді. Мысалы, сол заманда ең көп тараған «Шөген» ойыны (ат үстінде отырып допты қуалап ойнау), қазіргі кезде Еуропада «Поло» атымен кең тараған, ал өзімізде мүлдем ұмыт болған. Осы ойын түрін қайта жаңғыртса, атты байтау, ат үстінде шебер жүру, т.б.брекеттердің Қазақстанда ат спортын дамытуға үлкен үлес қосатынын көрсеткіміз келеді. Теменде М.Қашқаридын аталған еңбегінде кездескен ұлттық спортқа қатысты сөздерге тоқталайык.
Ел - аттың тағы бір сипаттағы атауы. Ат түріктердің қанаты болғандықтан, атты ел деп те атайды. Атбағарларды (ат бапкерлерін) ел басы дейтіні сондықтан.
Етеш - балалар жасырынын ойнайтын шұңқыр.
Оңлүқ - садақ.
Арқұн - жабайы айғыр мен қолдағы қысырақтан туған будан. Бәйгеде көбінесе осындай аттар озады.
Ігіш - тарпаң мал, асау, көнбейтін ат.
Ұлағ - ылау. Бекеттерде ауыстырып мінетін ат.
Үшан - екі желкенді кеме.
Ереңшү - бойы екі кез келетін бәкене кісі. Ергежейлі.
Арсалық - әрі еркек, әрі ұрғашы.
Сып - екі жасқа толатын тай.
Боймал - мойнында ағы бар ат.
Бақанұқ - жылкы тұяғынын ортасындағы жүрекше ет.
Қапа иулуг оқ - желегі биік оқ, жебе.
Күбе - шыжыр сауыт, темір сауыт (көбе).
Боры - оқ басының жебе ұшына енгізілетін тұсындағы ойық, кертілген айыл басы.
Теке - еркек киік. Оның мүйізінен садақ жасалады.
Тылы - оқтың басына (ұшына) байланатын (кигізілетін) қайыс.
Қарвы иа - жіңішке садақ.
Шырғүй - жебе басының қалың, жуантық тұсы.
Қарагұны - балалардын ақшамда ойнайтын ойын түрі.
Бағдады - шалды. Ол күрескенде оның аяғын шалды.
Мүңіз - мүніз: мүйіз-мүйіз. Балалар ойыны. Балалар су жағасында тізіліп отырады. Олардын бірі мүйіз-мүйіз дейді. Екінші бала мүйізді мал-дарды тізіп айта бастайды. Балалар оның айтқанын қайталайды. Айтушы бала сөз арасына мүйізсіз мал айтып қосып жібереді. Қай бала соған ілесіп өлгі малдың атын атап жіберсе, сол баланы суға итеріп жібереді.
Таңұқ - соғыста найзалардың басына байлайтын жібек белгі.
Сыңарсұқ - екі кісі атқа мінгескенде, мінгескен адамның мінген тұсы.
Сіңірледі - сіңірледі. Ол садағын сіңірмен қаптап орады.
Сүріледі - жеребе тастады.
Сөкмен - батырларға берілетін аттардың бірі. «Жазудың қатарын, сапын бұзушы» деген мағынада.
Құрман - оқ, садақ салатын қалта.
Тұғзағ - ұрыс кезінде хақан тарапынан әскер қолына беріліп, соғыс біткеннен кейін қайтарып алынатын ат.
Батрақ - ұшына бір бөлек жібек мата байланған таяқ. Соғыс кезінде әскер өзін сол арқылы білдіреді.
Қысмақ - үзеңгінің екі жағындағы қос қабат қайыс.Үзеңгі осы қайыстардың арасында тұрады.
Шекрен - жүннен тоқылған жеңсіз тон.
Күблүк — лай батпақты илел, жаңғақтың үлкендігіндей етіп жасап кептірілген сақа. Ол қолмен, не сақпанға салынып атылады.
Ілекеш ойыны.Адам тобықты ашатаяқпен ұрып ойнайды. Кім тобықты қатты алығсқа ұрса, сол ойынды бастайды. Қазіргі гольф ойнына өте ұқсас ойын.
Қаршыды, қапшыды — карпысты, таласты. Ол менімен бірге тобық қарпысты. Шөген ойнап, доп қағысып таласты. Шөген (Поло) ойыны сол кезде бар екендігін байқаймыз.
Ол менін бірле иа құрұшды. — Ол менімен бірге айдақ құрысты, яғни шеберлік, күш-қуат, мергендікте қайсымыз күшті екенімізді білу үшін садақ күрысып, нысана кездесті деген магьгнада. Садакты ату жарысында құралмаған садақты құрып барып, садақты ату тәртібін енгізуге болатындығы.
Шеврушті - айналдырысты.Жебенің түзу-қисықтығын білу үшін тырнақ үстіне айналдырып тексеріп байқайдьі.
Шемменді - жеребе тастады.
Жерметті - түйдірді, өргізді. Атынын құйрық-жалын асыл жібекпен түйгізу ерліктін, батырлықтың белгісі.
Тін - рух, жан.
Тін- жүген, тізгін.
Құрк - бөрі, қасқыр.
Бағыр - бауыр. Ешкімге бойын имейтін адамды: үлкен бауырлы дейді. Садақтын орта тұсын да садақтың бауыры дейді.
Талас- ат бәйгесінде Шөген доп ойнында алаңнын шетіне тартылатын керме арқан.
Шалыш - шалыс, күрес.
Құғұш - қуғыш. Оқ жасау үшін қолданылатын ағаш сайман.
Шабығ - қамшының ұшы.
Башақ; - оқ, не найзаның ұшындағы темір.
Топық" - тобық. Шөгенмен ұрып ойнайтын доп.
Кедұқ - жүннен тоқылған, дулығаның ішінен киетін бас киім.
Тасал; - шөген ойнағанда алдынағы шекараны белгілеп сызылған сызық.
Соқым - жебенің, оқтың ағаштан жасалған құйрығы. Ағашты, аршаның қалқандьг бұтағы секілді кесіп алып, ішін ояды, бір ұшын тесіп оққа кигізеді, екінші ұшы дүмі болады, сонда оқ түзу салмақты ұшады.
Тосұн - мінілмеген, үйретілмеген асау, тарнаң тай.
Шөген - шөген ойыны. Қазіргі уақытта Еуропада «Поло» деп атайды.
Шұрам - жеңіл оқ ату. Бұл әдеттегідей атылған оқтан ұзаққа барады. Атқан адам арқасына жатып атады.
Шұрам оғы дейді.
Қалва - үйренушілер оғы. Темір басынын орнына ағаш бекітілген оқ.
Кеткі - кеткі ат. Төсі кен, белі жіңішке ат.
Кесме - жалпақ ұшты найза, немесе оқтын ұшы.
Көшүрме ойын - көшірме ойын. Бұл «он төрт» деп ойнайтын ойын. Жерге ғорғанға ұқсатып төрт сызық сызып, оған он есік ашылып, малақ тас, жанғақ, соған ұқсас нәрселерді тастап ойнайды.
Шығылбар - кішкене қысқа оқ.
Шевүрген — шыр айналдырған. Тырнағының ұшында садақ жебесін айналдырған адам. Жебенің түзу, салмағының тен бөлінгендігін анықтау үшін жасалады.
Махмуд Қашқаридың сөздігінен алынған жоғарыдағы деректерді бере отырып, осы деректерді ғылыми айналысқа енгізу арқылы қазақтың дене тәрбиесі мәдениетінің бұрыннан негізі қаланғандығын дәлелдеу басты мақсатымыз болып табылады.
Жаратылыста дене мүсінінін қалыптасуы барлық адамдардікі бірдей бола бермеген. Алайда, алғашқы адамдардың табиғатпен күрестегі әлсіздігі, аң аулауда кейде сәтті, кейде сәтсіз болатындығы және мүсінді-күштілердін нәзіктеріне қарағанда табиғат кесепатын, зардабын аз тартатындығы осының бәрі жеке бастың мүсін ерекшеліктерінде болды. Осыдан келе жараты-лыстан кесек тұлғанын табиғат апатына қарсы түрудағы рөлін адамзат сол кезде-ақ ұқты.
Бұл құбылыс бірте-бірте дами келіп саналы түрде кесек тұлға жасаудын бағытын қарастырып, жеке бастың өз бетінше мүсін немесе денесін шынықтыру жүйесін тудырды. Мундай жүйеленген дене шынық-тыру одан әрі дамып, қалыптасу барысында әр түрлі ойындар мен дене жаттығуларын тудырды. Осыдан барып тайпалардың аңға шығардағы жасаған дайындық жаттығулары кезінде "Қарагие" ойыны туды. Бұл ойынға ең злдымен шыдамдылқ керек, екіншіден мергендік керек, оған қоса көздеген затқа дәл тнгізе білу үшін қол күші керек, өйткені сырын жас ырғайдан немесе қайыңнан кесіліл дайындалады.
Алғашқы мемлекеттік бірлестік кезінде дамыған халық ойындары жас өспірімдердің бір ортада өмір суруіне және өзара қарым-қатынас жасауға себепкер болғандықтан бұл кезеңде қалыптасқан ойындардың көпшілігі түнде, далада ойнайтын ойындар қалыптпсты. Мысалы, ақсунек, алтыбақан, айгөлек, арқантартыс, соқыртеке, тағы басқа ойындар. Осы ойындар күні бүгінге дейін мәнін жоймаған.
"Ақсүйек" ойыны. Бұл ойын жас өспірімдердің жүгіріп, күш көрсетіп ойнайтын ойыны болғандықтан, өкпенің жұмыс қабілетін арттырып, дененің барлық мүшесін шынықтырып, баланы жүирікгікке, шап-шандыққа, батылдыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ қараңғыда жол табуға көзді жаттықтырады, төңіректі дұрыс бағдарлай білуге үйретеді.
Қазақтың ертеден келе жатқан спорттық дене шынықтыру оиындарының бірі, қазіргі бізге жеткені -"қазақша күрес". Екі топтан шыққан палуандар қоян-қолтық ұстасып, аяқтан шалу, жамбасқа түсіру, көтеріп алып жауырынға жатқызу, тағы сол сияқты айла-тәсілдер қолданып, бірінің-бірі жауырынын жерге тигізгенге дейш күрескен. Ортаға шыққан салмақ ерекшеліктеріне және жасының үлкен-кішісіне қарамай тек өздерінің білек күштеріне сентен халықтың "күш атасын танымайды" деген асыл сөзі осыдан қалса керек.
Палуандар күресі біткеннең кейін "жаяу жарыс" басталған. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмаған. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенін арасын жүгіріп өтулері керек болған. Жаяу жарысқа қатысушылар қандай қашықтыққа жүгіретінін білмеген, өйткені екі көмбе арасы өлшенбеген. Тек бертін келе мөлшермен өлшенген, ол шамамен'бір шақырымнан он бес шақырымға дейінгі қашықтық алынған. Жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған.
Аң мен құстын жүріс-тұрысын, қимылын, дауысын салып, еліктеу көне заман аңшыларының дәстүрлік ойын-сауықтарынан қалған белгі болса керек. Міне осындай негіздерде келіп қалыптасқан ұлт ойындарының бірі - "аңшылар". Жүргізуші күні бұрын белгіленген үлкен киіз үй орнындай шеңбердің бойына үш жерге қолдарына доп беріп үш ойыншыны тұрғызады. Бұлар - "аңшылар". Қалған ойыншылар "үйрек" болып ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүтіріседі. Ал тоқта деген кезде бәрі орындарында қозғалмай қалуға тиіс. Осы кезде "аңшылар" қолдарындағы доптарымен "үйректерді атқылай бастайды. "Аңшылар" атқылаған кезде үйректерге доптан бұлтаруга болады, бірақ тұрған орныннан жүргп кетуге болмайды. "Өлген үйректер" "аңшыны" алмастырады, ал үйректерге тигізе алмаған "аңшылар" доптарын алып, кайтадан атқылаулары керек.
Осылайша үш "аңшы" орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта басталады. Бұл ойынның екінші турында ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Бір тобы - "үйректер" шеңбердің ішінде қалады, екінші тобы — "аңшылар" шеңбер бойымен қатар тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша "аңшылар", "үйректі" атып ала бастайды. Ойын уақытпен ойналады. Белгілі уақыт өткеннен кейін "аңшылар" мен "үйректер" орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында көп "үйрек" атып алған "аңшылар" тобы ұтқан болып есептелінеді.
Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі халық арасында ең көп тарағандарының бірі — "Айгөлек" ойыны. Бұл ойынды ашық алаңда, таза ауада ойнай беруге әбден болады. Ойынға неғұрлым көп ойыншы қатысса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Халық арасында кең тараған бұл ойынға барлық жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер қатыса алады. Ойыншылар өзара екі топқа бөлінеді. Олар қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, арасы бір-бірінен 15-20 қадам карама-қарсы екі сызықтың бойында тізіліп тұрады. Екі жактың ойыншылары орталарынан бір-бір баладан бөліп, ойын басқаруды соларға тапсырады. Содан соң бір топтың кезек алған ойыншылары барлығы бір дауыспен өлеңдетіп:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгідең тер шығар,
Ақ терек пен көк терек,
Бізден сізге кім керек? - десе, екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шыгар,
Ақ терек пен көк терек,
Бізге мұнда Бекбай керек.
Осы аты аталған ойыншы жүгірген бетімен шақырған қарсы катардағы ойыншылардың біреуінің арасынан келіп қолдарын бұзып өтуі керек. Егер бұзып өте алмай қалса, онда карсы жақтың катарында қалады, ал бұзып өткен жағдайда сол екі ойыншының ұнатқанын өз тобына алып кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойыншылары таусылғанша ойнай береді, болмаса белгіленген уақыт аралығында қай топтың ойыншылары көп болса, сол жеңіске жетті деп есептелінеді.
Келесі бір ойыннын түрі ол "жаяу көкпар". Оның күні бұрын белгіленген жерде бозбалалар катысуымен өтеді. Ойнаушылар санына шек қойылмайды. Балалар көмбесі белгіленген түзу сызықтың бойына каз-қатар тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден бір мезгілде тура ұмтылған балалар 10-15 адымдай жерде жатқан көкпарды кім бұрын жеткені алып қашады. Қолында көкпары бар бала арасы белгілентен екінші көмбеге бұрын жетіп тастауы тиіс.Сөйтіп, көкпарды ешкімге бермей әкелсе, сол ойыншының ұтқаны. Бұл ойында көкпардың орнына әр түрлі затты қолдануға болады,
"Ұшты-ұшты" ойыны. Ойыншылар бір қатар сапқа тұрады. Жүргізушіге барлық ойыншылар қарап тұру керек. Ойын жүргізуші - ұшты-ұшты-ұшты, бөдене ұшты деп қолын көтереді, сол кезде ойыншылар тыңдап тұрады да, ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді, ал ұшпайтын затты ұшты деп қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойнаушьшар жаза тартады, ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса, онда жаза тартады, сондықтан ойын жүргізушінін әр айтқан сөзіне өте сақ болу керек. Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқасты-рып айтып, ойыншыларды жаңылтын отыруға тырысады. Мысалы: ұшты-ұшты-кекілік ұшты, ізінше екітік ұшты, қарғасырға ұшты, көбелек-ебелек ұшты, тауық үшты, қаршыға-қанжыға ұшты... деп жалғаса береді. Ойыншылар жазасы сол, олар саптан екі-үш адам шығып, ойыннан шығады. Ең сақ, қырағы ойыншылар жеңеді.
Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру жас организмнің дұрыс шынығуын, сұлу мүсінді, сымбатты тұлға болып өсуін реттейді. Онымен бірге жас өспірімдер ойын ойнаған кезде көпшілігі Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады.
1.2. Ертедегі қазақтың ұлттық ойындары
1. Шыдамдылық және күш арттыру ойыны
2. Қорғанға түсу
Ойнаушылар саны бестен 15-ке дейін болады. Ойын мына түрде орындалады: ойналатын жерге көлденеңі екі жарым метр дөңгелек сызық сызылады. Балалар сызықты айнала қол ұстасып тұрып, басқарушы белгі берген соң балалар бірін-бірі осы дөңгелек сыныққа итермелеп енгізеді. Сызыққа енген бала ойыннан шығарылып және дөңгелекте ақырындап кішірейтіліп отырады.Ойынның ең соңында екі ғана бала қалады және дөңгелек сызықтың ені кішірейіп,жарты метрдей ғана қалады.Ойында сонымен бітеді.
3. Елден-елден ел шабар
4. Жалғыз түрде жаралыларға жәрдем беру
5. Екеулеп жаралы адамды тасу
6. Батырлар соғысы
7. Екеу-екеуден болып күресіп ойнау
8. Артысып ойнау
9. Екі қолдан ұстап тартысу
10. Біріне бірі арқасымен тұрып тартысу
11. Арқан тартысу
12. Отырып аяқ тартысу
13. Цыған күресі
14. Шеңберден шығару тартысы
Ені 2 метрлік шеңбер сызып, сызықтың ішінде ойнаушы тұрады да, сызықтың шетінде екінші ойнаушы тұрады. Ойын басталғанда сызықтың ішіндегі ойнаушы сызықтың сыртындағы ойнаушыны сызықтың ішіне кіргізбеуте тырысады. Сызықтын шетінде тұрған ойнаушы, сызықтың ішіне өзі кіріп, сызыктың ішінде бұрыннан тұрған ойнаушыны шығарады, сонымен қайсысы жеңсе сонысы ұтады.
15. Таяқ тартыс......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Қазақтың ұлттық ойыны және дене тәрбиесі сабағында қолдану жолдарын анықтау және талдау жасау курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар дене шыныктыру жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]